Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сәбидің дүниеге келуіне байланысты өлең-жырлар

23 қаңтар 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Базарова Ақкенже Мырзақызы
Астана қаласы
№53 мектеп - лицей
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Сәбидің дүниеге келуіне байланысты өлең-жырлар

Сабақтың мақсаты: Білімділік мәні. Сәбидің дүниеге келуіне байланысты өлең-жырларды оқыта меңгерту.
Тәрбиелік мәні: Жаңа ғасыр ұрпағы дені сау, рухы мықты, ұлтжанды, ана тәрбиесін бесіктен көрген азамат болып өсуге үйрету.
Дамытушылық мәні: Халықтық тәлім-тәрбие тұрғысынан кешегі мен бүгінгіні салыстыруға, баспасөз материалдары арқылы жаңаны ой-өрістен өзгерістерін қорытынды шығаруға үйрету.

Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілі: Топтастыру, ой-толғау, сұрақ жауап.

Сабақтың көрнекілігі: 1. Тақтаға сызба нұсқалар ілінеді
2. Ұлағатты сөздер жазылған плакат.
3. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы.

Сабақ барысы: 1. Тақтаға «Бала тәрбиесі бесіктен» деген жазуы бар плакат ілінеді. Сонымен қатар, Көмек Ыбыраевтың өлеңі ілінеді.
Қайта оралмас жас күнің,
Бұл атам сөзі күндегі.
Қазақтың салтын, дәстүрін,
Жалғастыр, балам, ілгері.
Сабақтың ұранынан соң сын тұрғысынан ойлаудың ішкі құрылымы 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі ілінеді.

Сын тұрғысынан ойлау
Қызығушылықты ояту Мағынаны тану Ой толғаныс
1. Ой қозғау 1. Мәтінмен жұмыс «Түртіп өзіне, басқасын көзбен алу» қарау.
2. Топтастыру V - білімін 1. түсініктеме күнделігі
+ жаңалық
(жаңа ақпарақ ) 2. Еркін жазу әдістері
? мені таңқалдырады

1. Қызығушылықты ояту кезеңі
Тақтаға төрт жолды өлең жазылады, бұл өлең мағынасына қарай қандай тұрмыс-салт өлеңі? Әлди, бөпем, әлди ай!
Айналайын шырағым
Көлге біткен құрағым.
Жағамдағы құндызым,
Аспандағы жұлдызым
Әлди, бөпем, әлди ай!
Бұл кімнің махаббаты?

2. Топтастыру Еліңді жаудан қорғай біл
Мал бақ
Елін қорғаушы
Бесік жырының тілегі
Дені сау
Кәсіп қу
Өнерлі
Еңбек сүйгіш

2. Мағынаны тану. Жигсо
Бала туралы ------- Ырымдар -------- Тиым сөздер ------------ Қолданылу кезеңдері
Нәрестенің дүниеге келуі
12 – 14 айлық бала
1 - 1, 5 жасындағы бала
Бала 4 - 5 жасқа толды Азан шақырып ат қою
«Шілдехана» жасау
«Жарыс қазан»
«Қалау»
«Тұсау кесу»
«Тілашар» тойы
«Атқа мінгізу тойы»
«Ала жіпті аттама»

«аты сүрінбесін» «жау шаппасын» «ұрыс іздеме»
Қазіргі таңда халық арасында кең етек алған әлі күнге дейін сақталған.
Ел арасында көп кездеспейді.
Қазіргі кезде қолданылады
Көп кездеспейді

Әрбір топқа бос тақырыпшалары жазылған парақшалар таратылады. Сол парақтың бос жерлерін бір-бірімен ақылдаса отырып толтырып шығады, содан соң, бір оқушы (топ басшы) шығып қорғайды.

«Түртіп алу» жүйесі
Білемін
V Білдім
+ Білгім келеді
? Білмейтінім
«Шілдехана», «Тұсау кесу», «Тілашар» туралы білдім «Атқа мінгізу» туралы білдім Бұдан басқа ырым салттарды білгім келеді.

3. Ой толғаныс
І топ -« Мен – анамын»
ІІ топ - «Салт-дәстүрді жеткізушімін»
ІІІ топ -«Кубизм» стратегиясы бойынша салт-дәстүрлер
IV топ - ырымдарды сипаттап жазу
Оқушылардың жазған «Мен салт-дәстүрді жеткізушімін» атты ой толғауларынан мысал.

Мен ұлттық дәстүрді насихаттаушы боламын. Шыққан тегім халық, соның ішінде қазақ халқының салтын, ырымын қорғаушысы десем де болады.
Жас сәби шыр етіп дүние есігін ашқанда оның бойына ұлттық қазынаны құямын. Ұлттық мәңгүрттіктен сақтап, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрді мол білуге үйретемін. Тілің барда салт-дәстүрің де салтанат құрмақ. Оған бар күш жігеріңді салсаң болғаны!

4. Оқушылардың бүгінгі сабақ туралы ойларын тыңдау.
Үйге: 1, 2 топқа «Салт-дәстүрді білу – ескіліктің белгісі емес пе?» өз ойын жазып келу.
3, 4 топқа: «Бұл ырымдарды көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек» пікірталас сұрақтар ұйымдастыру.
19 694
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сәбидің дүниеге келуіне байланысты өлең – жырлар
Сәбидің дүниеге келуіне байланысты өлең – жырлар
Сәбидің дүниеге келуіне байланысты өлең – жырларды оқыта меңгерту. Жаңа ғасыр ұрпағы дені сау, рухы мықты, ұлтжанды, ана тәрбиесін бесіктен көрген азамат болып өсуге үйрету. Халықтық тәлім – тәрбие тұрғысынан кешегі мен бүгінгіні салыстыруға,
Сәбидің дүниеге келуіне, үйлену салтына, көңіл - күйді білдіруге байланысты өлең - жырлар
Сәбидің дүниеге келуіне, үйлену салтына, көңіл - күйді білдіруге байланысты өлең - жырлар
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Матниязова Айнур
Лиро-эпостық жырлар. Қыз жібек
Лиро-эпостық жырлар. Қыз жібек
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Теңіз ауылы Теңіз негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мусина Балдырған Әлиқызы
Ырықсыз етіс
Ырықсыз етіс
Астана қаласы №53 мектеп - лицей мұғалімі Базарова Ақкенже Мырзақызы
Дара сөздер мен күрделі сөздер
Дара сөздер мен күрделі сөздер
Базарова Ақкенже Мырзақызы Астана қаласы, №53 мектеп - лицей қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Күшейткіш  үстеу
Күшейткіш үстеу
Базарова Ақкенже Мырзақызы Астана қаласы, №53 мектеп – лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×