Білімділер поралы

Жаңа санау бірлігі – мыңдықтардың құрылуы. Разрядтар және кластар.

Тақырыбы: Жаңа санау бірлігі – мыңдықтардың құрылуы. Разрядтар және кластар.
Мақсаты: көп таңбалы сандардың құрылымы және жаңа санау бірлігі – мыңдық туралы түсініктерін қалыптастыру; көп таңбалы сандарды оқи алуға үйрету.
Сабақтың типі: жаңа сабақ Әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, өздігінен жұмыс істеу.
Көрнекілігі: арнайы суреттер, кестелер

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу
Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімізді бір - бірімізге білдірейік
ІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. көп таңбалы сандардың құрылымы және жаңа санау бірлігі – мыңдық туралы түсініктерін қалыптастыру.
ІІІ. Жаңа сабақ: 1. Көркем жазу минуты. 5 жүздік, 3 ондық, 1 бірлігі бар санды жазыңдар.
( 531, 513, 351, 315, 153, 135). Қандай сандар жаздыңдар? Ең үлкен, ең кіші сандарды ата.(531, 135).
2. № 1. Кестеде жазылған сандарды оқы. Әр санның разрядтық қосылғыштарын ата. Ауызша жұмыс.
1. Математикалық диктант. Мына сандарды жазыңдар.
- 2 жүздік
- 4 жүздік, 2 бірлік
- 7 жүздік, 5 ондық, 6 бірлік. (200, 402, 756, 900, )
- Алдыңғы сан 897; (896)
- Келесі сан 389; (390)
- 5 ондық, 7 бірлік; (57)
2. № 2. Жүздіктермен санау арқылы сендер жаңа санау бірлігі мыңды білдіңдер. Мыңдықтармен де бірліктер сияқты санайды.

Заттардың саны көп болған кезде, оларды мыңдықтармен санайды. Мыңдық – жаңа санау бірлігі. Мыңдармен санауды да бірліктермен санағандай орындайды.

10 бірлік = 1 ондық
10 ондық = 1 жүздік
10 жүздік = 1 мыңдық

Бірліктер, ондықтар және жүздіктер бірінші класты немесе бірліктер класын құрайды. Бірлік мыңдар, ондық мыңдар, жүздік мыңдар екінші класты немесе мыңдар класын құрайды.

Көп таңбалы сандарды кластарын атап, солдан оңға қарай оқиды. Барлық цифрлары нөл болатын сандардың класс бірліктерін және кластарын атамайды. (Мысалы: 4321 – төрт мың үш жүз жиырма бір, 25 000 – жиырма бес мың.

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы,
Амангелді жалпы негізгі білім беру мектебі
Мұғалімнің аты - жөні: Каирбаева Заира Тулумтаевна
Жаңа санау бірлігі – мыңдықтардың құрылуы. Разрядтар және кластар. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Bekamaster
    Жазған: Bekamaster
  • Жетыген
    Жазған: Жетыген
  • sdana09
    Жазған: sdana09
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 24
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 24
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика