Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ тілі бойынша 6 сыныптың сабақ жоспары

22 қазан 2017, Жексенбі
Қазақ тілі бойынша 6 сыныптың сабақ жоспары
Қазақ тілі 6. Сабақтың тақырыбы: Диктант «Көктем»
Сабақтың мақсаты: Сауаттылықтарын тексеру, жазу дағдыларының қалыптасуын қадағалау; Есте сақтау қабілеттерін арттыру; сауатты, әдемі жазуға баулу.
Сабақтың әдісі: баяндау, жаздыру.
Пайдаланылған әдебиет: Қазақ тілінен жазба жұмыстар
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, жазба жұмысына дайындық, оның ерекшелігімен, мақсатымен, шартымен таныстыру.

ІІ. А) Мәтінді 2 рет оқу.
Ә) Қиын сөздерді тақтаға жазу
Б) 3 рет оқи бастағанда оқушылар жаза бастайды.

Көктем
Көктем жыл мезгілінің әдемі бір кезеңі. Наурыз мейрамында күн ұзарып, түн қысқарады. Күн көзінің шуағы молаяды. Қар еріп, жыралардан су аға бастайды.
Көктемде жер беті кілемдей жайнап, әсем қызғалдақтар шешек атады, ағаштар жасыл жапыраққа бөленеді, жеміс ағаштары гүлдейді. Жылы жаққа кеткен құстар да қайтып келе бастайды. Көл сәні - сұлу аққу, қаз бен үйрек көлді, даланы думанға айналдырады. Қарлығаш, қараторғай, бозторғай, т. б. құстар ағашқа қонып, әндетіп жүріп, ұя салады.
Адамдар үшін көктем – қызу жұмыс науқаны. Жұрт егіске шығады, жер жыртады, егін егеді, демалады. Балық аулайды, гүл тереді. Көктем - өте көңілді мезгіл.

ІІІ. Жазба жұмысын оқушылардың өздері тексеруі.
Ү. Мәтіннен етістіктерді тауып жазу. Оларды нақ осы шаққа, жедел өткен шаққа, болжалды келер шаққа қойып жазу.
ҮІ. Жазба жұмыстарын жинап алу.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Өткенді қайталау

Мен оқушымын. Мекен үстеуі жүктеу
Менің сүйікті кейіпкерім (н/с) Үстеу. Мезгіл үстеу жүктеу
Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңі жүктеу
Саяхаттан келгенде. Болжалдық сан есім жүктеу
Алматыға барғанда. Жинақтық сан есім жүктеу
Мектепке немен барасың? жүктеу
5 336
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Диктант. Қыс туралы.
Диктант. Қыс туралы.
оқушылардың дыбысты есту қабілеттерін тексеру, дұрыс жаза білуге баулу; ә) оқушыларды сөздерді сауатты әрі әдемі жазуға үйрету; білімдерін тексеру;
Көктем келбеті
Көктем келбеті
Балаларды көктем мезгілінің өзгерістерімен таныстыру, жануарлар мен өсімдіктердің тыныс - тіршілігін, көктемгі еңбек түрлерін айтып түсіндіру. Дамытушылығы: Табиғат ерекшеліктерін, өзгерістерін бақылау арқылы тілдерін дамыту.
Қазақ тілінен диктанттар жинағы
Қазақ тілінен диктанттар жинағы
Сауаттылықтарын тексеру, жазу дағдыларының қалыптасуын қадағалау; Есте сақтау қабілеттерін арттыру; сауатты, әдемі жазуға баулу.
Диктант «Ағайындылар»
Диктант «Ағайындылар»
Сауаттылықтарын тексеру, жазу дағдыларының қалыптасуын қадағалау; Есте сақтау қабілеттерін арттыру; сауатты, әдемі жазуға баулу.
Диктант «Көктем»
Диктант «Көктем»
Сауаттылықтарын тексеру, жазу дағдыларының қалыптасуын қадағалау; Есте сақтау қабілеттерін арттыру; сауатты, әдемі жазуға баулу. Сабақтың әдісі: баяндау, жаздыру.
Диктант «Жыл мезгілдері»
Диктант «Жыл мезгілдері»
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы, №74 ЖББОМ орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Зарубаева Лилия Елеуханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×