Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көкөністер туралы тақпақтар

31 қазан 2021, Жексенбі
Категориясы: Оқушыларға
Тақпақтар: Көкөністер
Асханадан шықпаймын,
Атым – пияз бұқпаймын.
Көзден жасты шығарып,
Тұмаудан бірақ сақтаймын.

Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды,
Қоянға да азықпыз –
Сәбіздеріміз жазықсыз.

Ақ түсім бар қант алар,
Қызыл түсім қанға – нәр.
Зияным жоқ, біліп қой –
Қызылшамын, пайдам бар.

Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып,
Тұрған ол мен – қызанақ,
Күнге қарап ұялып.

Көктеп ерте шырмалып,
Өсемін мен бүр жарып.
Атым – қияр, теріп ал,
Жиі - жиі суғарып.

Бақшаларда тізіліп,
Қаперсіз мен жатамын.
Қабат - қабат киініп,
Қырыққабат атандым.

Картоп – біздің атымыз,
Жер астында жатырмыз.
Бір тамырдан тараған –
Ағайынбыз бәріміз.

Иісім жұпар аңқыған,
Бақшадағы шырынмын.
Жеп көргендер тамсанған –
Балдай тәтті қауынмын.

Көрсең егер бақшада
Доп екен деп қалма.
Шөл қандырар қарбызбын,
Ерте үзіп алма!
76 479
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Күз сыйы»
«Күз сыйы»
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, ата - аналар, бүлдіршіндер. Күз қандай керемет мезгіл! Қазан толып, еңбегінің жемісін көріп, адамзаттың нағыз байлығы емес пе?
Көңілді көкөністер
Көңілді көкөністер
Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз.
Қош келдің - Алтын күз
Қош келдің - Алтын күз
Жүргізуші: Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздер ме қадірлі қонақтар. Бүгінгі берекелі де, ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз.
Байлықтың бәрі күзде
Байлықтың бәрі күзде
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шалқар ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі №12 балабақша тәрбиешісі Еламанова Мырзагүл Әбутәліпқызы
Алтын күз (ертеңгілік)
Алтын күз (ертеңгілік)
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Сарат селосы, Бастауыш класс мұғалімі: Жумабек Гулсана Сатқарбекқызы
Алтын күз (ертеңгілік)
Алтын күз (ертеңгілік)
ШҚО, Семей қаласы, Қ.Рысқұлбеков атындағы №33 орта мектептің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Ибраева Жангуль Бауыржановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×