Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қосмекенділер класы

24 ақпан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: Қосмекенділер класы. Жалпы сипаттамасы. Бақаның сыртқы және ішкі құрылысы.
Сабақтың мақсаты: Кластың жалпы сипаттамасын, бақаның құрылыс ерекшеліктерін, қоректенуін, жаңа тақырыпты меңгеру.
Сабақтың міндеті: Өз ойларын ашық айту, дәлелдеу, топтық тапсырмалар барысында ұқыпты, тәртіпті болу. Өздігінен ізденуге ынталану.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар қосмекенділер класының жалпы сипаттамасын, бақаның сыртқы ішкі құрылысын, тіршілік әрекеттерін меңгереді. Өз білімдерін жүйелей алады.
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: СТО, ОЖТ, ОүБ, ОБ, көшбасшылық, АКТ - ны пайдалану.
Пәнаралық байланыс: сурет, қазақ тілі, тарих.
Сабақтың көрнекіліктері: Бағалау парақшалары, смайлигтер, постер, стикерлер, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
а) Сәлемдесіп, сабақтың тақырыбы, мақсат – міндеттерімен таныстыру.
ә) Топқа бөлу.
б) Үй тапсырмасын сұрау.

2. Қызығушылықты ояту.
1. Қалай ойлайсыңдар неліктен қосмекенділер деп аталған?
2. Қандай қосмекенді жануарды білесіңдер?
3. Ол қалай тіршілік етеді?

3. Мағынаны тану.
1. Білу. Бұл сатыда оқушылар қосмекенділер туралы білетіндерін еске түсіреді. Түрлерін ата, мекен ортасын анықта, сәйкестендір.
2. Түсіну. Оқушылар жәйттер мен идеялардың мағынасын түсінгенін көрсетеді. Түсіндір, өз сөзіңмен айт, көрсет, анықта.
3. Қолдану. Білген, түсінген білімдерін түрлі жағдайда қолданады.
4. Талдау. Мәліметтерді бөлшектерге бөлу, тексеру, салыстыру, айырма - шылығын анықтау.
5. Жинақтау. Білім элементтерін жаңа үлгіге біріктіру арқылы мәліметті жинақтау. Құрастыру, жасау, дамыту, ұсыну, шешу, ойлап шығару.
6. Бағалау. Көзқарастарына нақты дәлелдеме келтіре отырып, мәліметтерді бағалау. Құндылықтарын табу, қорғау, ұсыну, дәлелдеу.

4. Ой толғанысы.
1. Рефлексия. Екі жұлдыз, бір тілек.
2. Бағалау.
3. Үйге тапсырма: Қосмекенділердің көптүрлілігі.

1. Білім
Қосмекенділер туралы білетіндерін еске түсіру: Олар құрлықта да суда да тіршілік ететін жануарлар. Олар секіріп қозғалады. Құрлықта тіршілік етуге бейімделген алғашқы омыртқалы жануарлар. Осыған байланысты көптеген түрлерінде екі жұп аяғы бар, олардың артқы аяқтары ұзын болады. Бақа сияқты тіршілігі жартылай сумен байланысты түрлерінде аяқтарының артқы жұбындағы саусақтарының арасында терілі жүзбежарғақ болады. Аяқтары негізінен үш бөлімнен тұрады.
2. Түсіну
Мына суретке қарап бақаның сүйек бөлімдерін ата.

3. Қолдану. Қосмекенділердің қозғалу мүшелері.
Тест сұрақтары.
1. Бақаның неше аяғы бар?
а) 2
ә) 4
б) 6
в) 4 жұп
2. Алдыңғы аяқ бөлімдерін ата?
а) қары, білек, алақан.
ә) білек, сирақ, саусақ
б) қары, алақан, саусақ.
в) сан, қары, білек.
3. Артқы аяқ бөлімдерін ата.
а) алақан, саусақ, сирақ.
ә) сан, сирақ, табан
в) табан, саусақ, сан.
в) сирақ, табан, білек.
4. Омыртқа жотасы неше бөлімнен тұрады?
а) 4
ә) 5
б) 6
в) 2
5. Бақа қалай қозғалады?
а) жүреді
б) жүзеді
в) секіреді
г) жорғалайды.

4. Талдау. Тірек сызбаны толықтыр.
Қосмекенділер
Құрылысы

5. Жинақтау
Оқушылар суретке қарап, бақаның негізгі мүшелерін анықтайды.

6. Бағалау.
Топбасшылардың бағалау парақшалары арқылы, формативті бағалау нәтижесінде қорытынды баға журналға қойылады.
Оқушыларға стикерлер таратылады, бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып, тақтаға жабыстырады.
Үйге тапсырма: Қосмекенділерге жалпы сипаттама.
Ішкі және сыртқы құрылысы.
11 916
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қосмекенділердің шығу тегі, қосмекенділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.
Қосмекенділердің шығу тегі, қосмекенділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.
Өліп біткен қосмекенділер, қосмекенділердің шығу тегі, қосмекенділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы, қосмекенділерді қорғау туралы түсінік алады.
Құстар класы
Құстар класы
Оқушыларға құстар класын естеріне түсіре отырып, Құстар класының типіне мағлұматтар беру.
Жорғалаушылардың сыртқы және ішкі құрылысы
Жорғалаушылардың сыртқы және ішкі құрылысы
Шалқар қаласы, №1 мектеп - гимназия Жоламанова Райса
Қосмекенділер класы
Қосмекенділер класы
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Н.С. Манаев атындағы орта мектептің биология пәні мұғалімі Хилауова Армангүл Амангелдіқызы
Жорғалаушылар класына жалпы сипаттама
Жорғалаушылар класына жалпы сипаттама
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Б. Бегалиев атындағы орта мектебінің биология пән мұғалімі Нсанова Гүлсім Меллятқызы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×