Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Меншіктеу операторы. Стандартты функциялар

24 сәуір 2014, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Меншіктеу операторы. Стандартты функциялар. 9 - сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға меншіктеу операторы, стандартты функциялардың және олардың жазылу ерекшеліктерін ұғындырып, программалау тілінде жазу туралы толық мағлұмат беру;
Дамытушылық: оқушылардың білім білік дағдыларын қалыптастыру, алған білімдерін және стандартты функцияларды программалау тілінде қалай жазу керектігі жайында ой - өрістерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікке, ұқыптылыққа, тазалыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: интертақта, оқулық, презентация.
Сабақтың түрі: Әңгімелеу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Сынып оқушыларымен амандасу, түгендеу.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Меншіктеу операторы - жазылған өрнектің мәнін есептеп, айнымалыға меншіктеу. Жиі қолданыста болатын болатын оператордың бірі.
Жазылу пішімі ::=
Айнымалы атауының типі мен қабылдайтын мәннің типі міндетті түрде сәйкес келуі тиіс. Меншіктеу операторы тек арифметикалық өрнектер үшін ғана емес логикалық және символдық өрнектерге де қолданылады. Айнымалыға символдық шаманы меншіктегенде символ апострофқа (‘’) алып жазылады. Мысалы: V:=’M’; x:=’15’,
Бұл оператор 2 міндет атқарады:
Айнымалылардың белгілі мәндері бойынша арифметикалық өрнектің сандық мәнін есептейді.
Табылған мән айнымалы атауына меншіктеледі.
Төмендегі кестеден қайсысы меншіктеу операторы болатыны немесе болмайтынын анықтаңдар. Практикалық тапсырма (интертақтаның көмегімен)
Өрнек Түсініктеме
z:=0 Дұрыс
a:=b Дұрыс
a:=b+5 Дұрыс
a=c+1 Қате
- z:=y Қате
2*p+3:=x Қате
– Q:=A+B Қате
x:=a±5 Қате
Турбо Паскаль тілінде алдын ала программалары жасалып стандартты модульге жинақталып қойылған, қажет кезінде пайдалануға болатын объектілер бар. Солардың бірі стандартты функциялар болып табылады. Олар жиі кездесетін математикалық және басқа да функцияларды есептеу үшін қолданылады.
Программаларда жиі пайдаланылатын функциялар:
Арифметикалық функциялар. Арифметикалық функцияларда бүтін және нақты шамалар пайдаланылады.
Типтерді өзгерту функциялары. Бұл функция шамалардың типтерін өзгерту үшін пайдаланылады. Мысалы, нақты санды бүтін санға, цифрлар түрінде берілген символдар тізбегін бүтін санға аударады.
Chr(x) – х санын символға аударады.
High(x) – шаманың максимум мәнін береді.
Low(x) – шаманың минумум мәнін береді.
Ord(x) – саналатын типті бүтін типке көшіреді.
Round(x) – нақты санды бүтін санға дөңгелектейді.
Trunс(x) – нақты санның бүтін бөлігін береді.

Арифметикалық функциялар
Математикалық жазылуы Паскаль тілінде жазылуы
|x| abs(x)
x^2 sqr(x)
√x sqrt(x)
π Pi
[x] int(x)
e^x exp(x)
sinx sin(x)
cosx cos(x)
tgx tan(x) немесе (sin(x)/cos(x))
lnx ln(x)
Мысалы: x=a^3/(√c+9, 2); жазылуы x≔sqr(a)*a/(sqrt(c)+9. 2);
x=〖(a+b)〗^2/(π -|ab| ); жазылуы x≔sqr(a+b)/(pi - abs(a*b));
III. Сабақты бекіту. Сабағымызды «Лото» ойыны арқылы бекітеміз. (Слайд көрсетіледі)
1. Меншіктеу операторы дегенді қалай түсінесің?
2. Меншіктеу операторының жазылу пішімі?
3. Айнымалыға символдық шаманы меншіктегенде символ... алып жазылады.
4. Мына өрнекті арифметикалық функцияларды пайдалана отырып өрнекте... x=√0, 5a/(〖tg〗^2 π)
5. Мына өрнекті арифметикалық функцияларды пайдалана отырып өрнекте... a=〖7, 9x〗^3/(√12+sinx)
10 845
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Меншіктеу операторы. Сандық функциялар
Меншіктеу операторы. Сандық функциялар
Паскаль тілінің меншіктеу операторы және сандық функцияларымен таныстыру, меншіктеу операторы мен сандық функцияларды есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.
Паскаль тілінің қарапайым операторлары. Айнымалар типтері.
Паскаль тілінің қарапайым операторлары. Айнымалар типтері.
Паскаль программалау тілінің алфавиті, тілдің қарапайым объектілері, мәліметтер типтері, стандартты функциялар, өрнектер және олардың жазылуы туралы толық мағлұмат беру.
Меншіктеу операторы
Меншіктеу операторы
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ орта жалпы білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі Хамзина Индира Сабырғалиқызы
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепный ауылы, Подстепный қазақ ЖОББМ мұғалімі Айткалиева Баян Сабырғалиқызы
Программа және оның құрылымы
Программа және оның құрылымы
Пән: Информатика Класс: 9 Сабақтың тақырыбы: Программа және оның құрылымы
Программа құрылымы. Шамаларды  сипаттау бөлімі
Программа құрылымы. Шамаларды сипаттау бөлімі
Информатика Сабақтың тақырыбы: Программа құрылымы. Шамаларды сипаттау бөлімі. Паскаль тілінің қарапайым операторлары.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×