ойын сауық отауы
Құрбыға тілек
03.07.2019 46 830 0 Дауыл

Құрбыға тілек

Бата, тілектер
Құрбыға тілек
Өмір мынау қатар соққан жеңілімен ауырын, шуағымен дауылын. Бүгін мынау сенің інде, қандай тілек айтсам екен бауырым. Саған, байлық тілер ем, бірақ ол бір әңгүдік, есігіңнен кіргенмен таң күліп Жүргенімен шеру тартып таң құрып, саған жолдас болмайды ол мәңгілік. Бәлкім, ерлік тілер ем мен тамыр алған төзіммен, ерлік сезім бірақ сенің табылады өзіңнен.

Онсыз адам жүре алама тоқпақтар мен шоксызда. Ал сұлулық тілер ем мен, сұлусың сен онсызда. Қайтсем екен, мен оданда барлық адам аңсаған Барлық адам сан мың жылдар арман етіп шаршаған Ал сан мыңы тегелесіп тамсанған, Кез келгеннің уысына түспейтін, кез келгеннің бақшасында піспейтін Зор МАХАББАТ тілейінші мен саған!

..... сені мен құттықтаймын! Өмірде бақытты бол! Қызметіңде табысты болуыңа тілектеспін! Мықты денсаулық, зор бақыт, қажымас қайрат тілеймін. Махаббатың мөлдір, аспаның әрдайым ашық болсын! Еңбекте табыстан табысқа жете беруіңе шын жүректен тілектеспін. Алдағы мақсатың мен аңсаған арманыңа жете бер! Жыл сайын ағайын туыс бауырлар жиналып, сенің туған күніңді тойлай беруге жазсын!

Құтты болсын ----- келгеніңіз,
Тілекші көп, бізде соның біріміз.
Ортамызда жанашыр боп жүресің,
Болғаннан соң бірге шыққан түбіміз.

Үзілмесін өміріңнің жыр – әні,
Бақытыңның өрге тартып бұлағы.
Еңбегіңнің тек зейнетін көре бер,
Келер күннің сәулелі боп шуағы.

Сені туған күніңмен шын жүректен құттықтаймыз, ойлаған арманыңа жетуіңе тілектеспіз. Сені тек биіктерден көрейік. Қадамыңа - гүл, келбетіңе - нұр, қиялыңа қанат бiтсiн, жасыңа - жас, басыңа бас қосылсын! Шаңырағыңа құт - береке, бейбіт күннің арайлы шуағы мейлінше төгіле түссін, отбасыңа - амандық, денiңе - саулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiз, арманың - асқақ, шығар биігің асқаралы болсын! Әрдайым құшағың - гүлге, қадамың нұрға тола берсін! Бақытты өмір сүруіңе шын жүректен тiлектеспiз!

Құрметті досым туылған күнің құтты болсын. Сені шын жүректен құттықтай отырып саған денсаулық, тау суындай сарқылмас бақыт тілеймін. Айта берсем тілейтін тілек көп, жаза берсем майысатын қалам көп, аспанын ашық болсын, сүйгенін бір өзіңе ғашық болсын. Сүйгеніне сүрінбей жет, сүрініп қалсаң еңбектеп жет!

Қызғалдақтай жайнай берсін өмірің,
Судай толып көтерілсін көңілің.
Еш Қашанда көңіліңді кір шалмай,
Бақытты да ұзақ болсын өмірің.

Қанша жұлдыз әлемде!
Қанша толқын теңізде!
Сонша бақыт тілеймін
Бақытты бол өмірде!

Жеңілі мен ауыры, шуағы мен дауылы қатар жүретін Өмір атты ұзақ жолдың аяғы талмас жолаушысы бол! Өмір қуанышын сыйлаған ата - анаң мен жанашыр бауырларыңның көз қуанышы, сүйіктіңнің аяулысы, достарыңның қалаулысы бол! Арайлап атқан әрбір таң мен нұрлана батқан әрбір кеш бақыт сыйласын!

Дереккөзі: ZHARAR. com

Туған күн Туған күн
Өмір мынау қатар тосқан Жеңілі мен ауырын, Шуағы мен дауылын. Бүгін мына сенің туған күніңде Қандай тілек айтсам екен, бауырым? Саған байлық тілер ем
Саматтың жұбайы Айжанармен жекпе-жек Саматтың жұбайы Айжанармен жекпе-жек
Замана тұр бөркiн алып ойланып, Сол түнгi ойлар кеттi бiздi қайда алып? ... Сол түнi бiз сенiң туған сiңлiңнiң Он ceгiзгe толған күнiн тойладық.
Туылған күнге арналған тілектер Туылған күнге арналған тілектер
Өмір саған жылы сөзін арнасын, Қайғы-мұңға жүректе орын болмасын.
Туылған күнге тілектер Туылған күнге тілектер
Туылған күніңізбен құттықтаймын! Сіздің өміріңіз мәнді де сәнді болсын деп тілеймін.
Туылған күнге арналған тілектер Туылған күнге арналған тілектер
Туылған күніңмен құттықтаймын! Құттықтай отырып тілерім
18 жасқа арналған құттықтау, тілек 18 жасқа арналған құттықтау, тілек
Бүгін, міне, сен үшін Дала шат боп жасыл жібек жамылды. Өйткені сен 18 - ге толған күн!!! Бір сен үшін мынау шәрбат өмірдің "Он сегіз!!!" деп
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×