Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Біржан сал

23 ақпан 2016, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Біржан сал
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Сәкен Сейфулиннің өмір жолымен және шығармаларымен таныстыра келе «Біржан» өлеңінің мазмұнын ашу. Біржан
Қожағұлұлының қазақтың атақты сазгері, әнші, ақын, қазақтың халықтық ән өнерінің алыбы екендігін түсіндіру.
Тәрбиелілігі: Бабалар өмірін үлгі ете отырып, өскелең ұрпақты өнер сүйгіштікке, дәстүрлі ән өнерін бағалай білуге, ұлтжандылыққа, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өздігінен қорытынды шығаруға баулу.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, «Біржан сал киносынан»
үзінділер, ребус, мақал - мәтелдер, Венн диаграммасы.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру

– Сәлеметсіздер ме, оқушылар?

– Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болмақ, өйткені, бүгін ана тілінен мен сабақ беремін. Менің атым Койшыбаева Умит, Манашы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімімін және де, оқушылар, сіздердің білімдеріңізді көруге, бағалауға мұғалімдер келіп отыр. Мен де сендердің білімдеріңді сабақ барысында мына жылқылармен бағалап отырамын.
«5» алған баланы – Бауыржан атамыздың ақ боз аты сияқты жылқымен бағалаймын;
«4» алған баланы – төрт те жақсы баға деп қанағатшыл болып тұрған қызыл кері жылқымен бағалаймын;
«3» алған баланы – енді сабағыңа көбірек дайындал деп тұрған қара жылқымен бағалаймын.

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты – қазақ тарихында өзіндік орны бар ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармаларын үйрену, сол дәуірдің тұрмыс тіршілігімен танысу. Қазақ тарихындағы ұлы тұлғалар: Құрманғазы, Сәкен, Біржан ауылдарына саяхат жасау.

ІІ. Үй тақырыбын сұрау
- Оқушылар, үйге қандай тапсырма берілді?
- Әбіш Кекілбаевтың «Күйші» әңгімесі.
- Ал, оқушылар, біз саяхатқа шықпас бұрын Әбіш Кекілбаев туралы не білеміз?

1) Әбіш Кекілбаев кім болған? ( Әбіш Кекілбаев 1939жылы 6желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Ол жазушы, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хатшысы болып істеген, Қазақстан Парламент Сенатының депутаты, «Отан», « Қазақстанның тұңғыш Президентінің Н. Назарбаев» орденімен марапатталған. 2009 жылы оның «Сыр десте» деп аталатын жинағы жарыққа шықты). (слайд көрсетіледі).
- Дұрыс таптыңдар. Әбіш атамыз сіздерге риза болып, бізге сыйлыққа саяхатқа шығатын жылқыларын беріпті. Біз сол жылқыларға мініп, өткен сабағымыздағы тақырыбымызға байланысты Құрманғазының ауылына саяхатқа барамыз. Олай болса, атқа қонайық!
(Слайд көрсетіледі, «Адай» күйінің ырғағымен жылқыға мініп, Құрманғазының ауылына барамыз)

2 ) Құрманғазы кім болған? (Қазақтың күйші - сазгері, домбырашы, халықтың аспаптық күй өнерінің шыңы.)
3 ) Оның қандай күйлерін білесің? («Адай», «Ақбай», «Қайран шешем», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Аман бол, шешем, аман бол», және т. б.)
4) Жолаушылап келе жатқан кім және оның жылқысы неден шошыды?
5) Жолаушыны кім қарсы алды?
6) Үй ішінде кімдер бар екен?
7) Ақсақал жолаушыға қандай өтініш айтты?
8) Күй үйдегілерге ұнады ма?
9) Құрманғазының шәкірттерін ата. (Дина Нұрпейісова, Ерғали Есжанов, Меңдіғали Сүлейменов).
10) Құрманғазының ұстазы кім? ( Атақты домбырашы - Ұзақ)
Мазмұнын бір оқушыдан сұраймын
11) Қазіргі таңда Құрманғазының өнерін халқы бағалады ма?
(Слайд көрсетіледі)

- Қазақ тарихында Құрманғазы ұлы тұлғалардың бірі болып қалды.
- Сол сияқты, оқушылар, қазақ тарихында өзінің өнер - білімімен, асқан талантымен із қалдырған ұлы тұлғаның ауылына саяхатқа барамыз. Ол тұлға кім болды екен? Қане, атқа мініп, сол ауылға барайық!
- (Слайд көрсетіледі, «Адай» күйінің ырғағымен жылқыға мініп, Сәкен Сейфуллиннің ауылына барамыз)

Сәкен Сейфуллин 1894жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында туған. Ол қазақ әдебиетінің өсіп, дамуына үлкен үлес қосқан ақын әрі жазушы. Көне әдебиет үлгілерін жинап, кітап етіп шығарған зерттеуші. Қазақ жастарының оқып, білім алуына зор көңіл бөліп, мектеп оқулықтарын жасауға қатысты.
Сәкен Сейфуллин жалған жаланың құрбаны болған. (Ал тақтаға қарап алайық)

ІІІ. Тақырыптық байланыс
Кинодан үзінді көрсету
- Бұл қай киноның үзіндісі? (Біржан сал)
Олай болса, бүгінгі өтетін тақырыбымыз Сәкен Сейфуллиннің «Біржан» өлеңі.

