Ойын сауық отауы


Астана күніне құттықтаулар

Астана күніне құттықтаулар
Тамаша мерекелердің бірі – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Біз Астананың қалыптасуының куәгерлері және осы ауқымды зор жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін көзбен көру бақытына ие болып келеміз.
Өз қаласына ерекше сүйіспеншілікпен қарайтын адамдар – елордасының басты байлығы, олар күнбе - күн өз жұмыстарын атқара отырып, Астананың қалыптасуына орасан зор үлес қосуда.
Астана күні мерекесінде сіздерге және отбасыларыңызға шын жүректен зор денсаулық, игілік, табыс және бақыт тілейміз.

Бүгін – Астана күні. Жас елорданың мерекесі әрбір астаналықтың жүрегіне қуаныш ұялатып, ертеңге деген сенімді шындай түсуде. Қарыштап дамыған жаңа Астананың бүгінгі келбетіне сүйсінбейтін жан жоқ.

Жас елорданың көз сүріндірер келісті келбеті күн санап жасарып, көркейіп, гүлдене түсуде. Ол жаңаша қарқын алған құрылысымен ғана емес, соңғы технологиялар негізінде салынып жатқан гүлзарларымен, аллеяларымен сырттан келушілердің назарына ілініп, шетелдіктерді таң қалдыруда. Сайын Сарыарқаның төсінде тотыдайын таранған әз Астанамыз жылдар келе, алып Азия мен Еуропаның шоқтығы биік қалаларының біріне айналатынына, алдағы ғасыр үлесінен орын алып, батыл үмітпен нық сенімнің тұлғалы тірегі боларына сенімдіміз.

Қазақстанның жас елордасы, бүгінгі Астана – қарыштап дамыған мемлекеттің, мәңгілік достықтың символы. Қаланың әлем халықтарына мақтана көрсетер жетістіктері аз емес. Астана - болашағы жарқын қала. Сондықтан да Қазақстанның жүрегі мәңгі соғып, бас қаласы одан әрі гүлдене берсін!

Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы Астананың әлеуметтік - экономикалық өсіп - өркендеуіне қосқан қомақты үлестеріңізге, ерен еңбектеріңізге, азаматтық қоғам құруға белсене қатысқандарыңызға, бейбітшілік пен келісімді сақтауға ат салысқандарыңызға алғысымызды білдіреміз.
Сіздерге бақытты да баянды өмір, зор денсаулық, қажымас қайрат, жемісті еңбек, шаңырақтарыңызға шаттық пен қуаныш, құт - береке тілеймін. Сүйікті қаламыз – ару Астана көркейе берсін!

«XXI ғасырдың табалдырығында біз өз таңдауымыз – көне Сарыарқаның киелі аспаны астында қоныс тепкен жаңа астанамыз туралы мәлімдейміз. Бұл таңдау астарында еліміздің қазіргі басшылығының айқындамасы ғана тұрған жоқ. Бұл таңдауда Тәукенің көрегендігі мен Абылайдың ұлылығы, есімдері аңызға айналған билердің даналығы мен 1986 жылдың желтоқсанында ұлттық қадір - қасиет дегеннің не екенін күллі әлемге паш еткен сол бір жас жүректердің қаһармандығы тоғысып жатыр. Бұл таңдауда өз тағдырының қожасы болу құқығы үшін өмірін қиған миллиондаған қандастарымыздың ерік - жігері бар. Осы таңдауға дәйім лайық болайық»
Нұрсұлтан Назарбаев

Астананың қазіргі күн санап биіктей түскен еңсесінен тәуелсіздігіміздің тегеурінін, еліміздің елдік қасиетін, жасампаздықтың жаңғырығын айқын байқағандайсың. Ерке Есілдің жағасында жаңаша сәулеттік нақышпен бой түзеп жатқан әсем қаланың сұлу бейнесі алыстан көз тартып, көңіл баурайды. Сондықтан, оның ертеңіне де барлық қазақстандықтар үлкен үмітпен қарап, бүкіл әлем қызыға көз тігуде.
Қазірдің өзінде көптеген саяси және экономикалық маңызды оқиғалардың орталығына айналып отырған оның ертеңгі болашағының да зор болары күмәнсіз.

Астана.
Бұл сөзге қазақ түгіл, төрт - күл әлемнің еті үйренгендей.
Астана сөзі тілге оралғанда шаһар ретінде жаңа - жаңа бойын тіктеп, еңсе көтеріп келе жатқан Елордасы көз алдымызға келе қалады.
Ол – жай қала ғана емес. Елорда. Кеше ғана Тәуелсіздігін алып, буыны енді қатайып келе жатқан Қазақ мемлекетінің астанасы.
Астана қазіргі күні көздің жауын алады. Қарап тұрып сүйсінесің. сүйсініп тұрып, шүкіршілік етесің.
Астана – бұл қазақтың, мерейі, мәртебесі. «Мерейіміз таси бергей, Астанамыз ажарына ажар қосып, сұлулығынан танбағай» деген шынайы көңіл тұла бойды кернейді.
Астана дүниежүзіне мәлім. Мұнда әлемнің талай мемлекеттерінің серкелері бас қосып, пікір алмасып, маңызды шешімдер қабылдап жүр.
Астана – ел мақтанышы. Мұнда қызмет ету де, білім алу да – бақыт.
Астана – жаңа қала, жаңа шаһар. Ол келешекте бүгінгіден де құлпырып, көркейе беретіндігіне сенім.

Бүгінгі заманның талабына сай сәні мен салтанаты келісіп, бірлігі мен ынтымағы жарасып, көкке самғаған зәулім биік ғимараттары бар, Есілге қонған аққудай, бұл әлемде ең жас Астанадай көркем қала бар ма? Бұл – жеңістің кілтін достықпен тапқан нартәуекелдің қаласы. Арманы асқақ, асуы биік жандардың салған қаласы. Елінің бір күндігін емес, халқының 100 ғасырлық бірлігін ойлап, Елбасының салған қаласы. Еуразия кіндігіне орналасқан алты Алаштың бас қосқан қасиетті мекені, кемел келешегі бар жаңа Астана бүгінде әлемдік саясатта ықпал жасайтын, Қазақстан жайында түсінік қалыптастыратын, қазіргі заманның ең ірі геосаяси жобаларының бірі.
Халықаралық дәрежедегі спорттық ойындар мен әлемдік ауқымдағы басқосулар өтетін, сәні мен салтанаты келіскен, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ХХІ ғасырдың көркем сәулетті қаласы – Астана арман емес, ақиқатқа айналған, қиял емес, азғана уақыт аралығында қолымыз жеткен шынайы тарихи жетістік. Кең болсын Қазағымның керегесі, Кетпесін Алла берген берекесі. Алаштың баласына нәсіп болған Құтты болсын, Астана мерекесі.
Дереккөзі: dk. kz›kuttiktau
Материал рейтингісі:
барлық дауыс бергендер: 2
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікір білдіру
* = міндетті түрде толтырылуы тиіс
Жартылай қою Қисық мәтін Асты сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жағына қою Ортасына Оң жағына қою | Смайликтер қою Түсті таңдау | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерациядан кирилицаға ауыстыру Спойлер қою
Қауіпсіздік коды :

Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
код көрінбесе қайта басыңыз


Үздік мақалалар
Білімділер жаңалықтары

Өз пікіріңді білдір
Қандай мақалаларды көбірек енгізген жөн?
Сайтта кім бар
Барлығы: 9
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 9
Роботтар: 2
Соңғы пікірлер
  • Дауыл 30.03.2019
    Балықтар (1)
    Дауыл-фото
    30. 03. 2019ж
    Балықтар, көп сұрақ қоймаңыз, no сізбен сұхбаттасушыларға көп сұрақ қойсаңыз олардың денсаулығына зиян. Сіз адамдардың ауырмай жүргенін қалайсыз.
  • Дауыл 30.03.2019
    Суқұйғыш (1)
    Дауыл-фото
    30. 03. 2019ж
    Суқұйғыш, Сіз бүгін бақыттысыз. Тек қаласаңыз болғаны. «Бақытым кел», десеңіз жеткілікті. bully
  • Дауыл 30.03.2019
    Тауешкі (3)
    Дауыл-фото
    30. 03. 2019ж
    Тауешкі, Сіз табысқа жетесіз, бірақ нәтиже сіз күткеннен кішкене көрінеді. Өзгелердің сезімге оңай түсу қабілетін бағаламаңыз. belay
  • Дауыл 30.03.2019
    Сарышаян (1)
    Дауыл-фото
    30. 03. 2019ж
    Сарышаян, дәл қазір сіздің көкжиегіңіз қара бұлт ішінде болар. sad Дегенмен, бұлтты тарату үшін артық энергия жұмсаудың қажеті жоқ. Бұлттың тарқауын күткен оңайырақ. smile
  • Дауыл 30.03.2019
    Таразы (1)
    Дауыл-фото
    30. 03. 2019ж
    Таразы, өмірге шағымдана беруді доғарыңыз. Айналаға қараңыз! Таза ауаға шығып әдемі гүлдерді қараңыз, құстардың сайраған даусын тыңдаңыз. Қарап тұрып, көңілің өз - өзінен көтеріледі. smile
  • Дауыл 30.03.2019
    Бикеш (1)
    Дауыл-фото
    30. 03. 2019ж
    Бикеш, бүгін сізге жалған сөйлеп, жасанды қылық көрсетуге тура келсе, ондай әрекетке бармай-ақ қойғаныңыз жөн. Бүгін болмайды! belay
  • Дауыл 30.03.2019
    Мерген (2)
    Дауыл-фото
    30. 03. 2019ж
    Мерген, сіз жол айырығында тұрсыз, бәрі жақсы болады, бірақ сіз жалғыз тұрған жоқсыз. Дұрыс жолды таңдау үшін өзіңізді ғана ойламайсыз. Мұны есте ұстаңыз! recourse
  • Дауыл 30.03.2019
    Арыстан (2)
    Дауыл-фото
    30. 03. 2019ж
    Арыстан, маңызды әңгімеден қашпаңыз! Көптен бері шешілмей келген істі тоқтату, дауды аяқтау, нақтылау, мәселені шешуге қолайлы күн. no
  • Дауыл 30.03.2019
    Шаян (1)
    Дауыл-фото
    30. 03. 2019ж
    Шаян, бүгінгі күн басқалардың көзімен айқын көрінбек. Жақын адамдарыңыздың кеңесіне құлақ түріңіз. laughing
  • Дауыл 30.03.2019
    Егіздер (1)
    Дауыл-фото
    30. 03. 2019ж
    Егіздер – жалғыздық. Тек бүгін емес. Бүгін сіздің орныңыз шулы достардың ортасында. winked
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика