Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сенім – менің серігім

11 қаңтар 2014, Сенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Өзін - өзі тану 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Сенім – менің серігім
Мақсаты: Оқушыларға адамдардың бір - бірімен сенімді қарым - қатынас жасауы туралы түсінік беру.
Міндеттері:
- «сенім» ұғымының мәнін ашу;
- Өз замандастарымен сенімді қарым - қатынас құра білу қабілеттерін дамыту;
- Өзіне, өзгеге, қоғамға сенім білдіруге үйрету;
Шаттық шеңбері
Жеңіл әуенді, көңілді ән қосылады. Балаларға өздерінің ең сенімді досын биге шақыру ұсынылады.

Тапсырма
Оқушыларға адамның өзіне - өзі сенімді болуы үшін не істеу керек екендігін түсіндіріп, сенімді болудың адам болашағына қажеттігі туралы Сан Мен Мунның пайымдауын оқып, танысуға шақырады.
«... Егер өмірде өзіңе – өзің сенімді болғың келсе, қиындықпен бетпе-бет кездесуден қорықпа. Үнемі өмір сынақтарынан жасқанып, қашқақтай берсең, кезең - кезең қиындықтар туындай береді, өзіңмен өзің әлектене бересің. Сондықтан жеңіл жол іздеме, қиындықпен күресе біл.
Қиындықты жеңе білген кезде ғана өзіңе өзің сенімді боласың, өз құныңды білесің. Егер ұмтылыс пен табандылық жеткілікті болса, адам қандай кедергіні де жеңуге қабілетті болады. Осының өзі саған өзіңе деген сенімділік әкелуі керек...»

• Сенімділік адамға қандай қасиеттер болғанын талап етеді?
Мұғалім оқушылардың ойын адамның батылдық, табандылық, адалдық сияқты қасиеттері айналасында шоғырландырады. Бұл қасиеттер адамның өзіне - өзіне сенімді болуының басты көрсеткіші болып табылатындығын айтып, қорытынды жасайды.

Дәйексөз
«Сенім» ұғымының әдептілік, адамгершілік, адами қарым – қатынастық қырларын ашу мақсатында М. Жұмабаевтың нақыл сөзімен танысу ұсынылады. Оқушылардың назарын айналасындағы адамдардың жақсы ниетіне сенуге, сенімнің адал дос табуға көмектесетіндігіне аудару қажет.
Жақын адамдардың, достардың, жалпы адамзаттың жақсылығына сеніп, адамдықты құрметтей білу - әдептіліктің, адамгершіліктің белгісі.
• Осы нақыл сөз бойынша қандай қорытынды жасауға болады?

Мәтінмен жұмыс
Оқушылардың сенім туралы, оның түрлі қырлары жөніндегі түсініктерін кеңейту мақсатында М. Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңін талдау ұсынылады.
• Ақын қандай жастарға сенім білдіреді?
• Жастарға сенім білдірудің себебі неде?
Өлеңнің әр шумағына жеке - жеке талдау жасалғаннан кейін оқушыларға адамның қадір – қасиеттерін білдіретін сөздердің теріп жазу тапсырылады: мәселен, қайратты, айбынды, көздерінде от бар, сөздерінде жалын бар, арлы, мінезі жұмсақ, жүрегі ақ, иманды және т. б. Осы арқылы болашағы жарқын жастарға сипаттама беріледі.

Жаңа ақпарат
Жаңа ақпарат бірін - бірі толықтыратын екі ойдан тұрады. Біріншісі – сеніп тапсырылған істі орындау үшін жеке тұлға қандай қасиеттер керек екендігі, екіншісі - ұжымға сеніп тапсырылған істі орындаудың жауапкершілігі одан да күрделі екендігі, өйткені, ол жеке адамның жауапкершілігіне ғана емес, оның айналасындағылардың өзара татулығын, сыйластығын, ұйымшылдығын қажет етеді. Сондықтан да бұл жағдайда адам өзінің жеке мүддесінен гөрі ұжымның мүддесін жоғары қоюды талап етеді.
Жеке адамға сенім артып, тапсырылған істің орындалуы оның ақыл – ойына, еркі мен қажыр – қайратына, қабілеті мен мүмкіндіктеріне байланысты болады.
Ұжымға сенім артып тапсырылған істің орындалуына жеке адамдардың өзара сыйластығын, бірауыздылығын, ұйымшылдығын көрсетеді.

Мәтінмен жұмыс
Мұғалім оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тұжырымдап, сенімнің басқа да қырлары бар екенін түсіндіруі керек. Машқар Гумеровтың «Сенім» атты әңгімесінде баланың тек өзіне қарт кісі артқан сенімді ақтап қана қоймай, өзіндік шешім қабылдай білуі туралы айтылады. Ол - басқа адамның алдауына түспей, қарт кісінің заттарын қорғап қалуында екендігіне оқушылардың назарын аударады.
• Қарттың балаға өз жүрегін тапсырып кетуінің себебі неде?
• Бала қарттың сенімін қалай ақтады?

Жүректен жүрекке
Адам тек өзіне, өзгеге, қоршаған ортаға, болашаққа сеніп қана қоймайды, бүгінгі өмірінің жарқын, шырайлы екендігіне сеніп, әр күнді шаттықпен, қуанышпен өткізу өз қолында ұсынылған Ғ.Жандыбаевтың «Сенім» атты өлеңінде анық берілген. Өлеңді оқи отырып, үміт пен сенімнің өзара ұштастығын ашу керек. Өлеңді жаттап алуды тапсыруға болады.
23 696
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жарасымды қарым - қатынас
Жарасымды қарым - қатынас
Дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу арқылы жарасымды қарым - қатынас туралы оқушылардың түсінігін кеңейту.
ҰБТ-ға дайындалуға пстхологиялық көмек
ҰБТ-ға дайындалуға пстхологиялық көмек
Мақсаты: ҰБТ-ге дайындау кезінде оқушылардың өзін - өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру, өзін - өзі бақылауын, стреске қарсы тұру қабілетін дамыту, көңіл – күйін көтеру. Қажетті құралдар: видеопроектор, тоқыма жіп,А4 парағы
Сенім – менің серігім
Сенім – менің серігім
Потанин жалпы орта білім беретін мектеп Өзін – өзі тану пән мұғалімі, мектеп психологі Мустафина Гульмира Куанышевна
Химиялық элементтердің тірі және өлі табиғатта таралуы. Адам организміндегі химиялық элементтердің биологиялық ролі
Химиялық элементтердің тірі және өлі табиғатта таралуы. Адам организміндегі химиялық элементтердің биологиялық ролі
Шымкент қаласы, №70 С.Бекбосынов атындағы жалпы орта мектебінің химия пәні мұғалімі Асанова Асемкул Ужетовна
Арманымның бейнесі
Арманымның бейнесі
А. Розыбакиев орта мектебінің 11 - сынып оқушысы Жолдасова Айзат
Өзімді өзім танумен өсіп келем
Өзімді өзім танумен өсіп келем
Гүлмира Тұрашқызы Боранбаева мектеп директорының ғылыми -әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы, №39 «Қызылөзек» орта мектебі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×