Қазақстанның
білім беру порталы.

Бастауыш сынып оқушыларының ана тілі сабақтарында шығармашылық қабілетін дамыту жолдары.

18 шілде 2019, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Бастауыш сынып оқушыларының ана тілі сабақтарында шығармашылық қабілетін дамыту жолдары.

Мақсаты: Оқушылар бойындағы шығармашылық қабілеттерін анықтай отырып, бала бойындағы рухани адамгершілік құндылықтар арқылы түрлі іс - әрекетін қалыптастыру. Балалар бойындағы шығармашылық қабілеттің белгілерін анықтау жолдарын іздестіру, қиындықтар мен қарама - қайшылықтарды есепке алу.

Міндеті:
1. Оқушылардың бойында жасырын жатқан қабілеттерін шығармашылық жұмыстар арқылы жарыққа шығару;
2. Оқушы бойындағы дара ерекшеліктерді анықтау және жүйелеу.
3. Қазіргі заман талабына сәйкес жаңа технологиялар негізінде оқушылардың шығармашылық деңгейін көтеру.

Күтілетін нәтиже:
1 Ойы, қиялы, есте сақтау қабілеті дамиды.
2. Шығармашылық қабілеті артады.
3. Қоршаған ортаны танып біледі.
4. Дүниетанымы, ой - өрісі кеңейеді.
5. Рухани адамгершілік құндылықтарды бағалауға үйренеді.
6. Өз ой - пікірін ашық, еркін айта білуге төселеді.

Қазіргі заман талабы - ғылым мен техниканың деңгейін әрбір оқушыға саналы да терең білімнің берілуін талап етеді. Сондықтан да мектептегі оқу үрдісінің негізгі мақсаты - әртүрлі педагогикалық әдіс - тәсілдермен жүйелі түрде оқушылардың шығармашылық ойларын дамытып, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру болып саналады. Ертеңіне лайық ұрпақ тәрбиелемеген елдің келешегі жоқ десек, сол ұрпақты тәрбиелеудегі ұстаз еңбегі ұлы еңбек. «Ұстазын сыйламаған елдің ұрпағы азады»- дейді халық даналығы. Бастауыш сынып оқушысы тұлғасы мен санасының дамуы қатар жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім - үздіксіз білім берудегі алғашқы басқышы қиын да жауапты кезең.
Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала ешқандай жазу түспеген ақ парақ тәрізді. Ол кіршіксіз ақ параққа жазуды қалай түсіру сол баланың алғашқы
ұстазына байланысты. Себебі айнала қоршаған ортаны, дүниені әлі танып білмеген балаға айнала қоршаған орта туралы түсінік беріп, оқу, жазуға үйретіп, айналаға зер сала қарап, мәнін түсінуге баулитын білім, ұғымдар мектеп өмірінің алғашқы

сатысында қалыптасады. Осы сәттен бастап оқушы мен ұстаз арасында белгілі бір қарым - қатынас арқылы бірлескен жүйелі жұмыс жолға қойылады. Осындай нәтижеге бағытталған жүйелі жұмысты жүргізуде әрбір ұстаз балаға бала көзбен қарай алатын, баламен балаша тіл табыса алатын, терең білімді, жаңалыққа жаны құмар, ізденуден жалықпайтын, еңбексүйгіш болуы қажет. Ұстаз еңбегі - оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Алдына келген әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр. Бала мектеп табалдырығын алғаш аттап, жаңа өмірге бейімделе бастағаннан бастап баланы шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Шығармашылық - бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі.

Шығармашылық дегеніміз - адамның өмір шындығына, өзін - өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Шығармашылықтың негізгі сипаты жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылу деп айтуға толық негіз бар. Шығармашылық әрекетке оқушының мәселені көре білуі, өз іс - әрекетінің бағдарламасын жасай білуі және ойды іске асыру үшін жаңа идеялар алуы жатады. Жалпы шығармашылық туынды өмірге келгенге дейін ұстаз оқушының өнеге тұтар ақылшысы, пікірлес досы, бапкері болуы тиіс. Баланың шығармашылы, жетістігі әруақытта ұстаз, сынып ұжымы, ата - аналар тарапынан қолдау тауып отыруы тиіс. Сондықтан баланы шығармашылыққа баулуда ұстаз бойында мына қасиеттер болуы керек.
 Мұғалім өз шәкіртінің басқаға ұқсамайтын қасиеттерін аша білуі керек;
 Мұғалім, ой - өрісі кең, жан - жақты білімдар, өз мамандығының шебері болуы керек;
 Мұғалім өз білімін өз бетінше үздіксіз шыңдай түсуі қажет;
 Мұғалім оқушының кішкене жетістігін байқап, аңғарымпаз болуы қажет;
 Мұғалім оқушының жетістігіне бірге қуанып, мадақтап қолдап отыруы қажет;
 Мұғалім күнделікті сабағын жаңа технология әдіс - тәсілдерін тиімді пайдаланып, шығармашылықпен өткізуі қажет;
Ал ұстаз шәкірттерінен мына төмендегідей қасиеттерді күтеді.
 Оқушы ой - жүйесі өзінің біліміне берік болуы тиіс;
 Оқушыда сабаққа деген құлшыныс тұрақты болуы керек;
 Оқушы білімі, талғамы барлық пәнге дұрыс көзқараста болғаны жөн;
 Оқушы білімінің тереңдігі пәнаралық байланыста болғаны жөн;
 Оқушы өз пікірін жеткізуде ойын жинақтап жүйелі түрде айтуы тиіс;
Бастауыш сынып оқушыларының ана тілі сабақтарында шығармашылық қабілетін дамыту жолдары. жүктеу
108
0
  • 0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Баяндама. Логикалық тапсырмаларды бере отырып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Баяндама. Логикалық тапсырмаларды бере отырып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін - өзі тануға ұмтылу, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өмірден өз
Дарынды балалармен жұмыс жоспары
Дарынды балалармен жұмыс жоспары
Бұл білімді қоғамдық жағынан көрсетуді жүргізудің бір құралы. Ғылыми зерттеу дегеніміз - ғылым әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, белгілі бір нысан жөнінде жаңа білім қалыптастырумен аяқталатын жүйелі және арнайы мақсатқа көзделген нысандармен танысу.
Оқушылардың сауаттылығын арттыру жолдары
Оқушылардың сауаттылығын арттыру жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының тіл байлығын дамыту барысында жұмыстарды ұйымдастыру арқылы сауаттылығын арттыру; Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қазіргі қоғам талабына
Оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту
Оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту
Оқушылар тапсырмаларды логикалық тұрғыдан ойлап, шешу жолдарын қарастырады, есте сақтау қабілеттері дамиды. Логикалық тапсырмалар қарапайымнан басталып күрделене береді, баланың шығармашылық қабілеттері дамиды.
Мектепішілік олимпиада есептері
Мектепішілік олимпиада есептері
Шалхарбаева Алтынгүл Мұратқызы Математика пәнінің мұғалімі Қашаған Қүржіманұлы атындығы орта мектебі Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы
Оқушы шығармашылығын дамытудың алғы шарттары және сыныптан тыс жұмыстар
Оқушы шығармашылығын дамытудың алғы шарттары және сыныптан тыс жұмыстар
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі: Шалқарбаева Алтынгүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.