Ойын сауық отауы


18 жасқа арналған құттықтау, тілек

Қарындасым!
Бүгін, міне, сен үшін
Аспан нұрдан әшекейін тағынды.
Күміс өзен күліп сылқ - сылқ ақты да,
Өзі құяр көк теңізін сағынды.
Бүгін, міне, сен үшін
Дала шат боп жасыл жібек жамылды.
Өйткені сен 18 - ге толған күн!!!
Бір сен үшін мынау шәрбат өмірдің
"Он сегіз!!!" деп қоңырауы қағылды!

Сені бүгін 18 - ге толды деп,
Ата - анамыз қуанысты, шаттанды.
Саған тілеп бақыт толы ақ таңды.
Мен де ағаң боп - бауырың боп қуандым,
Көргендей боп нұр жүзіңнен
Наурыздағы кіршіксіз бір ақ қарды.

Сенің жаның сол ақ қардай кіршіксізін білемін,
Армандарға толы сенің жүрегің.
Сондықтан да сен шыққанда 18 - дің қырына,
Сол армандар орындалса екен дедім -
Тіледім!

Қарындасым!!!
Құтты болсын туған күнің бүгінгі!
Достарың да көрер сенің шаттық толы түріңді.
Саған бәрі,
бәрі мынау адамдардың тілекші,
Әкелгендей 18 жас ең бақытты күніңді.

Сен асықтың, білем, ылғи бүгінге,
Жазылып - ақ тұратұғын ішкі алаңың түріңде.
Бүгін сен де 18 - дің құшаққа алдың шат гүлін,
Өмір - өзен,
Сол өмірде ешқашан да сүрінбе!

Аға болып, бір үйде ылғи өтсе - дағы күндерім,
Ағалықты қанша жасай алғанымды білмедім.
Маған жақсы сенің мынау тек көктемнен тұрмайтұғын өмірде
Көз жасынсыз жүргенің.

Туған күнің!!!
18 - ге толыпсың.
Достарың да бүгін сені бұрынғыдан көп ұқсын!
Сенің мынау осы шақтан басталатын албырт, арман жолыңда
Тек жақсылық жолықсын!

Бүгін, міне, 18 деп бақыт таңы атыпты,
Сенен бұрын осы жастың бал дәмін
гүл өмірде талай әпке татыпты.
Сен кішкентай қыз едің,
Тоқтата алмас деген осы уақытты.
Саған бүгін 18 боп келсін барлық шаттығың!
Аға болып тілерім:
Өмірде бол бақытты!

Авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы
Материал рейтингісі:
барлық дауыс бергендер: 1
Басқа жаңалықтарды оқу:
Пікір білдіру
* = міндетті түрде толтырылуы тиіс
Жартылай қою Қисық мәтін Асты сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жағына қою Ортасына Оң жағына қою | Смайликтер қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Түсті таңдау | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерациядан кирилицаға ауыстыру Спойлер қою
Қауіпсіздік коды :

Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
код көрінбесе қайта басыңыз


Үздік мақалалар
Білімділер жаңалықтары
  • 2017-2018 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулық хат

    2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат
  • Сүт және сүт өнімдері

    Сүт - дәрумендердің көзі. Сүт тағамдары арқылы адам организмін А дәруменімен, В тобындағы дәрумендермен, С және Д дәрумендерімен толық қанағаттандыруға болады. Ең бағалысы жаңа сауылған сүт.
  • Құстар біздің досымыз

    Балалардың құстар туралы түсініктерін қалыптастыру, құстарды ажыратып, атап білуге үйрету. Құстар туралы ой - өрістерін, сұраққа жауап беруін, сөздік қорын танымдық қабілетін дамыту.
  • Қай аспаптың дыбысы. Алақан.

    Балаларға музыкалық аспаптардың дыбысын білуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, алақандарына бояуды жағып қағаз бетіне бастыруға үйрету.
  • 2017-2018 жылғы білім гранттарының толық тізімі жарияланды

    Ата-аналар мен жас талапкерлер асыға күтіп отырған жаңалық - бүгін 2017-2018 жылғы білім гранттарының тізімі жария болды. Барлығыңызға сәттілік тілейміз!
  • Балаңызды мерекеге қалай дайындау қажет? /ата - анамен жұмыс/

    Балабақшадағы ертеңгіліктер мен мерекелер ата - аналар мен балаларға мықты күйзеліс. Десек те, ертеңгілік бұл балаларға арналған шығармашылық кеш. Бұнда балалар осы күнге дейінгі үйренген білген, ...
  • Фитодизайн

    Фитодизайн туралы мағлұмат бере отырып, үйлесімділіктің негізгі принциптерін ескеріп, композицияға өсімдіктерді дұрыс таңдап үйлестіре білуге үйрету, қолөнерге деген қабілеттерін, талғамдылық ...
  • Алғашқы қоңырау

    2017-2018 оқу жылындағы «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиының сценарийі Жоспары: 1. Сапқа тұрғызу 2. Қонақтармен таныстыру 3. ҚР мемлекеттік туын енгізу 4. ҚР әнұраны 5. Қала әкімінің құттықтауы
  • "Мектепке жол" акциясы

    Елбасының бастамасымен қолға алынып, республика көлемінде өтетін жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жаңа оқу жылы қарсаңында «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен өтіп жатыр.
  • 1 қыркүйек күнімен!

    1 қыркүйек - Білім күні мерекесінің маңызын түсіндіру, сезіндіру. Мерекеге арнайы әндер, тақпақтар үйрету. Ата Заң күні мерекесін атап өту. Отаншылдыққа тәрбиелеу.

Өз пікіріңді білдір
Қандай мақалаларды көбірек енгізген жөн?
Сайтта кім бар
Барлығы: 17
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 17
Роботтар: 2
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика