ойын сауық отауы
Зағила...... Зылиқа
08.08.2015 3 367 0 Admin

Зағила...... Зылиқа

Есімдер сыры
Зағила...... Зылиқа
ЗАҒИЛА - араб тілінен алынған зәхирә, зехира — қазына, байлық, қымбат бағалы асыл; сырт пішін, келбет, түр, мүсін. Синонимі — Зағира.
ЗАҒИПА - араб тілінен алынған сахиб — дос, жолдас, серік, «а» - қыз, әйел есімдеріне жалғасатын қосымша.
ЗАҒИРА - (қараңыз: Зағила).
ЗАЙДА - иран тілінен алынған заиде, заид — өсуші, өркендеуші сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.
ЗАЙРА - араб тілінен алынған — заиыр (Зайер) — айқын, ашық, күдіксіз сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.
ЗАЙТУНА - бір түп зайтун жемісі, аса қымбатты, құрметті.
ЗАҚИРА - араб тілінен алынған закир — ескеруші есте сақтаушы сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.
ЗАМИЛИЯ - араб тілінен алынған замил — замандас, істес, әріптес, жолдас сөзіне «я» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.
ЗАМИРА - араб тілінен - асыл арман, тәтті қиял, ой.
ЗАРА - иран тілінен алынған зар — алтын, сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.
ЗАРЕМА – жаңа есім — За революцию мира сөздерінен қысқартылып жасалған есім.
ЗАРИНА – иран сөзінен зар — алтын — зарина — алтындаған, алтыннан жасалған әшекей; алтын түстес, алтындай.
ЗӘКИЯ - араб тілінен алынған зәки — өткір, зерек, сезімтал; ақылды, қабілетті сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.
ЗӘМЗЕГҮЛ - араб тілінен алынған земзем — мол, көп, көл - көсір. Гүлді, гүлі мол деген мағынаны білдіреді.
ЗӘМЗАМИЯ - араб тілінен — су тасушы.
ЗӘРИПА - араб тілінен алынған Зариф — өткір ойлы, ақылды, зейінді; әдемі, сүйкімді, көркем сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған әйел есімі.
ЗӘУРЕ - араб тілінен — жарқыраған; Шолпан, таң жұлдызы. Дыбыстық өзгеріске түскен түрлері — Зура, Зухра.
ЗЕЙНЕП - араб тілінен алынған зайнаб — толық, етженді, мықты.
ЗЕЙНЕГҮЛ - араб тілінен алынған зейне — нұр, көрік, көркем, әшекей + гүл. Яғни көркі гүлдей жайнаған сұлу, әдемі.
ЗЕМФИРА – грузин тілінен сапфир — асыл тастың бір түрі.
ЗЕРЕ - иран тілінен алынған зар — алтын сөзінің қазақ тілі дыбыстың заңына сай айтылуы.
ЗИБА - иран тілінен алынған зебо — сұлу, көркем, әдемі, әсем. Дыбыстың өзгерген түрі — Зипа.
ЗИБАГҮЛ - гүл сияқты әдемі, сұлу.
ЗИЛА - араб тілінен — таза, ашық, айқын.
ЗИНИРА - араб тілінен - безенген көрікті, көркем.
ЗИНИЯ - араб тілінен - безенген, әшекейленген, сәнденген.
ЗИЯ - араб тілінен алынған зийна - жарық, сәуле.
ЗИЯГҮЛ - гүлдей жайнаған, құлпырған. Еркелете - қысқартып айтылатын түрі — Зияш.
ЗИЯДА - араб тілінен алынған зиада - артықша, ерекше, тамаша.
ЗУРА - (қараңыз: Зәуре).
ЗҮБАЙДА - араб тілінен - таңдаған, таңдаулы, ең жақсы, нағыз іріктелген.
ЗҮБАЙРА - араб тілінен - күшті, ақылды.
ЗҮЛФИЯ - араб тілінен - бұйра шаш, сүйкімді қыздың әдемі сүмбіл шашы.
ЗҮМРАТ - иран тілінен - қымбат, бағалы тас.
ЗЫЛИҚА - араб тілінен - жасы кіші, туыс, қарындас. Дыбыстық өзгеру түрі — Зілиха, Зүлиха.

Қазақ ер азамат, жігіт, баланың қазақша есімдері қарау
Қыз есімдерін қарау

Сағида...... Сындыбала Сағида...... Сындыбала
САҒИДА - араб тілінен — бақытты, табысты болу, рахат өмір сүруші, ауқатты. САҒИРА - араб тілінен — тіл алғыш, құрметті, кіші, кішкене.
Қазиза...... Қырмызы Қазиза...... Қырмызы
Қазиза...... Қырмызы ҚАЗИЗА - (қараңыз: Ғазиза). ҚАЗИЛА - араб тілінен алынған қази, қазы — даулы іске билік айтушы + ла қосымша.
Индира...... Ирада, Кабира...... Күнсұлу Индира...... Ирада, Кабира...... Күнсұлу
Индира...... Ирада ИНДИРА – үнді тілінен алынған — ай. ИРАДА - араб тілінен алынған — ерік, ықылас. Кабира...... Күнсұлу
Ғазиз...... Ғафура, Дайана...... Ділдә Ғазиз...... Ғафура, Дайана...... Ділдә
Ғазиз...... Ғафура ҒАЗИЗА - араб тілінен алынған азиз - күшті, қуатты; сирек, бағалы; сүйкімді, қадірлі. Аса сирек кездесетін, қадірлі, сүйкімді қыз
Әбиба...... Әужа Әбиба...... Әужа
Әбиба...... Әужа ӘБИБА - араб тілінен алынған Хабиба есімінің өзгерген түрі. Мағынасы — дос, мейрімді жолдас, өмірлік серік. ӘДЕМІ – қазақтың сөзі
Ғаббас...... Ғұмар, Латиф...... Лұқпан Ғаббас...... Ғұмар, Латиф...... Лұқпан
Ғаббас...... Ғұмар ҒАББАС - (қараңыз: Аббас). ҒАБДІҒАЗИЗ – араб тілінен - қадірлі, құрметті.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×