Білімділер поралы

Қысқа әңгімелер жинағы

Қысқа әңгімелер жинағы

Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз

Достық – адамдардың бір - біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос - жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал - мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама - қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш - қызығын, ырыс - бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр. Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан - тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.

1. Нағыз достық не береді?
А) сенім береді
В) шабыт береді
С) құндылық береді
Д) шынайылық береді
Е) адалдық
2. Достыққа не кедергі бола алмайды?
А) сатқындық
В) адалдық
С) сыйластық
Д) шынайылық
Е) мінез
3. Өмірлік мақсаттардың бірі
А) дос таңдай білу
В) достықты таңдай білу
С) еңбек түрін таңдай білу
Д) арманға қол жеткізу
Е) бақытты болу
4. Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасында не үшін қажет?
А) сенімді арттыру үшін
В) қарым - қатынас үшін
С) саяси тұрақтылық үшін
Д) ынтымақтастық орнату үшін
Е) дос болу үшін
5. Достықты берік ететін не?
А) сенім мен жарқын көңіл
В) татулық
С) саяси тұрақтылық
Д) ынтымақтастық
Е) шыдамдылық

Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз
Ажал аузындағы махаббат
Бір жұп ғашықтар болыпты. Жігіт әлсіз, жасқаншақтау болса керек. Қашан да қиындыққа жолықса алдымен қалыңдығын сынап көруге мәжбүрлейтін болса керек. Ал бойжеткен осы үшін назаланатын.
Күндердің күнінде теңізге саяхаттай шыққан қос ғашықтың қайығы дауылға жолығып, аударылыпты. Әзер дегенде қайықтың сынық ағашын ұстап аман қалған олар амалсыз әлдеқайдан келер көмекті күтумен болыпты. Батыл, қайсар бойжеткен жігітін сынап көрмекке «сен қорқасың ба?» деп сұрайды. Көзінде үрей тұнған жігіт жалма - жан қалтасына үнемі салып жүретін пышағын алып «егер әлдеқайдан қатер төнер болса, алдымен сені қорғаймын» депті сеніммен. Дәл осындай қатерлі сәтте мынадай батыл шешімге риза болған бойжеткен іштей риза болыпты.
Көп өтпей үлкен жүк кемесі бұларды байқап құтқаруға келе жатады. Қуанышы қойнына сыймаған қос ғашық дәл сол сәтте өздеріне таяп келе жатқан жыртқыш акуланы да көреді. Қорқыныштан қалқыма ағаштан ұстап қалған күйі мелшиіп қалған жігітке бойжеткен «Тез, ана кемеге бар күшімізбен малтыйық. Мүмкін аман қалармыз, тездет!» деп айқай салыпты. Бірақ, жігіт қызды бар пәрменімен итеріп жіберіп, өзі бөлек жүзіп кетіпті. Бұған аңырып қалған қыз сол сәтте қатты күйзеледі. Төніп келе жатқан ажалға амалының жоқтығын біліп іштей қайғырады. Бақытына орай әлгі жыртқыш оның қасынан келсе де, оған бұрылмастан жігіт малтып кеткен жаққа қарай өте шығыпты. Бейшара жігіт әп - сәтте акуланың азуына ілінеді. Жан - таласып жатқан сәтінде бар дауысымен «Мен сені сүйемін!» деп айқайлапты.
Аман қалған бойжеткен есін жиғанда кемешілердің «Қорқақ» жігітіне аза білдіріп жатқанын көреді. Кеме капитаны қыздың жанына келіп, оны жұбата «Бикеш, осы өмірімде көрген ең ержүрек азамат сіздің жігітіңіз! Оның өлімі үшін қайғырамыз, сабыр етіңіз!» дейді. «Жоқ! Ол барып тұрған қоянжүрек! Мен ештеңеге қайғырмаймын» дейді қыз жасын сүртіп. Кеме бастығы бойжеткеннің бұл қылығына түсінбей «Қалайша оны кіналап тұрсыз. Мен бәрін де бақылап тұрдым. Мен оның сізді кеме жаққа қарай итеріп жіберген соң өз білегін тілгенін көрдім. Ал акуланың қанға деген сезімталдығы өте күшті. Егер ол бұлай істемегенде сіздің аман қалуыңыз мүмкін емес еді» дейді сабырлықпен.
Мейлі қаншама әлжуаз, қорқақ болса да шынайы сүйіспеншілікке толы жүрек өмірдің ең бір қатерлі сәттерінде өз махаббаты үшін құрбандық беруден бас тартпайды.
6. Қыз неге назаланады?
А) ғашығына көңілі толмай
В) жігіті ренжіте береді
С) теңізге шыққанына
Д) қиындықта сыналғанына
Е) дауылға
7. Олар қалай аман қалды?
А) қайықтың сынық ағашын ұстап
В) кемедегілер көмектесті
С) малтып аман қалады
Д) тасты ұстап аман қалады
Е) акула көмектеседі
8. Қыз жігітін қалай сынайды?
А) «мені құтқар» дейді
В) «қалай құтыламыз» дейді
С) «сен қорқасың ба?» дейді
Д) «тез кемеге жетейік» дейді
Е) «мен сені сүймеймін» дейді
9. қызды жігіт қалай құтқарды?
А) кемеге жеткізді
В) итеріп жіберді
С) құтқарған жоқ
Д) білегін тіліп жіберді
Е) акуланы өлтірді
10. жігіт неге құрбан болды?
А) жүрегі сүйіспеншілікке толы болды
В) қорқып қашты
С) әлжуас болды
Д) ерлік көрсетті
Е) махаббатын дәлелдегісі келді

Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз
Сөзден тосылу
Наушабай дейтін кісі жол жүріп келе жатып, Абайдың үйіне түсіпті. Жайғасып отырған соң ол:
- Абайжан, өзіңе асыл сөз, алғыр ой тауып айтқан кісі болды ма? - деп сұрапты. Абай сәл ойланып отырыпты да:
- Менің Әбдірахман деген балам бар еді. Оны тоғыз жасында Семейдегі орыс мектебіне оқуға бердім. Оны бітірген соң, Петербурға жібердім. Қыс оқып, жаз демалысқа үйге келді. Сұрастырып байқасам, оқуы жақсы көрінеді. Баламның алымдылығын сынап білейін деп ойладым да, бір күні жай әңгімелесіп отырып:
- Қалқам Әбіш, осы әлемдегі жаратылыста ақ зат асыл ма, қара зат асыл ма? - деп сұраған едім. Ол іркілместен:
- Ақ зат асыл ғой, - деді.
- Неге, қара зат асыл емес пе? – дедім мен. Әбіш бетіме қарап күлді де:
- Қараны қалай асыл дейсіз? - деді. Мен:
- Біріншіден, адам баласы барлық дүниедегі жаратылысты көзбен кереді емес пе, - дедім,- Бірақ көздің ағы көрмейді, ортасындағы кішкене қарашығы ғана көреді. Қараның асылдығына осы дәлел. Екіншіден, қағаз ақ, одан адам оқып білім ала алмайды, үстіне жазған қара сиядан өнер - білім алады. Үшіншіден, жас шақта адамның сақал - шашы қара болады. Осыған байланысты жас күнде адамда ақыл, білім, қайрат көп болады. Қартайғанда шаш - сақал ағарады. Ал, адамда ақыл, білім, қайрат та азаяды. Сондықтан ақтан қараны асыл ма деп ойлаймын, - дедім.
Сонда
Әбіш:
- Оның бәрін қалай білдіңіз? - деді. - Ақылмен білдім, - дедім мен.
- Олай болса, ақыл мида болмай ма, ал ми ақ зат емес пе! Екіншіден, ақыл - нұр, жарық зат. О да аққа ұқсамай ма?- деді.
Мен баламның тауып айтқан сөзіне риза болып, маңдайынан иіскедім.
Қысқа әңгімелер жинағы жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Мейрамгали Акниет
  • ramuk_b
    Жазған: ramuk_b
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Эвфемизм мен дисфемизм
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адам және табиғат
  • Қамқа
    Жазған: Қамқа
    Мына жаңалықта: Менің Елбасым
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 174
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 173
Роботтар: 2
Nursagila
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика