Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қатынас қағаздар

23 қаңтар 2013, Сәрсенбі
Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы,
Қасқабұлақ ауылы, М. Әуезов атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сағыбаева Айтолқын Жақашқызы

Сабақтың тақырыбы: Қатынас қағаздары

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сыныбы: 9
Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ресми іс қағаздар стилі, оның ішінде қатынас қағаздарының тілдік, құрылымдық ерекшеліктерін меңгерту. Сауатты, ұқыпты жазуға дағдыландыру.
Дамытушылық: Оқушылардың іскерлік дағдысын қалыптастыру, ой - өрісін дамыту, ізденімпаздыққа баулу, танымдық қабілеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушыларды сыйластыққа, бір - бірінің пікірін тыңдауға тәрбиелеу.
Сабақты ұйымдастыру формасы: Б. Блум жүйесі бойынша.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, информатика, орыс тілі, ағылшын
Сабақтың құрал жабдығы: интербелсенді тақта.
Сабақтың әдіс тәсілдері: проблемалы - мазмұндау, зерттеу, репродуктивтік,
ішінара іздену

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасып, сыныпты түгендеймін. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеремін.
1. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылардың үйден жазып келген өмірбаяндарын жинап алу.
2. Үй тапсырмасын бекіту.
«Роунд - робин» әдісі. Оқушылар стильдер туралы ауызекі сөйлеу стилі, көркем әдебиет стилі туралы не біледі, сол жайында бір сөйлем не бір сөз тіркесін айтуы керек. Бірінің айтқанын бірі қайталамауы тиіс.

ІІ. Жаңа сабақ.
1. Білу.
Бүгінгі сабақта не білуіміз керек?
1) Іс қағаздары, оның түрлері.
2) Қатынас қағаздары.
3) Қатынас қағаздарының бөліктері.

2. Түсіну.
Интербелсенді тақтадан слайдтар арқылы жаңа материалды түсіндіру.
1 - слайд.
Іс қағаздары дегеніміз - жеке адамның, ұжымның, фирмалардың, мекемелердің атқаратын қызметіне байланысты пайда болатын жазбаша (ауызша) қарым - қатынас құралы.
Іс - қағаздарының түрлері: арыз, түсінікхат, бұйрық, хаттама, анықтама, өмірбаян, өтініш, қолхат, мінездеме, келісім шарт, ұсыныс, сенімхат, куәлік.

2 - слайд.
Іс жөніндегі қатынас қағаздарының құрылымы:
1) Қатынас қағазының жіберілген мерзімі (күні, айы, жылы)
2) Қатынас қағаз жіберілген мекеменің мекеме басшысының аты - жөні.
3) Қатынас қағазының мазмұны.
4) Қатынас қағазды жіберуші жөнінде мәлімет және оның қолы.
5) Реквизит — құжаттың түпнұсқалығын білдіретін белгілер. Барлық мемлекеттік құжаттардың қағазында болады. Ол сызық, өрнек, сурет, таңба күйінде болу мүмкін.
6) Постскриптум - латын тілінен аударғанда "хаттың аяқ жағына, қол қойылғаннан кейін "P. S." таңбаларын қойып тұрып, одан кейін жазылатын сөздер немесе мәтін" деген мағына береді.

3. Қолдану.
а) өзіндік жұмыс. 66 - жаттығу. Оқушылар алған білімдерін қолданып, бір қатынас қағазының үлгісі бойынша өздері қатынас қағазын құрастырады.
ә) жеке оқушыларға озық тапсырма беру. Тапсырманы бұрын орындап болған оқушылар семантикалық карта толтырады.

№ Мысалдар
Ғылыми стиль
Ресми іс қағаздар стилі
Публицистикалыќ стиль
Көркем әдебиет стилі
Ауызекі сөйлеу стилі
1. - Атың кім? Нешінші сыныпта оқисың?
- Атым - Гүлнар. Бесінші сыныпта оқимын. +
2. Емен ұзаќ жылдар бойы өсе береді. Ол 150-200 жылға дейін созылады. Жалпы емен жылу сүйгіш ағаштар қатарына жатады. +
3. Ауруханаға бару үшін сабақтан босатуыңызды сұраймын. +
4. Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз +
5. Күлзипа екенін білген соң, Әбдірахман жүруге ыңғайланса да, мен жібермедім – қалжыңдасып барғанды жақсы көрдім +
6. Екі ел арасындағы кездесуде Еуразия саудасындағы тауар тасымалына қызмет көрсетуде Ресей мен Қазақстан көлік жүйелерінің үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелеріне айрықша назар аударылды. +
7. Мінездеме.
Сапар Айдана 1994 жылы 15 мамырда туған. Қазалы қаласындағы №16 мектепте 2001 жылдан бері оқып жүр. Биыл 9 - сыныпты бітіреді. +

