Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кім жүйрік!

27 қараша 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сыныптан тыс шара
Қазақ тілі
«Кім жүйрік!»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, ой - өрісін, білім деңгейін кеңейту.
Дамытушылық: түрлі әдіс - тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, тілге деген шеберліктерін жетілдіру.
Тәрбиелік: оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру, Отанын, туған жерін, елін сүюге, халық дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, қазақ тілі, математика, дүниетану
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кеспе қағаздар.
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп, төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл, дұрысы -
Мемлекеттік тілді білген жөн болар.
Бүгінгі сайыс сабағымыз мынадай кезеңдерден тұрады:
1. Сөз мәйегі – мақал.
2. Тұрақты тіркес мағынасын ашу
3. Шығарманың атын тап
4. Білгенге - маржан
5. Кім жылдам? (ребус шешу)
6. Суреттер арқылы сипаттау мәтінін құрау
7. Бір - біріне сұрақтар қою
Үш топ: Зерек тобы Батыр тобы Өнер тобы
Әр топ өздерін таныстырады ұрандарын айтады.
Зерек тобының:
ұраны «Ана тілі – асыл нәрі бабамның»
Өнермен өрге шығар білетіндер,
Сайыста білімдімен белдесіңдер
Батырлар, Өнерлер қабыл алшы,
Сәлем беріп тұрған Зеректілер.
Батыр тобының: Ұраны «Ерлік - ел мұраты»
Батырлар танылады даңқыменен,
Батыр боп бабалардың салтыменен.
Қарсылас командалар жеңе алады,
Білімпаз батырлықтың қалпыменен.
Өнер тобының: Ұраны «Өнер алды – қызыл тіл»
Құлақ салып тыңдап қал,
Өнер деген жұмбақ бар.
Шеттерінен қырағы команданың ұланы,
Өнермен өрге өрлеп, биік шыңға шығады.

І кезең. «Сөз мәйегі – мақал»
Тапсырма: Берілген тақырыптарға байланысты мақалдар айту. Ең көп мақал айтқан оқушыларға ұпай беріледі. Мақал айтсаң жол көрсеттің, мәтел айтсаң жанымды жайландырдың» демекші, енді кезек әр топ мақал айту.
Тақырыптар: «Отан, туған жер», «Еңбек, тіл», «Білім, оқу»
Ана сүтін ақтамағанды….............(Ешкім мақтамайды)
Жақсы туса – ел ырысы.............(Жауын жауса – жер ырысы)
Балапан ұяда не көрсе..........(Ұшқанда соны іледі)

ІІ кезең. «Тұрақты тіркес мағынасын ашу»
Ұлылардың ұрпағымыз кешегі, ой қалдырған, сөз қалдырған еселі. Сен білесің бе? Сайыс енді тосады. Тұрақты тіркес мағынасын ашады.
І топ Зеректер.
1. Тілдің ұшында тұр –(ұмыту, жеткізе алмау)
2. Қас пен көздің арасында -(лезде, тез жылдам)
3. Төбесі көкке жетті –(қуану)
4. Қабағыңнан қар жауды – ашулану)
5. Бетіңнен оты шықты –(ұялу)

ІІ топ Батырлар.
1. Ай десе аузы, күн десе көзі –(әдемі)
2. Көзді ашып жұмғанша –(тез лезде)
3. Таяқ тастам жер –(жақын)
4. Тайға таңба басқандай –(анық, нақ)
5. Ақсақ қой түстен кейін маңырайды – (кеш, жай)

ІІІ топ Өнерлер.
1. Сақалын сипап қалу –(алдану)
2. Жүрек жалғап алу –(дәм тату)
3. Қол ұшын беру –(көмектесу)
4. Жүрегі тас төбесіне шықты –(қорықты)
5. Қой аузынан шөп алмас -(жуас)

