Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Су - тіршілік нәрі

20 қараша 2014, Бейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Тақырыбы: «Су - тіршілік нәрі»

Мақсаты: Адам өміріндегі қажетті жағдайлардың бірі су екенін, сусыз тіршілік жоқ екенін ұғындыру. Оқушыларға судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелеу. Жергілікті жердегі су айдындарымен таныстыру. Суды үнемдеп пайдалануға және судың барлық ерекшеліктері туралы сипаттау. Қазіргі кезде адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат - ананы қорғап, аялауға үйрету. Экологиялық тәрбие беру.
Күтілетін нәтиже: 1. Оқушылар судың адам өміріндегі маңызын түсінеді.
2. Тәжірбие жасау арқылы судың қасиеттерін біледі. 3. Суды аялау, қорғау керектігін үйренеді
Сабақ әдісі: СТО стратегиялары, ассоциация құрастыру, сұрақ - жауап, топпен жұмыс, әңгімелеу, кері байланыс, бағалау
Ресурстары: Мақал - мәтелдер, тыйым сөздер, сызбалар, тәжірбиеге қажетті заттар, жұлдызшалар, слайдтар, кеспе қағаздар т. б.
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа әзірлеп алу

Психологиялық дайындық
Айдай арайлап, Күндей күлімдеп,
Судай таза көңілмен
Бүгінгі сабағымызды бастаймыз - Балалар, қазір біз сабағымызды бастамас бұрын 3 топқа бөлініп аламыз.

1 - топ «Су», 2 - топ «Бу», 3 - топ «Мұз»
Топ басшыларын сайлау

Қызығушылықты ояту Жұмбақ жасыру.
1. Аяқсыз - ақ жорғалайды, жүреді.
Ауызы да жоқ, сыңғырлайды, күледі.
Онсыз бірақ жер бетінде тіршілік жоқ,
Айтыңдаршы, осыны кім біледі.
(Су)
Яғни, бүгінгі сабағымызды су тақырыбына арнаймыз.

2. Қыста шыны боп қатады,
Жылыда су боп жатады..
(Мұз).
3. Көзге көрінгенмен
Ұстасаң қолға ілінбейді.
(Бу.)

- Бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы «Су – тіршілік нәрі» деп аталады. Ойыма ақын Тұрсынзада Есімжановтың су туралы мынадай өлең жолдары оралады.
Су жүргізер тіршіліктің тамырын,
Су жоқ болса, тіршілік тамам бауырым.
Судың біз біле тұра маңызын,
Көп болған соң ұмытамыз қадірін, - дейді.

Кіріспе әңгіме
Су. Екі ғана əріптен құралған осынау мөлдір сұйықтықта тіршіліктің көзі жатыр. Бірақ күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған су туралы біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Жапондық психолог - ғалым Масару Эмото: «Су адамның психикалық энергиясын бойына сіңіре алады және оны ұзақ уақыт бойында «есіне» сақтап, тіпті басқаларға жеткізе алады. Судың бойына жинақталған таза энергия небір ауруларға ем болады», — деп жазады. Ғалымдардың айтуынша, расында да судың қасиеті өте мол. Мәселен, су дене температурасын тұрақтандырады, азық, қалдық, оттегіні тасымалдайды, адам зейінін ашады, стресс пен депрессияны басады, ұйқыны жөнге келтіреді, көзге жанар береді, ағзада қан жасалуын реттейді, иммунитетті күшейтеді.

Су - тіршілік нәрі. Тіршілікке қажетті бес жағдайдың бірі су екенін білесіңдер. Су бар жерде тіршілік бар. Адам тәулігіне 4 - 5 литр су ішеді. Адам баласы тамақ ішпей бір айдан астам өмір сүре алады. Ал сусыз 1 аптадан артық өмір сүре алмайды

Яғни, бүгінгі тақырыбымыз су тақырыбына арнаймыз. Ал енді өздерінің су туралы не білетіндеріңді сұрайын
Су дегенде ойларыңа не келеді?
Ассоциация құрастыру Су
2. Су туралы мәліметтер айту
Өздерінің су туралы білетіндіктерін сұрайын:
Картада су көк түспен белгіленген. Су жердің төрттен үш бөлігін алып жатыр. Сусыз өмір жоқ

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 221
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Су - тіршілік нәрі
Су - тіршілік нәрі
Балаларға су туралы түсінік беру. Судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдік тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру. Суды үнемдеп пайдалануға оның қасиеттерін түсіндіру. Суды ластамауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Су – тіршілік көзі
Су – тіршілік көзі
Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Үнемшілдікке тәрбиелеу. Қоршаған ортаны қорғауға ауаны, суды ластамауға шақыру. Қазақстандағы ірі көлдер мен өзендер туралы әңгімелеу
Су. Судың маңызы
Су. Судың маңызы
Судың барлық ерекшеліктерін сипаттау: түсін, мөлдірлігін, иісін, тазалығын, жергілікті жерге тигізетін пайдасын (ауыз суға, мәдени өсімдіктерді суаруға, ішуге жарай ма, жарамайтын болса, неліктен екенін анықтау
Cу – тіршілік негізі
Cу – тіршілік негізі
Бастауыш сынып мұғалімі Ибрашева Гулжамал
Су – еріткіш. Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Су – еріткіш. Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Астана қаласы, №61 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Букенбаева Замзагуль Кабдолловна
Су- өмірдің нәрі
Су- өмірдің нәрі
Мақсаты: Адам өміріндегі қажетті жағдайлардың бірі су екенін, сусыз тіршілік жоқ екенін ұғындыру. Міндеті: 1. Оқушылар судың адам өміріндегі маңызын түсінеді.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×