4. Талдау.
І. «Іс жүргізуші ойыны»
Әр оқушы интербелсенді тақтадан 1 - ден 10 - ға дейінгі сандардан тұратын ұяшықтарды таңдайды. Ұяшықтардағы құжаттардың үлгісімен танысып, құрылысын талдайды.

ІІ. «Полиглот» ойыны.
Берілген ресми іс қағаздар стиліне тән сөздерді үш тілде интербелсенді тақтаға жазу.
Берілген сөздер: Орыс тілі ағылшын тілі
Арыз --------------заявление -----------statement
Куәлік ------------удостоверение -----certificate
Анықтама ------справка---------------- reference
Түсінікхат -------объяснительное письмо ---------explanation letter
Сенімхат ---------довереность power --------of attorney
Мінездеме------ характеристика -------------сharacteristic
Хаттама ----------протокол ----------------------protocol

ІІІ. Сабақты қорытындылау.
5. Жинақтау.
Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға сұрақтар беріліп, жауап алынады.
1. Стильдің қанша түрі бар?
2. Іс қағаздар стилі дегеніміз не?
3. Қатынас қағаздарының құрылымдық ерекшелігі?
4. Іс қағаздарының түрлерін ата?
Ескерту: Іс қағаздарының адам өміріндегі орны ерекше екендігін, өндірістегі істің адам өміріндегі іс әрекеттердің дұрыс дәл кезінде іске асуы, құжаттар мазмұнының анық, дәл баяндалуына байланысты екендігін айтамын. Іс қағаздары мазмұны дәл, анық жазылуы керектігін, құжаттарды жазуда мемлекет дайындаған арнаулы нұсқаулық басшылыққа алынатынын ескертемін.

5. Бағалау.
Бағалау кестесі арқылы оқушылардың білімін, белсенділігін сараптау, бағалау.
IV. Үйге тапсырма.
67 - жаттығу. Сыныптас құрбысына мінездеме жазу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
36 544
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Операциялық жүйені баптау
Операциялық жүйені баптау
Оқушыларға Windows операциялық жүйесі бойынша білімді меңгерту.
Қазақ әдеби тілінің стилі
Қазақ әдеби тілінің стилі
Қазақ тіліндегі стильдер туралы түсінік беру. Ертеңгі ел азаматтарын жұмыс стильдерінен хабардар ету. Сөз қолдану аясын кеңейту
Жеке адам өміріне қатысты ісқағаздарының түрлері, оның тілдік құрылымдық ерекшеліктері. Өмірбаян, өтініш, арыз
Жеке адам өміріне қатысты ісқағаздарының түрлері, оның тілдік құрылымдық ерекшеліктері. Өмірбаян, өтініш, арыз
Оқушыларға ресми ісқағаздар стилі, оның ішінде жеке адам өміріне қатысты ісқағаздарының түрлері, оның тілдік, құрылымдық ерекшеліктері туралы түсінік бере отырып, өмірбаян мен өтініш, арыз құрылымдары туралы, қоғамдағы алатын орны туралы мәлімет
Еңбек қатынастарын құжаттау. Қазақ әдеби тілінің стильдері.
Еңбек қатынастарын құжаттау. Қазақ әдеби тілінің стильдері.
Оқушыларға ресми ісқағаздар стилі мен оның ішінде еңбек қатынастары жөніндегі құжаттар туралы түсінік беру; жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгерту.
Ресми іс қағаздар стилі
Ресми іс қағаздар стилі
«Ж. Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Смадиярова Мадина Нұржігітқызы
Іскерлік ортада сөйлеу мәдениеті
Іскерлік ортада сөйлеу мәдениеті
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Бөгетсай орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Маханалина Багдагул Разакбергеновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×