Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Математика – ақыл-ойдың әуені

19 қыркүйек 2015, Сенбі
Категориясы: Математика
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,
Бұлақтыкөл орта мектебінің математика пәні мұғалімі
Құрманалина Ақсырға Боранбайқызы

Тақырыбы: Математика – ақыл – ойдың әуені.
Мақсаты: Оқушылардың математика пәні бойынша алған білім-танымын кеңейту, сондай-ақ оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып, олардың бойындағы қабілетті ашып, талаптарын ұштау, өз ойын еркін жеткізе білу дағдысын қалыптастыру; ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: топтық сайыс
Көрнекілігі: интер белсенді тақта, слайдтар, қажетті құрал - жабдықтар

Барысы:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар! Баршаңызда «ИФМ – әлеміне саяхат» атты апталықтың төртінші күнінде өткізгелі отырған «Математика – ақыл ойдың әуені» атты сыныптан тыс шараға қош келдіңіздер! Бүгінгі математикалық сайысымызға 7 - 8 - 9 кластардан келген білімді және ұшқыр ойлы оқушылардан құралған топтар келіп отыр. Әр топ 3 оқушыдан тұрады. Ендеше, сайысқалы тұрған топтарымызбен таныс болайық. «Арифметика», «Логика», «Математика»
Сабақтың жоспарымен таныстырып өтейін:
І кезең «Өмірдерек» (Топтың атын, ұранын таныстыру)
ІІ кезең: «Үй тапсырмасы»
Саналы тәрбие
Білгенге маржан
ІІІ кезең: Сапалы білім (Есептер шығару)
IV кезең: Қимылды ойын
Әр қолда – өзінің ісі
Кім жылдам?
Практикалық тапсырма
V кезең «Сен білесің бе?» (Логикалық тапсырмалар)
VI кезең Кім тапқыр?
Геометриялық фигуралардан сөз құрау
Ойымды жалғастыр (Оқушылардың ақындық талабын байқау)
VII кезең Капитандар сайысы
VIII кезең Қорытынды.

Шын жүйрік шабысынан танылды,
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпен қол соғылады – деп бүгінгі сайыскерлерге әділ баға беретін әділқазы қазыларды қошеметпен орнындарына шақырайық.
1. ----------
2. -------
3. -----------
Еліміздің үлкен тірегі болатын жас ұрпақтың терең білімді, жан - жақты дамыған, зерек болуы – заман талабы. Мектебімізде болашағына үміт артатын оқушыларымыз аз емес. Осындай оқушыларымыздың қатарында жүрген бүгінгі сайыскерлеріміз дайын болса, сайысымызды бастайық.
Кезек келіп, өжеттеніп, сөз аппын.
Танысайық ғажап ойын, ғажап күн,
Тілегіміз бір батырақ та емес, байда емес.
Емеспіз бе азаматы қазақтың – демекші топтармен танысу рәсімі «Өмір дерек» деп аталады.

І кезең: «Өмірдерек» (Топтың атын, ұранын таныстыру)

ІІ кезең: «Үй тапсырмасы» деп аталады. Бұл кезең 2 бөлімнен тұрады.
Мен зерттедім қазақтың мақалдарын,
Әр мақалда байқадым сандар барын.
Не деген дана болған ата - бабам,
Есепке жүйрігіне қайран қалдым.
Мақалды қолданамыз, мән бермейміз,
Сайрап тұрған сандарды біз көрмейміз.
Компьютердің заманы келген кезде,
Ұрпақтар сол сандарды білсе дейміз. Бұл бөлімде құрамында саны бар мақалдарды кезектесіп мүдірмей айтуы керек. Бір оқушы 2 - 3 мақал айтуына болады, бірақ бір мақал екі қайталанбауы керек. Бір мақал 1 ұпай болып есептеледі. Сайыскерлер сөз кезегі өздеріңізде.
«Үй тапсырмасының» келесі бөлімі «Білгенге маржан» деп аталады. Бұл бөлімде математиканың құдіреттілігін, маңызын мысал арқылы түсіндіреді.(жоғары ұпай 10 ұпай түсіндіру шеберліктеріне қарай)
Біз тәуелсіз ел деп кіндік қаламыз Астананың асқарлы болуын, ордамызға құт - береке қонуын және шәкірттеріміздің жан - жақты білімді болуын қалаймыз.
Қате жазсаң біреуін, кідіресің
Жол таба алмай әрі қарай мүдіресің
Есеп шығару кезеңі келген кезде
Алған барлық білімді білдіресің - демекші келесі кезең «Сапалы білім» деп аталады. Бұл кезеңде үш топқа кеспе қағазына жазылған есептер беріледі. Дұрыс есепке 5 ұпай Ал ендеше іске сәт сайыскерлер! «Ескісіз жаңа болмайды, есепсіз дана болмайды» демекші өз білімдеріңізді таразылай біліңіздер.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 654
0
  • 80
2 дауыс


Жаңалықтар
Көңілді математикалық пойыз
Көңілді математикалық пойыз
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар! Баршаңызда «Білімді ұрпақ – ертеңгі болашақ» атты жаратылыстану – математикалық бағытындағы пәндер бірлестігі апталықтың үшінші күнінде өткізгелі отырған «Көңілді математикалық пойыз» атты сыныптан тыс
Ой жүйрік математикалық сайыс
Ой жүйрік математикалық сайыс
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды орта мектебінің математика пәні мұғалімі Серік Рабиға Серікқызы
Озық ойлы тапқырлар
Озық ойлы тапқырлар
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, "С.Сейфуллин атындағы гимназия" КММ математика пәні мұғалімі Оразбекова Асель Камбаровна
Математикалық ралли
Математикалық ралли
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС - 12 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Мұқанова Маржан Қайратқызы
Математика – ақыл-ойдың әуені
Математика – ақыл-ойдың әуені
БҚО. Шыңғырлау ауданы, А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің математика – информатика пәні мұғалімі Жекенова Акмарал Канатбаевна
Математика – ақыл - ой гимнастикасы
Математика – ақыл - ой гимнастикасы
Математика – ақыл - ой гимнастикасы атты сабақтың тақырыбымен таныстыру; ойын ережелерімен таныстыру, математикалық ұғымдарды қайталау, қосу, алу, көбейту, бөлу тәсілдеріне берілген жаттығуларды орындау арқылы меңгерту;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×