Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алгоритм типтері

09 ақпан 2016, Сейсенбі
Категориясы: Информатика
Атырау қаласы, Атырау облысы,
№9 мектеп информатика пәні мұғалімі
Оразгалиева Айман Тыныштыққызы

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер) тақырыбын түсіндіре отырып, оқушыларды күнделікті өмірдегі әрбір іс - әрекеттерінің алгоритімін құра білуге үйрету.
Дамытушылық – Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік – оқушыларды тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ типі: жаңа түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация таратпа карточкалар

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
• оқушылармен сәлемдесу;
• оқушыларды түгендеу;
• топқа бөлу (сызықтық, тармақталу, циклдік );

ІІ. Үй жұмысын тексеру.
1. Алгоритм дегеніміз не? Бұл сөз қайдан шыққан?
2. Алгоритмнің қандай қасиеттерін білесіңдер?
3. Алгоритмнің жазу жолдары қандай?
4. Блок сызба деген не?
2) Үй тапсырмасын бекіту.«Фишбоун» әдісі. Әр топқа балықтың қаңқасының постер таратылады, осы постерге өз тақырыбына байланысты біліп - түйгендерін жазып айту.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Есептерді шешу алгоритмінің көптүрлігінен есептеу процесінің негізгі үш түрін бөліп алуға болады:
1. сызықтық алгоритм (бірнеше командалардың тізбектеліп құрылуы);
2. тармақталған алгоритм (бір немесе бірнеше командаларды таңдау);
3. циклдік алгоритм (шарттарға тәуелді немесе берілген шарт орындалғанға дейін командалардың қайталануы).
Командалары бірінен кейін бірі тізбектеле орындалатын алгоритм сызықтық алгоритм деп аталады.

Мысалы: Мектепке жиналу алгоритмін құру
Басы
• Ұйқыдан тұру
• Жаттығу жасау
• Жуыну
• Киіну
• Таңғы ас ішу
• Сөмкені жинақтау
Соңы
Тармақталған алгоритм – бұл шартқа байланысты әрекеттердің біріншісін немесе басқасын орындайтын алгоритм.
Тармақталған алгоритмді жазудың екі түрі бар: толық және толық емес. Тармақталған алгоритмді жазудың жалпы түрін және блок - схемасын қарастырайық.
Мысалы: Егер онда
Қолшатырды жабамыз
Тармақталу соңы
Мысалы:
Егер жауын басылса онда
Қолшатырды жабу
Басқаша
Қолшатырды жаппау
Тармақталу соңы
Қоршаған ортада көптеген процестер жүйелі түрде ретімен бірнеше рет қайталанып отырады. Мысалы, апта күндерінің ауысуы: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі немесе ауа - райының маусымдық ауысуы. Қайталану командалары бар алгоритмдер циклдік деп аталады. Қайталану командаларын цикл құрайды, яғни циклдер бірнеше рет орындалады.
Циклдік алгоритм – бұл командалары бірнеше рет қайталанып орындалатын алгоритм.
Қайталау санының алдын ала белгілі және белгісіз болуына байланысты цикл екі түрге бөлінеді. Қайталау санының алдын ала белгілі циклі арифметикалық цикл деп, орындалу саны белгісіз цикл командалық (интерациялық) цикл деп аталады. Арифметикалық цикл ең қарапайым цикл болып табылады және ол практикада жиі қолданылады. Мысалы, дене шынықтыру сабағында сендер алаңды бірнеше рет айналып жүгіріп келулерің керек
Арифметикалық цикл алдын ала шарты бар циклге жатады.
Арифметикалық циклдік алгоритм мына түрде орындалады:
• Шарты тексеріледі.
• Егер шарты дұрыс болса, онда циклдің барлық командалары орындалады.
• Соңғы циклдегі жолға өткен кезде шарт қайтадан тексеруден өтеді, 1 - пункт орындалады.
• Шарт ақиқат болмаған жағдайда, циклдің келесі жолына шартты орындау үдерісі жүреді.

Толық нұсқасын жүктеу
6 200
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өздік жұмысы /Алгоритм типтері/
Өздік жұмысы /Алгоритм типтері/
Алгоритмнің командалары және оның құрылымын түсіндіре отырып, алгоритм құру кезеңдерімен таныстыру, практика жүзінде қолдануға үйрету
Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталған, циклдік)
Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталған, циклдік)
Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер)
Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер)
Жуалы ауданы, Ертай ауылы, №18 М.Ғабдуллин атындағы орта мектебінің информатика мұғалімі Қиясова Гүлнұр Жаңбырбайқызы
Циклдік алгоритм
Циклдік алгоритм
Балқаш қаласы. информатика пәні мұғалімі Тогжанка Дауреновна
Қорытынды сабақ алгоритм бойынша (сызықтық, тармақталу, циклдік алгоритм)
Қорытынды сабақ алгоритм бойынша (сызықтық, тармақталу, циклдік алгоритм)
«Зеленов аудандық білім беру бөлімнің Махамбет жалпы орта білім беретін мектебі» Информатика пәні мұғалімі: Н. Алишева
Алгоритм типтері (сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер)
Алгоритм типтері (сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер)
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Садыбаева Назкен Жақсылыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×