Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Грамматика

30 мам 2019, Бейсенбі
Грамматика
Қазақ тілінің 4 саласы бар: фонетика, лексика, сөзжасам, грамматика.
Фонетика – дыбыс, әріп, буын, екпін, тасымал, үндестік заңын зерттейді.
Дыбыс - сөздің ең кішкене бөлігі - айтылады, естіледі. Дыбыстау мүшелерімен жасалатын тілдік құбылыс. Ауыз, мұрын қуысы, өкпе, кеңірдек, тамақ, дауыс шымылдығы, көмей, таңдай, тіл, тіс, ерін.
Әріп - дыбысты таңбалайтын белгі, яғни дыбыстың таңбасы.
Алфавит - әріптердің рет - ретімен тізілген жиыны, 42 әріп. 1929ж. дейін араб, 1929 - 1940 латын, 1940 кириллица(орыс).
Әліпбиде 37дыбыс. Ь, ъ - дыбыс емес. Ю, я - қосарлы дыбыстар.
Қазақ тілінен 9әріп: ә, ө, ұ, ү, і, қ, ғ, ң, һ.
Өкпеден шыққан ауаның шығуына қарай - дауысты, дауыссыз.
Дауысты дыбыс өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында кедергіге ұшырамай, еркін шығады. 12 дауысты: төл дауысты 9 - а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і. Орыс тілінен 3 - и, у, э. Дауысты қызметінде жұмсалатын әріптер - ю, я. Дауысты дыбысқа сөз екпіні түседі. Сөзде неше дауысты болса, сонша буын болады.
Дауысты дыбыс: Тіл - жуан - а, о, ұ, ы, у, жіңішке - ә, ө, е, э, і, и, ү, у. Жақ - ашық - а, ә, о, ө, е, э. Қысаң - и, ы, і, у, ұ, ү. Ерін - Еріндік - о, ө, ұ, ү, у. Езулік - а, ә, е, э, ы, і, и.
Дауыссыз дыбыс – өкпеден шыққан ауа ауыз немесе мұрында кедергіге ұшырайды.
Дауыссыз дыбыс үн мен салдырдың қатысына қарай Ұяң - б, в, г, ғ, д, ж, з. Үнді - й, л, м, н, ң, р, у. Қатаң - к, қ, п, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ.
Буын - сөзді айтқан кездегі дауыс толқыны. 3 буын ашық: а - та, тұйық: от, бітеу нан.
Тасымал - жазу кезінде сөздің жолға сыймай қалған бөлігін келесі жолға көшіру.
Екпін - сөйлеген кездегі белгілі бір дыбыстың буынның сөздің көтеріңкі дауыспен айтылуы.
Екпін түспейтін қосымшалар: көмекші сөз - ғой, шейін, арқылы, жіктік жалғауы - оқушымын. Болымсыз етістік – ма, ме, ба, бе, па, пе. Барма, келме.
Екпін түрлері: сөз, ой, дыбыс, тіркес екпіні.
Үндестік заңы – Бір сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан немесе жіңішке болып үндесуі. Катар тұрған екі дыбыстың бір - біріне ықпал етіп үндесуі.
Үндестік заңы: буын және дыбыс
Буын үндестігі (сингармонизм) – дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан немесе жіңішке үндесуі. Буын үндестігі сақталмайды:
Қос сөз: аман - есен. Біріккен сөз: баспасөз. Тіркесті сөз: ала бер. Кірме сөз: араб, орыс, парсы тілі.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар: Мен, бен, пен, нікі, дікі, тікі, еке, сымақ, тай, жан, паз, қор, қой, ғой, кер, гер, ист, изм, хана, ов, ев, рк, рг, ск, лк, нк, нкт, кс, кт әріптеріне аяқталған сөздергеқосымша жіңішке жалғанады. Ь әрпіне аяқталған сөздерге қосымша жіңішке жалғанады. Ролі, рульді.
