ойын сауық отауы
Бәліш (пирожки)
12.01.2022 19 726 0 Дауыл

Бәліш (пирожки)

Ас дайындау
Сүт – 1 стакан
Ашытқы – 1 шай қасық
Шекер – 1 ас қасық
Тұз – жарты шай қасық
Сұйық май – 1 ас қасық

Қамыр ішіне салуға
Картоп – 2 бас
Пияз – 1 бас
Қара бұрыш – қалауыңызша
Тұз – қалауыңызша


Бұл бәлішті бауырсақ пісіргендей майға пісіруге де болады, майсыз пеште пісіруге де болады.
Сүтті аздап отқа қойып жылытып алу керек. Жылы сүтке шекер, ашытқы, тұз, сұйық майды құйып араластырыңыз. Ұнды електен өткізіп салып жұмсақ етіп қамыр илеңіз. Қамырды жылы орап қойыңыз, шамамен 25 минуттан соң қамырды жақсылап илеп және көтерілгенше 15 - 20 минутқа қалдырыңыз.
Қамыр дайын болғанға дейін картопты қайнатып пісіріп қойған дұрыс. Езілген картоппен майда туралған пиязды араластырып салма дайындау керек.
Қамырды майда бөліктерге бөліп дөңгелек күлшелер жасап ішіне салмасын қалауыңызша салып түйесіз.
Дайын болған күлшелерді табаға салған соң бетіне жұмыртқа сарысын жағу керек. Пеште 20 - 25 минуттай пісіреді, беті қызарған соң пештен ала беруге болады.

Пияз қосылған қаттама нан (қатпарлы нан) Пияз қосылған қаттама нан (қатпарлы нан)
Пияз қосылған дәмді қаттама нан (қатпарлы нан) дайындау тәсілі
Бауырсақ Бауырсақ
Үлкендеу табаққа шекерді ашытқыны салып үстіне сүтті жылытып құйыңыз да 10 минтуқа қалдырыңыз.
Қаттама нан Қаттама нан
Ұнды електен өткізіп алыңыз. Жылы суға сұйық май, тұз, шекер, ашытқыны салып жұмсақтау етіп қамыр илеңіз.
Ет қосып пісірілген бәліш Ет қосып пісірілген бәліш
Үлкен ыдысқа сары майды ерітіп салыңыз, қаймақ, жұмыртқа, тұз салып араластырыңыз.
Самса Самса
Етті, құйрық майды майдалап төртбұрышты етіп турап, тұз қара бұрыш қосып араластырады.
Картоп езбесі қосылған нан Картоп езбесі қосылған нан
Үлкендеу табаққа жылы сүтті құйыңыз үстіне картоп езбесін салып араластырыңыз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×