Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Барыс септігі

20 мам 2017, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Барыс септік.
Қазақ тілі 4 – сынып (ашық сабақ)
Жалпы мақсатым: Барыс септігі туралы (сұрақтары, жалғаулары) туралы мағлұмат беру, сөйлемде етістіктен болған мүшемен тікелей байланысатынын, толықтауыш, пысықтауыш қызметтерін атқаратынын түсіндіру, зат есімнің септелуі туралы білімдерін жетілдіру; оқушылрадың ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту, сауаттылықтарын арттыру; адамгершілікке, мейірімділікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу, білім алуға деген құштарлықтарын арттыру, жауапкершілікті сезінуге баулу.
Күтілетін нәтиже: Барыс септігі туралы (сұрақтары, жалғаулары) туралы мағлұмат алады, сөйлемде етістіктен болған мүшемен тікелей байланысатынын, толықтауыш, пысықтауыш қызметтерін атқаратынын түсінеді, зат есімнің септелуі туралы білімдерін жетілдіреді; ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамытады, сауаттылықтарын арттырады; адамгершілікке, мейірімділікке, білім алуға деген құштарлықтарын арттырады, жауапкершілікті сезінуге тәрбиеленеді.
Сабақтың түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ - жауап, талдау, салыстыру, ажырату, топтау, ойын, баяндау, ізденіс әдісі, жазба жұмысы, өз бетімен жұмыс Көрнекілігі: оқулық, бағалау парақшасы. Тақта, бор, дәптер, фигуралар. АКТ. А - 4 парағы, тапсырмалар.

І. Ұйымдастыру
- Ынтымақтастық атмосферасы
Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап...
Балалар: Сәлем!
Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап...
Балалар: Сәлем!
Еске сақтап кеңесті, достарға сыйла...
Балалар: Сәлем!
Кел, қосылып айтайық бір - бірімізге...
Балалар: Сәлем!
- Жұпқа бөлу.
- бағалау фигурасын оқушыларға тарату.
- үй тапсырмасын сұрау.
38 - жаттығу. 124 - бет.
1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
2. Зат есім деген не?
3. Зат есімнің септелуі деген не?
4. Қазақ тілінде неше септік бар? Атап беріңдер.
5. Атау септігі. 6. Ілік септігі
Жұп бойынша Сөйлемдердегі қарамен жазылған сөздердің түбірі мен жалғауын тапқызып, сұрақтар қойдыра қай септіктікі екенін таптыру.

ІІ. Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту.
Атаң мен әжеңнің өз заттарын жинап бер
Мағынаны тану
1. Қына тасқа бітеді
Білім басқа бітеді.
2. Аталы сөзге
Арсыз жауап қайырар.
3. Ата - балаға сыншы.
4. Анам кесеге сүт құйып берді. 5. Айжан жатақханаға келді.
6. Әкеге қарап ұл өсер.
Шешеге қарап қыз өсер
Ережемен жұмыс
• Барыс септіктің сұрақтары: Кімге? Неге? Қайда?
• Барыс септіктің жалғаулары: - ға, - ге, - қа – ке
• Барыс септіктегі сөздер етістіктен болған мүшелермен байланысады.
• Сөйлемде толықтауыш (Кімге? Неге?), пысықтауыш (Қайда?) қызметтерін атқарады.
• Барыс септік жалғаулары сөз мағынасын өзгертпейді, тек сөз бен сөзді байланыстырып тұрады.
42 - жаттығу. Өздік жұмыс
. Берілген сөздерді барыс септігіне қойып, сөйлем құрап жаз.
Теңіз, ауыл, мал, мектеп, тай. М: Тай – тайға. Азамат тайға мінді.

«Көңілді күн «әуенімен билете сергіту.

43 - жаттығу. Ауызша орындату.
Сөйлемдерді оқытып сұрақтарға жауап алу.
46 - жаттығу. сөйлемдерді көшіріп жаздыру. Қатесіз әдемі жазуларын қадағалай сөйлем мүшесіне талдату.

Тексерілді: Оқу ісінің меңгерушісі – Ахметқалиева Б.
Бекітемін: Мектеп директоры - Темирбеков Б.

ШҚО, Тарбағатай ауданы,
Шолақорда ауылы, Б. Майлин орта мектебі. КММ
Бастауыш мұғалімі: Рысбекова Шынар Маулытханқызы
Толық нұсқасын жүктеу
14 145
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табыс септік
Табыс септік
Зат есімнің септелуі туралы біледі. Септік жалғауларын және сұрақтарын толық меңгереді. Табыс септіктегі сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінімен және оның жалғауларын біледі.
Барыс септік
Барыс септік
Зат есімнің септелуі туралы түсініктерін кеңейте түсу, өз бетімен жұмыс жасау арқылы барыс септік туралы білімдерін одан әрі кеңейте түсу. Сөйлеу кезінде септік жалғауларын дұрыс қолдана білу.
Зат есімнің септелуі. Тест
Зат есімнің септелуі. Тест
1. Көмектес септікте тұрған зат есімді көрсетіңіз. A) Дәптердің. B) Қызбен. C) Кітапты. D) Гүлдер. E) Балаға.
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмағалиева Нүргүл Қайыржанқызы
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Мирамкүл Жөлекеш
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Әбішеева Құрманкүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×