Ілгерінді ықпал - қатар тұрған екі дыбыстыңбіріншісінің өзінен кейінгі дыбысқа ықпал етуі: ашса/ашша, Сәтбек/Сәтпек, алып бер/алып пер,
Кәсіби сөз - кәсіп, шаруашылық, өнер түрлеріне қатысты сөздер. Кәсіби сөздер 2 салаға бөлінеді: қолөнері және шаруашылық.
1) Қолөнеріне (ұсталық, тоқымашылык,, тігіншілік, зергерлік т. б.) қатысты сөздер: пышқы (араның бір түрі), шербек (үлкен ара), тышуыр (бұрап тесетін құрал), атауыз (шеге суырғыш) т. б.
2) Ауыл шаруашылығына (мал, егін, балық, аңшылық, бағбаншылық, мақта, бидай, күріш т. б.) байланысты сөздер:
а) мақта: шиіт, терімші, балдаң т. б.;
ә) жүгері: дүмбі, пәшік, собық, пая т. б.;
б) қәуын: торлама, жәмші т. б.;
в) қызылша: түбіртек, қылша, түбір, өркен т. б.;
г) мал: өріс, пада, ақыр, науа т. б. ғ) су: мүрап, қарықт. б.
Диалект сөз - белгілі бір аймақтағы ауызекі тілде ғана қолданылатын сез. Мысалы, "сым, жуа" оңтүстікте ғана қолданылады.
Диалект сөздер уақыт өте келе әдеби тілге еніп, жалпыхалықтық тілге айналады. Мысалы, арасан суы, жейде, ұжым, кеден, немелтай (шөберенің баласы), үшем (үш төл), төртем (төрттөл) т. б.
Кірме сөз - ана тілімізге шет тілінен енген сөз. Кірме сөзде көбіне буын үндестігі сақталмайды (кітап, театр).
Кірме сөз тілдің сөздік құрамын байытады. Кірме сезге мысалдар:
Араб тілі: ғылым, отан, мұғалім, мектеп, тарих, әдебиет, емтихан, тәрбие, сағатт. б.
Парсы тілі: тақта, пайғамбар, наурыз, дост. б.
Орыс тілі: парта, цирк, кино, алгебра, жәшік, кереует, бөтелке, бәтеңке, тәрелке, сөмке т. б.
Монғол тілі: нөкер, жасақ, аймақ, жарлық, Тарбағатай, Нарынқол, Зайсан, Қордай т. б.
Термин сөз - ғылым, техника, спорт, мәдениет, саясатт. салаларға жататын сөз. Интернационалдык, термин бірнеше елде бір
атаумен қолданылатын терминдер: фонетика, экономика, экология т. б. Термин сездердің басты белгісі - тура мағыналысөз болуы. Қазақтілінде терминдер 2 жолмен жасалады:
1) Қазақ тіліне орыс тілінен енген терминдер: Лингвистика: Синоним, термин, фонетика т. б. Математика: Квадрат, куб, коэффициентт. б. География: Карта, глобус, масштаб т. б. Экономика: Банк, биржа, капитал, валюта т. б. Химия: Аммиак, кальцийазон, натрий т. б. Спорт: Футбол, раунд, бокс, баскетбол т. б.
2) Кірме сөздің орнына қазақша сөзді қолдану, оның 2 түрі бар:
а) жергілікті және көне сөздер арқылы: кеден (таможня), нарык, (рынок), жарғы (устав) т. б. ә) тілдегі бар сездерді біріктіру арқылы: мұражай (музей), әуежай (аэропорт), телқұжат (паспорт).
