Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

15 сәуір 2017, Сенбі
Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»
Үздік ұстаз бәйгесіне
Қазақ әдебиеті. 8 - сынып.
Сабақтың тақырыбы: Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
2. Дамытушылық: Жеке тұлғаны көркем сөз құдіретіне үңілдіре отырып, ой қорытуға, пікір айта білуге машықтандыру, өз беттерімен іздену арқылы топта жұмыс істеу дағдысын арттыру, мақсатқа жету үшін шығармашылықпен жұмыстану қабілеттерін одан әрі дамыту.
3. Тәрбиелік: Жеке, топтық жұмыстарда бір - бірінің пікірін тыңдау, сыйлай білуге, сөйлеу мәдениетіне баулу, рухани - адамгершілікке, қайырымдылыққа, адалдыққа, бауырластық рухқа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: білім, іскерлік пен дағдыны жинақтау сабағы
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары
Сабақтың көрнекілігі - жабдықтар: кесте - сызба, парақшалар, Ш. Мұртазаның томдық кітаптары, бағалау парағы, интербелсенді тақта
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, дін, психология.
Сабақтың айдары: «Адам баласын бауырым деу – жүрек ісі,
Адам баласына адам баласының бәрі – дос, жолдас, бауыр»
Абай

Сабақтың барысы: І Қызығушылықты ояту
1. Оқушылардың, кабинеттің сабаққа дайындығы тексерілгеннен кейін, бүгінгі сабақтың мақсаты жайлы түсінік беріледі. Әдеби қонақжай сабағы
2. Топқа бөлу жыл мезгілдері арқылы – «Ақиқат» тобы, «Тапқырлар» тобы
3. Сабаққа психологиялық дайындық кезеңі «Мен де бір тілек арнаймын»
Мұғалім тілегі: «Өмірлеріңе ақ жол тілеймін!» ( 1 - слайд)

(Бүгінгі әдеби қонақжай сабағында оқушы тілектері тыңдалады)
4. Бағалау парақтарын үлестіру, түспен белгілеуді ескерту
5. Бағалау парағы «Ақиқат» тобы

1. Үй тапсырмасын тексеру:
Ұрпақты ойлап жауға шапқан құралсыз,
Сіз – қазіргі Рысқұлов Тұрарсыз.
Азаматсыз, Қайраткерсіз жұрт үшін,
Аймауытов Жүсіпбектей ұрансыз!

Тік көтердің елің артқан жүгіңді,
Қайратыңа дос тұрмақ қас сүйінді.
Сөз бен істің бірлігінің айнасы –
Сексен жылдық ғұмырыңыз бүгінгі!
Өлең жолдары кімнің болмыс - бітімін баяндап тұр? Әрине, Шерхан Мұртаза! (түсініктеме беру)
«Автор орындығы»
Әр топтан бір оқушы шығып, оқушылар сұрағына жауап береді.
І авторға сұрақ:
1. Сіз қай жерде, нешінші жылы дүниеге келдіңіз?
2. Драматург ретінде қандай шығармаларыңызды атай аласыз?
3. Шығармаларыңызға көбіне негіз болатын тақырып?
4. «Ай мен Айша» романынан үзінді «Ай шуақ түндер» деп неліктен атадыңыз?
5. Сіздің қырғыздармен туыстық қатысыңыз бар секілді. Осы жағдайды әңгімелесеңіз.
ІІ авторға сұрақ:
1. Жоғары білім алдыңыз ба?
2. Қандай әңгіме, хикаят, романдарыңыз бар?
3. «Бесеудің хаты» драмалық шығармаңызға қандай жағдайды арқау етіп алдыңыз?
4. «Ай шуақ түндер» шығармаңыздағы анаңыздың «Мұртаза «халық жауы» дегеннен бәрі қорқатын шығар» деген сөзімен не айтқыңыз келді?
5. Айша анаңыздың балалық шағын әңгімелесеңіз.

ІІ Мағынаны тану
«Жолбарыс жүректі жампоз жазушы»
1. Ш. Мұртаза өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеу (2, 3, 4, 5 - слайд)
Үзінді мазмұнымен таныспас бұрын интербелсенді тақтадан суреттер көрсету; мылтық, ту, кішкентай қыз.
2.«Болжау кестесі»
3. Оқушылар ойларынан кейін мазмұнын баяндау
Мазмұндық жоспар: дәптерге жазу
1. 1941 жылғы қазақ ауылының тіршілігі;
2. Көшіп келген немістердің елге сіңіп кетуі;
3. Кішкентай Эльзаның ауыр жағдайы;
4. Әділетсіздік туралы ойлар;
5. Эльзаның қайтыс болуы;
6. «Неміс көшесіндегі» мейірімді жандар.
4. Оқушы деңгейін анықтау және шығарма мазмұнын игеру үшін анализ, синтез, баға беру сияқты танымдық іздендіру жұмыстары жүргізіледі.
І топ – «Ақиқат» тобының тапсырмалары:
1.«Екі түрлі түсіндірме күнделігі»

Тақтаға жазу
2. «Әдебиет лотосы» шығарманың көркемдік тіліне талдау жаса.

