Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Координаталық жазықтық. Тік бұрышты координаталар жүйесіне есептер шығару

09 наурыз 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Қ. Күлетов атындағы №92 орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
Маханова Меңтай Жалғасбайқызы

Сабақтың аты: Координаталық жазықтық. Тік бұрышты координаталар жүйесіне есептер шығару
Жалпы мақсаты: 1. Оқушылардың 75%- ы он минуттың ішінде бес есептің төртеуін шығара білу;
2. Топтық жұмыстың ережесін сақтауды үйрену;
3. Тақырыпты күнделікті өмірмен байланыстыра есте сақтауға бейімдеу;
Күтілетін нәтиже
1. Оқушылардың 75%- ы он минуттың ішінде бес есептің төртеуін шығара алу керек;
2. Топтық жұмыстың ережесін сақтауды үйренеді;
3. Сабақтың құраушы бөліктерін күнделікті өмірмен
байланыстыра есте сақтауға бейімделеді.

Негізгі идеялар:
1) Жазықтықтағы А нүктесінің координаталарын табу үшін:
а ) А нүктесінен абсциссалар осьіне перпендикуляр түсіп, оның Ох осьімен қиылысу нүктесінің координаталарын табу керек. Сол А нүктесінің абсциссасы болады.
б ) А нүктесінен ординаталар осіне перпендикуляр түсіріп, оның Оу осьімен қиылысу нүктесінің координаталарын табу керек. Сол А нүктесінің ординатасы болады.
2) Координаталары бойынша нүктені сала білу. Мысалы: Д (- 3; 4)
3) Координаталар остерінің қасиеттері:
Координаталар остері жазықтықты төрт бөлікке бөледі. Оларды ширектер деп атайды.

Тапсырмалар: 1. «Ой қозғау» (сергіту жаттығуы)
2. Топпен жұмыс («таудың ұшар басына бірге шығу» стратегиясы)
3. Оқулықпен жұмыс № 1141 - 1147 есептер
4. Жеке жұмыс ( тест)
5.«Екі жақты түсіндірмелі күнделік»

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І. Ұйымдастыру (2 минут)
2. Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру(бір - біріне жылы лебіздер айту)
1 - қадам. « Ой қозғау» ( Сынып оқушыларына сергіту жаттығуларын жасату )
Ойын шарты: Мұғалім дұрыс немесе дұрыс емес жауаптар оқиды. Дұрыс жауап оқылса оқушылар қолдарын тік жоғары көтереді, егер дұрыс емес жауап оқылса қолдарын горизонталь бағытта созады.
1. Түзуден тыс жатқан нүкте арқылы оған бірнеше параллель түзу жүргізуге болады.(бұрыс)
2. 900 жасай қиылысқан түзулер перпендикуляр деп аталады.(дұрыс)
3. А (- 2; 4) нүктесі І ширекте орналасқан..(бұрыс)
4. Координаталар жүйесін енгізген ғалым Карл Гаусс.(бұрыс)
5. Бір түзуге перпендикуляр түзулер өзара да перпендикуляр болады.(бұрыс)
6. Екі теріс санның көбейтіндісі оң сан.(дұрыс)
7. Көбейтіндісі 1 - ге тең сандар өзара жай сандар деп аталады.( бұрыс)
8. Бөлшек дұрыс болу үшін оның алымы бөлімінен кіші болса жеткілікті.(дұрыс)

2 - қадам. Топтық жұмыс («таудың ұшар басына бірге шығу» стратегиясы) (15 минут)
топтарға жаңаша бірігу арқылы топтастыру.
Әрбір оқушы тақтадағы тапсырмаларды жеке немесе тобымен бірлесе отырып орындайды.
Топтардың өзара бағалаулары арқылы бағаланады.
3 - қадам Оқулықпен жұмыс № 1141 - 1147 есептер (жұптық жұмыс )

№1141 Шегіртке координаталық жазықтықта А(1;- 1) нүктесінен солға (батысқа) қарай 3 бірлікке секірді. Оның әрбір келесі секіргені алдыңғысынан 1 бірлікке ұзын. Шегіртке батысқа қарай секірген соң, солтүстікке, сонан соң шығысқа, сонан соң оңтүстікке қарай секірді. Шегіртке осылайша 4 рет секіргенде координаталары қандай нүктеде болды?

4 - қадам. Жеке жұмыс (тест тапсырмасы)
«Екі жақты түсіндірмелі күнделік»
Сабақ рефлексиясын жазу.

Толық нұсқасын жүктеу
6 635
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Координаталық жазықтық. Координаталар бойынша нүктені салу тақырыбына Есептер шығару.
Координаталық жазықтық. Координаталар бойынша нүктені салу тақырыбына Есептер шығару.
Координаталық жазықтық. Координаталар бойынша нүктені сала білуге, берілген нүктелердің координаталарын табу біліктіліктерін пысықтау.
Координаталық жазықтық. Координаталары бойынша нүктені салу
Координаталық жазықтық. Координаталары бойынша нүктені салу
Тік бұрышты координаталар жүйесін түсіндіре білу; координаталық жазықтықтағы нүктенің координаталарын табу, координаталары бойынша нүктені салу.
Кесінді ортасының координаталары есептер шығару
Кесінді ортасының координаталары есептер шығару
Тік бұрышты координаталар жүйесі орналасқан жазықтық координаталық жазықтық деп аталады. Санақ басы ортақ, өзара екі перпендикуляр түзуді координаталық жүйе деп атайды.
Координаталары бойынша нүктені салуға есептер шығару
Координаталары бойынша нүктені салуға есептер шығару
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Бостандық орта жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі Айтасова Зауреш Сәлімқызы
Координаталық жазықтық. Координаталары бойынша нүктелерді белгілеу
Координаталық жазықтық. Координаталары бойынша нүктелерді белгілеу
Жаңаарқа ауданы, С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Қуанышбекова Самал Көшкенқызы
Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі. Координаталары бойынша нүктелер салу
Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі. Координаталары бойынша нүктелер салу
Атырау қаласы Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің математика пәні мұғалімі Жұмашева Зоя Сарсенбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×