ойын сауық отауы
Қуырылған қырыққабатты (капуста) қамырға орап пісіру
13.12.2016 4 301 0 Дауыл

Қуырылған қырыққабатты (капуста) қамырға орап пісіру

Ас дайындау
Қамыр ішіне салуға:
Қырыққабат – 0,5 кг
Пияз – 1 бас
Сәбіз – 1 бас
Көк пияз – 1 бас
Сұйық май қуыру үшін


Ең алдымен көкөністерді тазалап, тез пісетіндей майдалау етіп турап, табаға май құйып 2-3 минут қуырып отты жай басып 10-15 минут бұқтырып қойыңыз. Піскен соң салқын жерге шығарып қойыңыз.

Қамырының құрамы:
Ұн – 2 стакан
Су – 0,5 стакан
Сұйық май – 100 мл
Жұмыртқа – 1 бас
Тұз – 1 шай қасық
Шекер – жарты шай қасық


Қамыр илеу үшін алдымен ұнды електен өткізіңіз. Жұмыртқаны бөлек ыдысқа салып тұз, шекер, сұйық май, суды құйып араластырып алыңыз. Дайын сұйықтықты ұнның үстіне аздап құйып тұрып, қолға жабыспайтындай етіп жұмсақтау қамыр илеңіз. Қамырды 3-5 минут демалдырыңыз да майда бөліктерге бөліңіз. Майда бөліктерді жайып, дөңгелек етіп жайыңыз, бір шетіне 1 ас қасық қырыққабаттан дайындалған фаршты салып, қамырдың екі жағын бүктеп ораңыз.
Табаның ішінде қатарымен қойып шығыңыз, бетіне жұмыртқа сарысын жағып күнжүт дәнін себуге болады. Алдын ала қыздырып қойған пеште (200 градус) 15-20 минут пісіреді. Қамырды осы рецепт бойынша дайындап, фаршты қалауыңызша жасауыңызға болады, мысалы: асқабақ, еттен дайындауға болады.

Суретімен қарау

Чак - чак Чак - чак
Чак - чак рецепті. Ұн – 200 гр Жұмыртқа – 2 бас Тұз – шай қасық ұшымен Сода – шай қасық ұшымен
Қаттама нан Қаттама нан
Ұнды електен өткізіп алыңыз. Жылы суға сұйық май, тұз, шекер, ашытқыны салып жұмсақтау етіп қамыр илеңіз.
Картоп езбесі қосылған нан Картоп езбесі қосылған нан
Үлкендеу табаққа жылы сүтті құйыңыз үстіне картоп езбесін салып араластырыңыз.
Орама нан немесе ханым Орама нан немесе ханым
Ең алдымен қамырды илеп дайындап қою қажет. Үлкен ыдысқа ұнды електен өткізіңіз, бөлек ыдысқа жұмыртқаны жарып тұз салып суды құйып дайындап
Бәліш (пирожки) Бәліш (пирожки)
Сүтті жай отта қойып жылытып алу керек. Жылы сүтке шекер, ашытқы, тұз, сұйық майды құйып араластырыңыз. Ұнды електен өткізіп салып жұмсақ етіп қамыр
Қатпарлы қамырдан дайындалған тәтті тоқаш (рогалики) Қатпарлы қамырдан дайындалған тәтті тоқаш
Алдымен табаққа ұнды салыңыз, ашытқы, тұз, шекер, жұмыртқа май, сүтті құйып жұмсақ қамыр илеңіз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×