ІҮ. Жаңа тақырып: Сәкен Сейфуллин « Біржан»
- Оқушылар, уақыт болса тығыз, біздің әлі баратын жеріміз көп, сондықтан Біржан туралы көбірек білуіміз үшін Сәкен ағамыздың жазған өлеңімен «Біржан ауылына» барып таныссақ. Олай болса, Біржан ауылына саяхатқа шығамыз.

Біржан
Қазақта даңқы шыққан Біржан ақын.,
Келтірген сұлу өлең сөздің нарқын.
Сан топта, сан жүйрікпен жарысқанда.
Келмеген қапталына ешкім жақын.
Көтеріп көкіректі ырғағанда,
Дауысын шарықтатып, шырқағанда,
Дауысы алты белден естілетін
Құлаштап домбыраны бұлғағанда.
Қазақта кім білмейді Біржан салды,
Ағызған қызыл тілден шекер балды.
Сан ақын жарысқанда талай топта
Үздік боп, бәйгені ақын Біржан алды.

Біржан Қожағұлұлы (1825 - 1897) – қазақтың атақты халық сазгері, әнші, ақын. Ол қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Ғабит Мүсірепов атындағы совхоздың «Қожағұл бүркеуі» деп аталатын жерде дүниеге келген. Біржанның өмір кешкен жері Көкшетаудың Бурабай өлкесінде.
Біржан 7жасынан бастап Қызылжардағы екі сыныптық орыс мектебінде (приходская школа) оқиды. Ол жиырма жасынан бастап ән шығара бастады. Оның өнерін жетілдіруге сол өлкенің белгілі ақын күйшілері ықпал жасап, ұстаздық етеді. Біржан өмір бойы салдық құрып, ел аралап, ән салып жүрген. Сондықтан ол Біржан сал аталады. 1865 жылы Абаймен кездеседі. Мұның өзі оның әншілік, ақындық өнерінің ұштла түсуіне үлкен әсер етеді. Абай да Біржанның үлкен талант иесі екенін танып, оны лайықты бағалайды. Әсіресе Абай бір адамның ән шығарушылық, ақындық асқан орындаушылық өнерлерді осынша шебер меңгергеніне таң қалады.

Біржан сал қазақтың әншілік өнерін жаңа белеске көтереді. «Ақтентек», «Алтын балдақ», «Айтбай», «Көкек» сияқты әндері шоқтығы биік туындылар. Біржан жылқы баласын жақсы көрген. Сондықтан кейбір шығармалары жел жетпес жүйрікке, тайпалған жорғаға арналған. Мәселен, Қырғикөк, Сұржорға, Бурылтай ән - өлеңдері осындай әндер қатарына жатады.

Ол өз төңірегіне талантты ақындарды, өнерпаздарды,, әншілерді жинай білді. Солардың ішінде Жаяу Мұса, Ақан сері, Үкілі Ыбырай және Біржан бастаған ақындық, әншілік өнерді әрі қарай дамытты. Олар ұстазының әндерін қалың қазақ арасына таратушылар болды. Осының нәтижесінде Бізге Біржанның қырыққа жуық әндері келіп жетті.

Біржан дарынды ақын. Бұл қасиеті суырып салма ақындығынан байқалады. Осы өнері сол заманның белгілі ақындарымен айтысында көрінеді. Әсіресе оның Сарамен айтысы ерекше маңызды. Біржанның неше түрлі мысқыл, күлкілі өлеңдері бар. Ол шығармаларында сараң байларды, әділетсіз болыстар мен олардың шабармандарының кінәсін бетіне басады.
Біржан әндері біздің еліміздің ән өнерінде кеңінен пайдаланып келеді. Олар тек сахналарда шырқалып қоймай, бірқатар сазгерлердің шығармаларына негіз болып отыр.
Бір сөзбен айтқанда Біржан – қазақтың халықтық ән өнерінің алыбы.