3. Жазушы кішкентай Эльзаның өлімі арқылы не айтқысы келді?

ІІ топ – «Тапқырлар» тобының тапсырмалары:
1. Шығармадағы Отто Бауэр, Анна Вольф бейнелерін салыстыр.
3. Жазушының неміс ауылдастарына деген көзқарасы қандай?

4. (Топтық жұмыс кезінде 2 топтан екі оқушы шығып, сайыс өткізіледі)
Білекке сенген заманда,
Ешкімге есе бермедік.
Білімге сенер заманда,
Қапы қалып жүрмейік.
Абылай хан

«Жаңылдырсаң да, жаңылмаймын»
1. Ш. Мұртаза 1932 жылы дүниеге келді. Иә
2. Алып Ер Тоңа түркілердің көсемі. Иә
3. Алпамыс, Қобыланды батырлар жыры Орхон ескерткіштеріне жатады. Жоқ
4. «Диуани хикмет» Фараби еңбегі. Жоқ
5. Махамбеттің «Мұнар күн» өлеңі өзі туралы. Жоқ
6. «Қалқаман - Мамыр» дастаны Шәкәрімдікі. Иә
7. «Сұраншы батырды» Жамбыл жырлаған. Иә
8. «Түркістан» өлеңін М. Жұмабаев жазған жоқ. Жоқ
9. Бақтығұл «Қараш - қараш оқиғасы» хикаятының кейіпкері. Иә
10. М. Дулатов «Оян, қазақ!» өлеңдер жинағын шығарды. Иә
5. Топтық жұмысты тексеру
Қазақстандағы әр ұлттың ассамблея жұмыстары, «Қазақстан – 2050» Жолдауы туралы айтып өту

ІІІ Ой - толғаныс
Тақырыптың нәтижесін айқындау(Баяу әуен ойнап тұрады)
І топқа – РАФТ әдісі: (Мысалы, Эльзаның қандастарына түсінбеушілік хаты)
ІІ топқа – 5 минуттық эссе «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...»
(Әр оқушыға ынталандыру бағытында өлең арнау)
ІҮ Қорыту, бекіту
«Болжау кестесі» Не болды? (оқушылар ойын тыңдау)

Ү Үйге тапсырма
1. Шығарманың мазмұны;
2. «Халықтар достығы – елдігіміздің белгісі» тақырыбында шығарма жазу

ҮІ Бағалау. Бағалау парақтары арқылы қорытынды бағасын қою
Рефлексия кезеңі
1. Жасыл түс – жаңа идеялар байқадым;
2. Қызғылт түс – сабаққа көңілім толды;
3. Көк түс – жаңа тақырып сезіміме әсер етті.

БҚО, Ақжайық ауданы,
Алмалы ауылы, «Алмалы орта жалпы білім беретін мектебі» КММ
қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Утешов Болат Нагимович

Толық нұсқасын жүктеу
15 111
0
1 дауыс
Оқи отырыңыз
Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»
Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»
Жазушының өмірі, шығармашылық жолы жайлы, шығарманың жалпы мазмұны, шығармадағы кейіпкерлер туралы, кейіпкерлердің басынан өткен қызықты сәттерінен мәлімет бере отырып, шығарманың мазмұнын ашу.
Менің бос уақытым
Менің бос уақытым
Бос уақыт туралы түсінік беру. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін жаттықтырып, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету;
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөздердің жасалу жолдарын меңгерту, түрлерін таныту. Ойлау, қабылдау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту, ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту
MS WORD тақырыбы бойынша қорытындылау сабағы
MS WORD тақырыбы бойынша қорытындылау сабағы
Word бөлімін қайталау, оқушылардың сонда алған білімдерін тексеру.
І. Жансүгіров «Бөбек бөлеу»
І. Жансүгіров «Бөбек бөлеу»
Ілияс Жансүгіровтың «Бөбек бөлеу» шығармасын таныту, өлеңнің құрылысына назар аудартып, талдау, «Бесік жырымен үндестігін ұғындыру;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.