Біріккен сөздің емлесі:
1) Екі түбірден құралып, терминдік мәнге ие болған атаулар бірігіп жазылады (баспасөз, келіссөз, оттегі, үшбұрыш, көпмүше, сүтқоректі, сөзжасам);
2) Жан - жануарлар мен есімдік атаулары бірігіп жазылады (қосаяқ, қарақұйрық, ақбекен, бірқазан, есекмия);
3) Терминге айналған техника, мәдениет, өнер, спорт, дін, саясат т. б. салаларға қатысты зат, үғым атаулары мен әр түрлі мамандық атаулары және күрделі жалқы есімдер бірігіп жазылады:
а. зат атауы: шаңсорғыш, бесатар. ә. географиялық атау: Сарысу, Іле. б. кісі аттары: Орынбасар, Жандос. в. дене мүшесі: ултабар, тоқішек. г. ауру атауы: алаөкпе, көкжөтел. ғ. ойын: ақсүйек, балтамтап. д. ән - күй, елең: «Аққу», «Жезкиік». е. дәстүр: беташар, тоқымқағар.
4) Екінші сыңары аралық, ішілік, тану, таным, жай, хат, қағаз, сыллақ деген сөздер және бірінші сыңары әсіре, көп сөздерімен келген тіркестер бірге жазылады (халықаралық, жаратылыстану, тілтаным, жартас, саяжай, қолхат, мектепішілік, рұқсатқағаз, шешенсымақ, әсіресолшыл); 5) Бірінші сыңары фото, электр, радио, авто, авиа, аэро, гидро, агро, транс, инфра, ультра, изо, гипер, ал екінші сыңары қазақ сөзі болса, бірге жазылады (фотосурет, электрұстара, радиоқабылдағыш, автоқалам, аэрошана, киноцондырғы, инфрақызыл, ультракүлгін).
Қос сөз
Қос сөз - 2 сөздің қосарлануы мен қайталануынанжасалған сөз.
Қос сөздің екі сыңары дефис арқылы жазылады. Қос сөздің 2 түрі бар: қайталама қос сөз жәнеқосарлама қос сөз.
а) Қайталама қос сөз - сыңарлары бір түбірдің қайталануынан жасалатын қос сөз. Жасалуы:
- Бір түбірдің қосымшасыз немесе қосымшалы түрде қайталануы: үлкен - үлкен, су - су, тікен - тікен;
- Біртүбірініңқосымшалы, бір түбірінің, қосымшасыз түрде қайталануы: көзбе - көз, өз - өзінен;
- Бір түбірдің әр түрлі қосымшамен қайталануы: келер - келмесін, орынды - орынсыз;
- Түбірдің бір сыңарының дыбыстық өзгеріске ұшырауы: қалт - құлт, жалт - жұлт, сатыр - сұтыр;
- Түбір сөздің алдынан күшейткіш буынның қосарлануы: теп - тегіс, ап - ащы;
- 2 - сыңары 1 - сыңарына еліктеу мәнінде келген сөздер (екінші сөздің алдынан м, п, с дыбыстары қосылып жасалады: шай - пай, тіс - міс, нан - пан.
ә) Қосарлама қос сөз
Қосарлама қос сөз - әр түрлі сөздердің қосарлануынан жасалатын қос сөз. Жасалуы:
- Синоним: зәре - құт, ашу - ыза, тәлім - тәрбие;
- Антоним: оңды - солды, әрі - бері, ірілі - ұсақты т. б.
- 1 сыңары мағыналы, 1 сыңары мағынасыз сөздер: бала - шаға, емін - еркін, көрші - қолаң т. б.
- 2 сыңары да мәғынасыз сөздер: анда - санда, ығы - жығы, ту - талақай, оқта - текте, бірен - саран т. б.
- Сыңарлары түрлі сөздер: саяси - әлеуметтік, оқу - ағарту т. б.
3) Тіркесу арқылы жасалған күрделі сөздердің әрбір сөзі бөлек жазылады (он бір, көк ала, ақ сұр, жаза бер, құлап қалды);
Ескерту: екінші сөзі - ты (- ті, - ды, - ді) қосымшалы етістік немесе - па (- пе, - ба, - бв) қосымшалы сөз болса, мұндай тіркестер қосылып жазылады (алыпқашпа (сөз), жүрекжарды, қағазбасты, баукеспе).
4) Еш, кей, әлде, әр, қайсы, бір есімдіктері зат есіммен және сын есіммен тіркескенде, бөлек жазылады: еш уақытым жоқ, кей кезде, әр адам, бір түрлі т. б.
