Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қорқыт ата кітабы

21 наурыз 2013, Бейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Қорқыт ата кітабы
Сабақтың мақсаты: а) Қорқыттың білімдар, ақылгөй, ойшыл, зиялы, ірі тұлға екенін оқушыларға жеткізу. Қорқыт кітабы, ондағы жырлар жөнінде түсініктер беру;
ә) Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау, ойларын еркін жеткізуге баулу;
б) өнер адамына, еліне, тарихына, табиғатына, тілге деген сезімдерін ояту.
Сабақта қолданылатын әдістер. Ойқозғау, баяндау, топтастыру, ұжымдық, жеке жұмыстар.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгеру сабағы
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта арқылы көрсетілетін слайдтар, қобыз суреті, сабақ эпиграфына алынған сөз.
Пәнаралық байланыс: музыка, тарих

Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып өту
Сабақтың эпиграфы: «Қорқыт алғаш қобыз тартып, сарын айтуда үйреткен ең бірінші бақсы». Ш.Уалиханов
1. Ойқозғау
а) Қорқытты кімдер зерттеді?
ә) Ол туралы аңыздар?
б) Қорқыттың күйлері, шығу тарихы
2. Жаңа сабақ.
Қорқыт ата кітабы, жырлары туралы түсініктер беру
3. Кімнің портреті берілген?
А) Ол Білге қаған кезінде төбе би болған. Елінің тарихын, тағдырын жыр еткен, толғап айтқан жырау
Ә) Түркілердің оғыз тайпасынан шыққан асқан сәуегейі, бақсы, күйшілік, жыраулық өнердің атасы?
Б) Ол ағасы Қапаған ханмен бірге әке ісін жалғастырушы, алты жасынан бастап жауларымен жиырма үш рет соғысып, жауларының «елдігін әлсіретеді», «Қағандығын қансыратады».
4. Кестені толтыру «Дерсе хан ұлы Бұқаш туралы жыр»
Оқиға: Баланың Бұқаш атануы
Оқушы жауабы: Он беске толғанда сүзеген бұқамен айқасып, жеңеді.
Оқиға: Баланың өліміне себепші кімдер?
Оқушы жауабы: Айналасындағылар әкесіне Бұқашты жамандап, елдің жауы етіп көрсетіп, жалған жала жабады.
Оқиға: Бұқаштың қайта тірілуі
Оқушы жауабы: Анасы Бұқашты тауып алып, оның жарақатын емшегінің сүтімен жазып алады.
Оқиға: Әкесінің тұтқынға түсуі
Оқушы жауабы: Дерсе хан елін жау шауып, хан тұтқынға түседі. Бұқаш жауды талқандап, Дерсе ханды аман – есен еліне алып қайтады. Сөйтіп, өзін өлімге қиған әкесін жау қолынан ажалдан құтқарады.
Оқиға. Жырдың тақырыбы, идеясы
Оқушы жауабы: Анаға деген түркі халықтарының құрметі, ұрпаққа деген сүйіспеншілігі, ұрпақ жалғастыру мәселесі, ата – ана мен балалар арысындағы парыз. Ерлік жасау, ізгілік көрсету

5. Шығармашылық жұмыс. «Өлеңге әркімнің - ақ бар таласы». Оқушылардың Қорқыт аталарына арнап шығарған өлеңдерін оқуы.
6. Сабақты қорытындылау, бекіту.

Қорқыт:
VІІІ ғ. өмір сүрген;
Құт әкелуші кісі;
Мәңгі өлмейтін өмір іздеуші;
«Қорқыт ата» кітабының» авторы...
Күйші, жырау

Қызылорда қаласында Қорқыт атындағы университет бар.
Қызылорда облысы, Шиелі ауданында Қорқыт атамыздың ескерткіші бар. (тақтадан суретін көрсету).

7. Сабақты қорытындылап, оқушы білімін бағалау.
8. Үйге: Қорқыт ата кітабындағы шығармаларды оқып, мазмұнын баяндау. Сөзжұмбақтар құрастырып келу. Қорқыт туралы материалдар жинақтап келу.
12 028
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Қорқыт ата кітабы (күнделікті сабақ жоспары)
Қорқыт ата кітабы (күнделікті сабақ жоспары)
Қорқыт ата ҮІІІ – ІХ ғасырларда Сыр бойындағы Жанкент қаласында өмір сүрген. Ол кісінің мазары қармақшы стансасынан 18 шақырымдай жерде тұр. Қорқыт – түркілердің оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, бақсы, күйшілік, жыраулық өнердің атасы. Қобыз
Қорқыт ата кітабы
Қорқыт ата кітабы
«Қорқыт ата кітабының» тарихилығын, көркемдік ерекшелігін таныту, білімді дамыта отырып, танымдық қабілетін арттыру.
Киелі аспап - қобыз!
Киелі аспап - қобыз!
Қобыз күйлері арқылы оқушылардың сана сезімін, ой - өрісін кеңейту. Өткен заман мен қазіргі заманды сабақтастыра отырып баланың өмірге көзқарасын қалыптастыру.
Қорқыт ата кітабы
Қорқыт ата кітабы
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Бөгетсай орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Маханалина Багдагул Разакбергеновна
Аңыздар. Қорқыт
Аңыздар. Қорқыт
Ана тілі Тақырыбы: Аңыздар Қорқыт Мақсаты мен міндеттері: халық ауыз әдебиеті аңыз үлгілерімен таныстыру;
Қорқыт ата кітабы
Қорқыт ата кітабы
Атырау қаласы, Амангелді орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жанатаева Айымгүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×