ІІІ кезең. Ойлан, тап (Шығарманың атын тап)
Тапсырмалар:
1. Жақсылыққа жамандық бар, мен иемнің күні - түні ұйықтамай мүлкін, малын, өзін бағып қызмет қылып еді, ақырында мен қартайып аурулы болған соң, ұрып, қуып жіберді кімнің айтқаны және тақырыбы, авторы не? баланың айласы. Ы Алтынсарин.
Таза бұлақтағы мақал мәтел қандай?
2. Айналайын, қарағым қыз да болсаң, мұрамды ұстарлық болып туыпсың. Көп жаса, қызым, көп жаса! Деген кімнің шығармасы.»Халыққа жеткіз күйімді. Әбу Сәрсенбаев»
Бір кесе меруерттегі мақал мәтел
3. Жан - жануар адамзат анталаса, ата - анадай елжірер күннің көзі. «Абай жазғытұрым»
Күз айының шуақты бір күні еді. Сәске кезінде бір топ киік өзінің ересек лақтарын ертіп суатқа келді. (Киіктің айласы Әуелбек Қоңыратбаев)

ІҮ кезең. «Білгенге – маржан, білмеске арзан»
1. Сөз таптарын ата?
2. Сөйлем деген не?
3. Етістік нені білдіреді?
4. Мәтіннің қандай түрлері бар?
5. Сөйлем мүшелері деген не?
6. Бастауыш деген не қандай сұрақтары бар.
7. Қаратпа сөз деген не?
8. Ұяң дауыссыз дыбыстарды ата?
9. Жуан дыбыстарды ата, және дауысты дыбыстар нешеу?
10. Сөз мағынасы нешеге бөлінеді?
ІІ топ
1. Сөз құрамы неден тұрады?
2. Зат есімнің тәуелденуі?
3. Сын есім нені білдіреді?
4. Күрделі етістік деген не?
5. Баяндауыш деген не?
6. Тұрлаусыз мүше деген не?
7. Қатаң дауыссыз дыбыстарды ата?
8. Туынды және негізгі зат есімдер
9. Буын дегеніміз не нешеге бөлінеді? Буын үндестігі, дыбыс үндестігі
10. Жіңішке дауысты дыбыстарды ата?

ІІІ топ
1. Зат есімдер нешеге бөлінеді сұрақтары қандай? Мыс келтір
2. Болымды болымсыз етістік деген не?
3. Үнді дауыссыз дыбыстарды ата? (л, м, н, р, и, у)
4. Тұрлаулы мүшелер қандай?
5. Сөз және оның құрамы
6. Жалқы, жалпы есім дегеніміз не?
7. Жалаң және жайылма ережесін айт
8. Біздің мектеп және мектеп директоры кім?
9. Сөйлем мүшелері деген не?
10. у дыбыс қай кезде дауысты, дауыссыз бола алады?
Ү кезең. Кім жылдам? (Ребустар шешу)

№ 26 Жамбыл Жабаев атындағы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Айымбетова Р. Ж.

Кім жүйрік жүктеу
11 686
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
22 қыркүйек күнгі тіл мерекесіне арналған "Қазақшаңыз қалай?" ойын - сайыс
22 қыркүйек күнгі тіл мерекесіне арналған "Қазақшаңыз қалай?" ойын - сайыс
Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру.
Тіл - ұлт қазынасы
Тіл - ұлт қазынасы
Қазақ тілінде ауызекі тілде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын, ой өрісін дамыту.
"Тіл  білгірі" сайысы
"Тіл білгірі" сайысы
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, №7 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмажанқызы Тұрсын
Қазақшаңыз қалай?
Қазақшаңыз қалай?
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйтерек ауылы, Әл - Фараби атындағы орта мектеп Шынтаева Рауан Жайлаубекқызы
Тіл білгірі
Тіл білгірі
Қарағанды облысы, Шет ауданы, "Қызылқой жалпы орта білім беру мектебі" бастауыш сынып мұғалімі Кадирбаева Бекзада Жаксыгелдыкызы
Қазақшаңыз қалай?
Қазақшаңыз қалай?
Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебінің бастауыш сыныбының мұғалімі Макуова Нұршат Аманқосқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×