Жұрнақ өзі жалғанған сөзге жаңа мағына беріп, туынды сөз жасайды. Жұрнақтың 2 түрі бар: сөз тудырушы жұрнақ жәнесөз түрлендіруші жұрнақ.
1) Сөзтудырушы жұрнақ түбірдің негізгі мағынасын өзгертіп, оған жаңа мағына береді (қой+шы - қойшы, өнер+паз - өнерпаз, ой+ла - ойла);
2) Сөз түрлендіруші жұрнақ өзі жалғанған сөздің бастапқы мағынасын өзгертпей, сәл түрлендіреді үйшік (үй+шік), сандықша (сандық+ша), алаңқай (алаң+қай), қалашық (қала+шық).
Бір сөзге бірнеше жұрнақ жалғана береді (жаз - у - шы - лық); Бір сөзге әр түрлі жұрнақ жалғану арқылы туындысөздер жасалады. Бір түбірден жасалған сөздертүбірлес сөздер деп аталады (білім, білдір, білгіш); Жұрнақ - сөзге жалғаудан бұрын жалғанады
(әншімін). Сөзтүрлендіруші жұрнақтар:
1) Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақтар: - еке, - ке, - қа, - а, - е, - й, - тай, - жан, - шақ, - шек, - шық, - шік, - ша, - ше, - ш, - ыш, - іш, - сымақ, - қан, - кен, - қай, - кей, - ан, - ң;
2) Салыстырмалы шырайдың жұрнақтары:
• - ырақ, - ірек, - рақ, - рек
• - лау, - леу, - дау, - деу, - тау, - теу
• - ша, - ше, - қай, - шыл, - ғылт т. б.
3) Етістіктің жұрнақтары: - ыңқыра, - іңкіре, - ңқыра, - ңкіре.
Зат есім жасайтын жұрнақтар
1) Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақтар:
1) - й: атай, әкей, шешей, жездей;
2) - тай: ағатай, апатай, әкетай, шешетай;
3) - жан: ағажан, атажан, апажан, Абайжан;
4) - сымақ: қорасымақ, таусымақ;
5) - ша, - ше: сандықша, күрекше;
6) - шық,- шік: қапшық, төбешік;
7) - шақ, - шек: құлыншақ, інішек;
8) - ш, - ыш,- іш: қалқаш, Нұрыш (Нұртай);
9) - еке, - ке, - қа, - а, - е: атеке, Жәке (Жанат);
10) - қан, - кен, - қай, - кей: балақан, шешекей.
2) Есімдерден зат есім жасайтын жұрнақтар:
1) - шы,- ші: қойшы, күйші;
2) - кер, - гер: айлакер, саудагер;
3) - шылық, - шілік: адамшылық, кеңшілік;
4) - лық, - лік, дық, - дік, - тық, - тік: балалық, достық;
5) - кеш,- паз,- қой, - қор,- хана: сәнқой, арбакеш.
3) Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақтар:
1) - у: сабау, жамау, көсеу;
2) - ыш,- іш: қуаныш, таяныш, өкініш;
3) - уыш, - уіш: өлшеуіш, бастауыш;
4) - с, - ыс, - іс: талас, айтыс, жүріс;
5) - н,- ын,- ін: боран, жуын, түйін;
6) - м, - ым, - ім: байлам, күзем, қысым; шайынды, үйінді үгінді; шалғы, тепкі; үңгір, шұқыр;
7) - ынды, інді
8) - қы, - кі, - ғы, - гі:
9) - ыр, - ір, - р, - ар, - ер:
10) - қ, - к, - ық, - ік, - ақ, - ек:
11) - ғыш, - гіш, - қыш, - кіш:
12) - ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе
Зат есімдерден сын есім жасайтын жұрнақтар
1) - и, - ы, - і: тарихи, қазақы;
2) - сыз, - сіз: баласыз, есіксіз;
3) - шыл,- шіл: кекшіл, ымырашыл;
4) - шаң, - шең: бойшаң, сөзшең;
5) - ғы,- гі,- қы,- гі: жазғы, ішкі, күзгі;
6) - дай, - дей, - тай, - тей: тастай, судай;
7) - лы, - лі, - ды,- ді,- ты,- ті: далалы, орманды;
8) - қой, - қор, - паз, - кер, - гер: сәнқой, өнерпаз;
9) - лық, - лік, - дық, - дік, - тық, - тік: балалық, жаздық.