Ү. Кітаппен жұмыс
Өлеңді іштей оқу. Оқушыларға өлеңді мәнерлеп, тізбектей оқыту.
Кітап тапсырмасын орындау.
1. Өлеңдегі « сөздің нарқын» тіркесіндегі «нарқын» сөзін басқа сөзбен алмастырып көр. Сөздің құнын, бағасын деп ауыстыруға болады.
2. «Сал» сөзінің мағынасын үлкендердің көмегімен біліп ал. Сал – сауықшыл, елден ерекше сән түзеп, үкілі тақия, қызылды - жасылды оюлы - өрнекті киім киінетін, әрі әнші, әрі ақын, қасында өнерпаз жастар топ - тобымен жүретін өнерлі жігіт. Сері – жүйрік ат, ұшқыр тазы, қыран құс ұстайтын әрі әнші, әрі ақын, сегіз қырлы, бір сырлы өнерлі жігіт.
3. Сал сөзінің 3 - 4 мағынасы бар, оларды ауызша айту. (Слайд көрсету)
4. «Ағызған қызыл тілден шекер балды» жолдарының мағынасын қалай түсінесің? Сөзді мәнерлеп жеткізетін, тапқырлығымен, шешендігімен, бір ауыз сөзімен елді өзіне қарататын дегенді білдіреді.

ҮІ. Дәптермен жұмыс
Сал – сауықшыл, елден ерекше сән түзеп, үкілі тақия, қызылды - жасылды оюлы - өрнекті киім киінетін, әрі әнші, әрі ақын, қасында өнерпаз жастар топ - тобымен жүретін өнерлі жігіт.

- Оқушылар, Біржан атамыз сендердің берген жауаптарыңызға разы болып, ақ батасын беріп жатыр. Біржан ауылынан біз Біржан атамыз туралы көптеген мәліметтер алдық. Осы алған білімдерімізді өз ауылымызға барып, әрі қарай шыңдайық.
(Слайд көрсетіледі, «Адай» күйінің ырғағымен жылқыға мініп, Бейнеу ауылына барамыз)

ҮІІ. Бекіту Ал, балалар, бастайық
Асықпайық, саспайық.
Не үйреніп, не білдік?
Соны ортаға салайық.

Сұрақ - жауап:
1. Балалар біз бүгін қандай тақырыппен таныстық?
2. Авторы кім?
3. Біржан кім? Қандай ақын?
4. Біржан 1865жылы кіммен кездесті?
5. Оған қандай баға берді?
6. Ол кіммен айтысты?
7. Қандай әндерінің атын білеміз?

Венн диаграммасы
Құрманғазы -------------- Біржан сал

ҮІІІ. Бағалау

ІХ. Қорытындылау
- Сонымен, оқушылар, біз Сәкен Сейфуллиннің «Біржан» өлеңінен Біржан Қожағұлұлының атақты әнші, сазгер, суырып салма ақын екендігін білдік. Біржанды халқы бағалап, ақындар өз өлеңдеріне арқау етсе, режиссерлар ол туралы кино түсірген. Біз Біржанды қазақ тарихында өз орны бар ұлы тұлға ретінде және қазақтың халықтық ән өнерінің алыбы деп білеміз.

Х. Үй жұмысы
С. Сейфуллиннің “Біржан” өлеңін мәнерлеп оқу

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Сам орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Койшыбаева Умит Джаумытбаевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 270
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Оркестр құрамындағы аспаптар
Оркестр құрамындағы аспаптар
Оркестр құрамын үрмелі және ұрмалы аспаптарсыз елестету мүмкін емес. Қазақ халқында көне үрмелі сыбызғы аспабы сақталған. Сыбызғы аспабы ешқандай өзгеріске ұшырамай, өзінің о бастағы табиғи түпнұсқа қалпын сақтап қалды.
Музыка және қолданбалы өнер
Музыка және қолданбалы өнер
Қазақ халқының ұлттық музыкалық мәдениетінің ерекшелігін аша отырып, оқушыларға қазақтың ұлттық ән - күй өнері мен оның дамуы туралы нақты мағлұмат беру.
Алматы - бас қалам.  Жас қала - Астанам
Алматы - бас қалам. Жас қала - Астанам
Жарасқан Әбдірешовтің «Алматы - бас қалам, Жас қала - Астанам» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету. Өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау. 2) Өз бетінше жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, ойлау қабілетін арттыру.
Динара Мыңжасарқызы «Мектептен жырақ жол»
Динара Мыңжасарқызы «Мектептен жырақ жол»
Мәтінді түсініп оқуға, жақсы мен жаманды ажырата білуге үйрету; қазіргі таңда ғаламторлық ойындардың адам денсаулығына зиянын тигізетінін оқушыларға жете түсіндіру.
І. Жансүгіров «Бөбек бөлеу»
І. Жансүгіров «Бөбек бөлеу»
Ілияс Жансүгіровтың «Бөбек бөлеу» шығармасын таныту, өлеңнің құрылысына назар аудартып, талдау, «Бесік жырымен үндестігін ұғындыру;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.