Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұрын – иіс сезу мүшесі

13 қараша 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Мұрын – иіс сезу мүшесі
Тіл – дәм сезу мүшесі.
Сабақтың мақсаты: Сезім мүшелерінің құрылысы мен қызметі туралы
түсінік беру. Олардың адам өміріндегі маңызы.
Дамытушылық: Баяндау, түсінігін айта білу, ойлау қабілетін арттыру, жұмбақ шешу, сахналау, дәлелдеу.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, таза жүруге, сезім мүшелері, гигиена ережелерін пайдалана білуге үйрету, тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Видеопроектор, суреттер, тест, карточкалар, ребус, слайд, т. б.
Әдісі: Сұрақ – жауап, ойын, көрнекілік.
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыруы
Сабаққа оқушылардың дайындығын тексеру.

2. Психологиялық дайындық.
Айналаға алақанмен,
Жылылықты шашайық,
Сәттілік тілеп, күлімсіреп
Біз сабақты бастайық.

3. Үй тапсырмасын тексеру.
- Көру мүшесінің негізгі қызметін атау.
- Есту мүшесі туралы айту.
- Көзді, құлақты күтудің ережелерін айту.
- Слайдтан суреттер көрсету.

4. Жаңа сабақ
Балаларға көрсетпей, шүберек жағу, әтір, иіс су себу.
- Не байқадыңдар?
- Жанған шүберектің иісін, әтірдің иісін сездік.
- Дұрыс. (Иіс сезу мүшесі – мұрын туралы айту)
- Балаларға айран мен балдың дәмін таттыру.
Не байқағандарын сұрау.
- Бал – тәтті, айран – ащы екенін сездік.
- Дұрыс. (Дәм сезу мүшесін – тіл туралы айту)
(Слайдтан сөздерді оқу)

5. Тыныс алу мүшелерін сақтау және суық тию ауруының алдын алу шаралары.
*жаурап қалма. Жылы киініп, жылы жүруге тырыс.
*Дымқыл аяқ киім мен киімді киюге болмайды.
*Тұмаудан сақ бол. Жөтелетін және түшкірген адамдардан қашық жүр.
Есте сақта!
Темекі тарту иіс сезу мүшесін нашарлатады.
47 – бет. Сен білесің бе? (Оқушыларға оқыту)
Сергіту сәті.
Мынау – менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған,
Мынау – басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің – оң қолым,
Мынау менің – сол қолым,
Барлық істі атқарған.
Оқулықпен жұмыс. (Оқушылар іштей оқиды.)
Дәптермен жұмыс.
47 беттегі Есіңе сақта! Сен білесің бе? Жазу.
Сарамандық жұмыс. Ойын ойнау. «Не байқадың? Не білдің?»
1. Көзіңді жұмып, түрлі заттардың иісін анықтап көру.
Қорытынды жасау.
2. Көзіңді жұмып, түрлі тағамның дәмін анықтау арқылы аттарын
атап қорытынды жасау.
Ой толғаныс. Ребус шешу.
- Ребусты шешсеңдер, мақал шығады.
Жауабы: тіл қылыштан өткір.
- Тағы қандай тіл туралы мақал білесіңдер.
Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл.
- Тіл туралы өлең айту.
Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің теңдігің
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың елдігің.
Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.

- Біздің мемлекеттік тіліміз? – Қазақ тілі.
- Біз қандай елміз? – Тәуелсіз.
- Тәуелсіздігімізге неше жыл болды? – 20 жыл.

Қорытындылау. Тест сұрақтары.
1. Көру деген – бұл,,
А) Әдемі көзілдірік. Ә) Дүниеге көзқарас.
Б) Әдемі көз. В) Алыстан, жақыннан көру.
2. Құлақ адамға........... қажет.
А) Ертегі тыңдау. Ә) Ыстықтан қорғауға.
Б) Тыңдағыштарды құлаққа салуға. В) Тепе – теңдік қалыпты сақтауға.
3. Мұрын...... ағзасы.
А) Иіс сезу. Ә) Есту. Б) Дәм тату. В) Дәм сезу.
4. Тілді........ керек.
А) Күте білу. Ә) Тығу. Б) Көрсету. В) Шығару.

Үйге тапсырма: Мұрын, тіл туралы айту.
Бағалау.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Қайыржанова Жұмагүл
11 337
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің кішкентай көмекшілерім
Менің кішкентай көмекшілерім
Балаларды көз құлақ мұрын тіспен таныстыра отырып дене мүшелері туралы білімдерін жетілдіру.
Сезім мүшелері (көз, құлақ, мұрын, тіл, тері). Олардың адам өміріндегі маңызы мен қызметі
Сезім мүшелері (көз, құлақ, мұрын, тіл, тері). Олардың адам өміріндегі маңызы мен қызметі
Салауатты өмір салтын сақтауынан, өз - өзіне қызмет етуінен, өз организмін күтуінен; Жүйелі - әрекеттік нәтижелер: танымдық, зерттеушілік, жобалаушылық, шығармашылық тұрғыдан жұмыс істеу білігінен көрініс табуы қажет.
Сезім мүшелері: көз, құлақ, мұрын, тіл, тері
Сезім мүшелері: көз, құлақ, мұрын, тіл, тері
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қаратал орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сейфульдинова Гүлбану Сембіқызы
Сезім мүшелері. Көз – көру мүшесі
Сезім мүшелері. Көз – көру мүшесі
Атырау қаласы Еркінқала селосы Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бисембаева Күнсұлу Ерсайынқызы
Сезім мүшелері - анализаторлар
Сезім мүшелері - анализаторлар
Ы. Алтынсарин атындағы №204 орта мектептің биология пәні мұғалімі Бисенбаева Жанна
Сезім мүшелері
Сезім мүшелері
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №5 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Сарина Мереке Амантайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×