Есім сөздер мен еліктеу сөзден түынды етістік жасайтын жүрнақтар
1)- а, - е: ата, деме, сына;
2)- сыра, - сіре: әлсіре, қансыра, жетімсіре;
3)- ла, - ле, - да, - де, - та: аяқта, өкпеле; ойлан, үйлен, әдеттен; әндет
4)- ык, - ік: бірік, дәнік, тынық;
5) - сын, - сін: жатсын, көпсін
6) - ыра, - іре: бұрқыра, күркіре, жарқыра;
7)- ай, - ей, - й: күшей, мұңай;
8)- ар,- ер,- р: жаңар, ескір;
9)- лан,- лен,- тан,- тен: ойлан, үйлен, әдеттен
10)- лат,- лет,- дат,- дет: әндет, түнделет;
11)- қар, - кер;- ғар, - гер: басқар, ескер;
12)- ал, - ел, - ыл, - іл,- л: жоғал, теңел, тарыл;
13)- сы, - сі, - ымсы,:- імсіүлкенсі, пысықсы;
14)- лас, - лес, - дас, - дес, - тас, - тес: көмектес, пікірлес.
Есім сөздер мен етістіктен туынды үстеу жасайтын жұрнақтар
1) - ша, - ше: құсша, сәбише;
2) - ншама, - ншалық: соншама, соншалық;
3) - лай, - лей, - дай - дей, - тай, - тей: шикілей, қыстай;
4) - дайын, - дейін, - тайын, - тейін: тотыдайын;
5) - майынша, - мейінше, - байынша, - бейінше, - пайынша, - пейінше: алмайынша, жемейінше.
Жалғау сөз бен сөзді байланыстырады. Оның 4 түрі бар: көптік жалғау, тәуелдік жалғау, септік жалғау, жіктік жалғау.
1) Көптік жалғау
Сездер жекеше түрде және көпше түрде қолданылады. Көптік мағынаны білдіру үшін сөздерге көптік жалғау жалғанады.
Грамматика жүктеу
9 689
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дыбыс және әріп
Дыбыс және әріп
Дыбыстардың дауысты және дауыссыз болып бөлінетінін, дауысты дыбыстардың өзі жуан және жіңішке болып бөлінетінін еске түсіру.
Дауыссыз дыбыстар
Дауыссыз дыбыстар
Оқушылардың дауысты дыбыстар туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
Қазақ тілінен ережелер (1 – 11 сыныптар үшін)
Қазақ тілінен ережелер (1 – 11 сыныптар үшін)
Фонетика – тіл туралы ғылымның бір саласы. Онда дыбыстар, екпін және буын, үндестік заңы қарастырылады. Қазақ тілінде 42 әріп және 37 дыбыс бар.
Буын буын түрлері
Буын буын түрлері
Буын түрлерімен танысады, дауысты дыбыс пен дуыссыз дыбыстың буын жасаудағы атқаратын ролін таниды. Дыбыстық топқа жіктелген сөз ағымының шағын мүшесі – буын. Дауысты дыбыстар буын құрайды.
Қазақ тілінің ережелері 1 - 11 сыныптар үшін
Қазақ тілінің ережелері 1 - 11 сыныптар үшін
Қостанай облысы, “Боровской санаторлық мектеп – интернаты” Бегайдарова Гүлжихан Серікбайқызы
Фонетикалық бірліктерді сатылай кешенді талдау
Фонетикалық бірліктерді сатылай кешенді талдау
Атырау қаласы, Геолог поселкесі, Қ. Сәтбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ақтөре Айгүл Сапарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×