Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көлдер

12 наурыз 2013, Сейсенбі
Категориясы: География
Сабақтың тақырыбы: Көлдер
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың көл туралы және оның пайда болуы жайлы түсінік беру.
Сабақтың міндеттері:
1. Оқушыларға көл туралы түсінік, оның маңызы мен түрлері жөнінде білім беру;
2. Жер бетіндегі суларды, соның ішінде көлдерді қорғауға және өз Отанына деген, оның табиғатына деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу;
3. Жаңа мағлұматтарды беру арқылы географиялық ойлау қабілетін дамытуға, географиялық объектілерді картадан таба білу дағдысын дамытуға жағдай жасау.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: баяндау, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: Дүние жүзінің және Қазақстанның физикалық картасы, атлас және кескін карталар, интерактивті тақта.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Географиялық диктант (слайд 1)
А. Сөйлемді аяқта:
1) Өзеннің құяр жері оның...
2) Аңғардың өзен тасығанда су басатын бөлігі...
3) Негізгі өзенге жолда қосылатын өзендер...
4) Өзен барлық салаларымен бірігіп... құрайды.
5) Өзенге және оның салаларына су ағып келетін жердің бәрі...

Ә. Географиялық шынжыр:
6) 1054
7) 120
Б. Бұл не?
8) Су тасуы –
9) Тасқын –
10) Өзеннің режимі

Өзара тексеру. Жауаптары – слайд №2
1. Саға;
2. Жайылма;
3. Сала;
4. өзен жүйесі;
5. Өзен алабы;
6. Анхель сарқырамасы;
7. Виктория сарқырамасы;
8. Жыл сайын белгілі бір маусымда қайталанып отыратын өзендегі су мөлшерінің едәуір көбеюі;
9. Өзендегі су деңгейінің кенет көтерілуі;
10. Өзен суы мөлшерінің жыл ішінде өзгеру ерекшелігі.

ІІІ. Жаңа сабақ:
«Қызығушылықты ояту» слайд №3
Армысың сәлем бердім ана Балқаш.
Өзіңсің нәр сыйлаған санаға алғаш.
Суың бал, пана болған барша жанға,
Толқындап жатырсың ба дара Балқаш. (С. Сұлтанғазин)
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту. Слайд №4

«Ой қозғау»: Балалар көлді кім көрді? Ендеше көзімізді бір сәтке жұмып көлді көз алдымызға елестетейік. Енді көзімізді ашып көргенімізді айтайық. Сонымен көл дегеніміз не?
Слайд №5. Жер бетінде суға толған табиғи ойыстарды көл деп атаймыз. Көлдің теңізден айырмашылығы мұхиттың бөлігі болып табылмайды, ал өзеннен айырмашылығы суы арна арқылы ақпайды.
Слайд №6. Жер шарындағы ең ірі көл – Каспий. Ол солтүстіктен оңтүстікке қарай 1000 км қашықтыққа созылып жатыр. Каспийдің ең терең жері 1025м.
Біздің елімізге қай бөлігі кіреді? Каспий туралы не білесіңдер?
Дүние жүзіндегі ең терең көл – Байкал. Оның ең терең жері 1620 м. Слайд №7.
Көл қазаншұңқырлары қалай пайда болады - презентация №8 - 13слайдтар
Сергіту сәті. «Әлемнің ең ғажайып көлдері» презентация. №14 - 18 слайд

«Мағынаны ажырату». Топпен жұмысқа арналған тапсырмалар. №19 слайд
Картамен жұмыс. Картадан көлдерді дұрыс көрсете білу.
№1 тапсырма. Мәтінде аталған көлдерді картадан табу.
№2 тапсырма. Жоспар бойынша қалаған бір көлге сипаттама беру және оны қорғау.
Оқулықпен жұмыс. №3 тапсырма. Мәтіннен ағынды көл, ағынсыз көл, тұнба көл анықтамасын тауып, мысалдар келтіру.
Кескін картамен жұмыс. №4 тапсырма. Мәтінде аталған көлдерді кескін картаға түсіру.

Рефлексия.
Үйге тапсырма. Өтілген тақырыпты оқу. Әлемнің таңғажайып көлдері туралы хабарлама дайындау.
Бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 310
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көлдер
Көлдер
Көл ұғымы түсінігі мен көлдің ерекшеліктері мен түрлері туралы білімін түрлі схемалар мен интерактивты тақта арқылы қалыптастыру.
Өзендер
Өзендер
Өзен, өзен жүйесінің бөліктерін, олардың орналасу ерекшеліктерін үйреніп, оларды картадан таба алулары тиіс
Өзендер (күнделікті сабақ жоспары)
Өзендер (күнделікті сабақ жоспары)
Географиялық карталарға мән беріп қарасаңдар, материктердің үстінде жіп сияқты жан - жаққа созылып жақан көкшіл бояуларды көресіңдер. Бұлар жай сызылып қойылған бояулар емес, өзендер. Өзен дегеніміз - табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын су.
Өзендер
Өзендер
Өзендер туралы түсінік беру. Өзендердің теңіздерден айырмашылығын айту. Қазақстанның ірі өзендеріне тоқталу. Атласпен жұмыс жасау арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, картамен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Өзендер
Өзендер
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, "Шетпе гимназиясы"ММ География пәні мұғалімі Елеуова Ақбала Алдоңғарқызы
Көлдер (6 сынып)
Көлдер (6 сынып)
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Жабасақ орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Қасымова Қарғаш
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×