Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Еңбекпен тапқан тиын

26 сәуір 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: «Еңбекпен тапқан тиын»
(грузин ертегісі)
Мақсаты:
а) білімділік: Ертегі мазмұнын әңгімелеу, ертегіні өз ойларымен жалғастыруға, рөлге бөліп оқуға және сахналауға үйрету. Жалқаулыққа, еңбекқорлыққа байланысты мақал - мәтелдердің мән - мағынасын ұғындыру.
ә) тәрбиелік: Ертегі мазмұнымен таныстыра отырып, оқушыларды еңбексүйгіштікке, үлкенді тыңдауға, жалқаулықтан аулақ болуға тәрбиелеу.
б) дамытушылық: Шығармашылық тапсырманы орындата отырып, оқушылардың ой - өрісін дамыту, актерлік шеберліктерін, дұрыс сөйлеу әдебін қалыптастыру.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: топтастыру, үш қадамнан тұратын сұхбат, әңгіме кестесі
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, сюжетті суреттер, мақал - мәтелдер
Пәнаралық байланыс: еңбек, сурет, математика, дүниетану

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сабаққа назар аудару.
Оқушыларды түгелдеу.
Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!- деп ақын Қ. Мырзалиев жырлағандай, ана тілі сабағын бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Жекен Жұмаханов «Ер еңбекте сыналады»
«Үш қадамнан тұратын сұхбат» әдісі бойынша үй тапсырмасын тексеру.
«А» (сұхбат алушы)
1. Құрылыс жұмыстарына қажетті қандай көлік түрлерін білесіңдер?
2. «Бәрін бітірген өзім» деп мақтанған қай көлік еді?
3. Көтергіш кранның жұмысы қандай?
4. Мақтаншақ машина қандай жағдайға тап болды?
5. Көтергіш кран қандай көмек көрсетті?
6. Мақтаншақ машинаға көтергіш кран қандай ақыл айтты?

«В» (жауап беруші)
1. Көтергіш кран, жүк машинасы, трактор, т. б
2. Зауыттан жаңа шыққан жүк машинасы мақтанғанда жер - көкке сыймайды.
3. Көтергіш кран әлденеше бөренелер мен ағаштарды жоғары көтереді.
4. Жауын-шашыннан құрылыс маңайы лайсаң батпақ болып, сол жерге жүк машинасы батып қалады.
5. Кран ұзын мойнын бұра келіп, шұңқырда тұрған машинаны жоғары көтеріп әкетті.
6. Жүк көтергіш машинаны дөңес жерге шығарып тұрып:
- Балақай, бұдан былай мақтанба, әркімнің өз өнері, өз орны бар. Бәріміз де тек құрылысшының көмекшісіміз,- деді.

«С» (жинақтаушы)
«Ер еңбекте сыналады» деп бекерге айтылмаса керек. Өйткені әрбір тіршілік иесі өзіне тиесілі жұмысты жауапкершілікпен, сүйіспеншілікпен жасаса, жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Мақтаншақтықтан, ұқыпсыздықтан, жалқаулықтан арылмайынша, жұмысың алға баспайды. Сондықтан өзіңе тапсырған істі мұқият, тындарымды етіп орындау керек. Еңбек ер атандырады.

ІІІ. Өткен сабақты бекіту:
Қызығушылықты ояту.
«Галереяға саяхат» әдісі бойынша мәтін мазмұнына сай салған суреттер топтамасынан мультфильм жасау, салған суреттерін қабырғаға іліп, сол жайында әңгімелеу.
ІҮ. Жаңа сабақты меңгерту:
Мағынаны тану.
- Қазір көбейту амалдарын орындау арқылы сабағымыздың негізгі тақырыбын ашып алайық. Көбейту амалын орында, нәтижесіндегі шыққан сандарды өсу ретімен қой.

48: 8 ----- 36: 4 ------- 25: 5 ------- 24: 6 ------ 3: 3 -------- 6*0
г ----------- і ------------- е ------------ т ----------- р ----------- е

48: 8 = 6
36: 4 = 9
25: 5 = 5
2 4: 6 = 4
3: 3 = 1
6*0 = 0
0 - е ----- 1 - р ----- 4 - т ----- 5 - е ----- 6 - г ----- 9 - і

Қандай сөз шықты?
Ертегі

Қиял - ғажайып ертегілер
Жан - жануарларға
Шыншыл ертегілер

Әр ертегі түрлеріне мысалдар келтіру.
- Балалар, ендеше бүгін біз «Еңбекпен тапқан тиын» атты грузин халқының ертегісімен таныс боламыз.
Ү. Оқулықпен жұмыс:
1. Ертегіні ЖИГСО - 1 (аквариум) әдісі бойынша оқу.
2. Ертегіні рөлге бөліп оқу.
ҮІ. Оқушылармен жүргізілетін шығармашылық жұмыстар:
1. Ертегіні әрі қарай жалғастырып көр.
2. Ертегіні сахналаңдар.
ҮІІ. Дәптермен жұмыс:
Ертегіге сүйеніп балаға мінездеме бер.
Бала

ҮІІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Ой толғаныс.
- «Еңбекпен тапқан тиын» ертегісі ертегінің қай түріне жатады деп ойлайсыңдар?
Тұрмыс - салт ертегісі. Себебі бұл ертегіде баланың ақшаны өз еңбегімен тапқаны жөнінде айтылады. Осы ертегі мазмұнына сай қандай мақал - мәтел білесіңдер?
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
Кім еңбек етсе, сол тоқ. т. б.
ІХ. Жаңа сабақты қорытындылау:
«Әңгіме кестесі»

Ертегінің аты
Ертегі қай елдікі?
Кейіпкерлері
Ана мен баланың іс - әрекетіне өз көзқарасың
Ертегі немен аяқталды?
Нені үйрендің?

Х. Үйге тапсырма:
1. Ертегіні түсініп оқу
2. Кейіпкерге хат жазу
ХІ. Балаларды мадақтау.
13 329
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Егінші мен қасқыр
Егінші мен қасқыр
Ас атасы - нан, нанның адам өміріндегі ең маңызды ас екендігін, оның оңайшылықпен келмейтіндігін ертегі мазмұны арқылы айтып ұғындыру.
Еңбекпен тапқан тиын
Еңбекпен тапқан тиын
Рөлге бөліп, оқуға төселдіру. Ертегіні сахналап көрсету. Сұрақ қою арқылы жан - дақты ойлауға үйрету. Дүниетанымын кеңейту, ойлау қабілеттерін, шығармашылық қиялдарын дамыту.
Еңбекпен тапқан тиын (грузин ертегісі)
Еңбекпен тапқан тиын (грузин ертегісі)
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, № 5 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Абдуллаева Қарлығаш
Еңбекпен тапқан тиын
Еңбекпен тапқан тиын
Атырау қаласы, Амангелді атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Құрманғалиева Динара
Бердібек Соқпақбаев. Ағаштар неге ашуланды?
Бердібек Соқпақбаев. Ағаштар неге ашуланды?
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекетінің негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Үсенова Баян Алдабергенқызы
Еңбекпен тапқан тиын
Еңбекпен тапқан тиын
Темиртаева Калдыкул Мейрамбековна Бастауыш сынып мұғалімі №53 мектеп-лицей Астана қаласы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×