ойын сауық отауы
Орама нан немесе ханым
11.12.2016 2 380 0 Дауыл

Орама нан немесе ханым

Ас дайындау
Орама нан немесе ханым

Қамырына:
Су – 200 - 250 мл
Ұн – 600 гр
Жұмыртқа – 1 - 2 бас
Тұз – 1 шай қасық


Қамыр ішіне салынатын өнімдер:
Тартылған ет – 500 гр
Пияз – 500 гр
Асқабақ – 300 гр
Тұз – қалауыңызша
Сұйық май – 200 гр
Томат – қалауыңызша
Қара бұрыш – қалауыңызша
Зира – қалауыңызша


Ең алдымен қамырды илеп дайындап қою қажет. Үлкен ыдысқа ұнды електен өткізіңіз, бөлек ыдысқа жұмыртқаны жарып тұз салып суды құйып дайындап араластырып алыңыз, дайын суды ұнның үстіне аздап құйып қаттылау қамыр илеңіз.

Еттен басқа өнімдерді жуып тазалап алған соң бәрін бірдей етіп төртбұрышты майда етіп тураңыз. Туралған пияздың жартысын томатпен қосып майға аздап қуырып алыңыз. Барлық өнімді араластырыңыз: ет, пияз, асқабақ, қара бұрыш, тұз, қуырылған пияз.

Қамырды жаюды бастамас бұрын мәнтіге арналған кастрөлге су құйып отқа қойып қойыңыз.

Қамырды төрт бөлікке бөліп алыңыз, фаршты да төртке бөліп алыңыз.
Қамырды жұқалап жайып, фарштың бір бөлігін тегістеп салып шетінен бастап дөңгелектеп ораңыз. Мәнтіге арналған қазанның табағын майлап ішіне салыңыз. Барлығын жайып, салып біткен соң отқа қойыңыз. Қатты қайнап тұрған суда 45 - 50 минут пісіру қажет. Дайын ораманы қаймақпен ұсынсаңыз өте орынды болады. Асыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Асыл

Өзіңіз ұнатып жейтін сүйікті асыңыздың рецептімен бөлісуіңізге болады ол үшін: поштаға хат жолдаңыз немесе пікір қалдырыңыз
Тартылған ет пен күріштен жасалған сорпа (Суп с фрикадельками) Тартылған ет пен күріштен жасалған сорпа (Суп с
Картопты, сәбізді, қабығынан ажыратып, тазалап жуып алыңыз. Картопты сорпаға турағандай төртбұрышты етіп тураңыз, сәбізді дөңгелектеп жұқалап тураңыз.
Ет қосып пісірілген бәліш Ет қосып пісірілген бәліш
Үлкен ыдысқа сары майды ерітіп салыңыз, қаймақ, жұмыртқа, тұз салып араластырыңыз.
Қарапайым дәмді салат Қарапайым дәмді салат
Жұмыртқаның барлығын жарып араластырып, табаға аздап май құйып жұмыртқаны төрт бөліп қуырып алыңыз.
Картоп қосылған варениктер Картоп қосылған варениктер
Картопты қайнатып пісіріп алу қажет. Қабығынан тазалап езбе дайындаңыз.
Самса Самса
Етті, құйрық майды майдалап төртбұрышты етіп турап, тұз қара бұрыш қосып араластырады.
Қуырылған қырыққабатты (капуста) қамырға орап пісіру Қуырылған қырыққабатты (капуста) қамырға орап
Ең алдымен көкөністерді тазалап, тез пісетіндей майдалау етіп турап, табаға май құйып 2-3 минут қуырып отты жай басып 10-15 минут бұқтырып қойыңыз.
Алма қосылған бәліш (пирог) Алма қосылған бәліш (пирог)
Алма пирогы Ең алдымен ұнды елгезермен елеп алыңыз да тоңазытқышта тұрған сары майды майдалап кесіп ұнмен араластырыңыз, жақсылап араластырып алған
Бәліш (пирожки) Бәліш (пирожки)
Сүтті жай отта қойып жылытып алу керек. Жылы сүтке шекер, ашытқы, тұз, сұйық майды құйып араластырыңыз. Ұнды електен өткізіп салып жұмсақ етіп қамыр
Лечо салаты Лечо салаты
Ең алдымен көкөністерді жуып тазалап алыңыз. Қызанақтан сок дайындап алыңыз. Сәбізді ұзынша етіп теркадан өткізіңіз, пиязды, бұрышты ірі төртбұрыш

Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз