Білімділер поралы

Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Қысым
Сабақтың тақырыбы: Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сілтеме 7. 3. 1. 9 атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру және оны өлшеудің әдістерін ұсыну
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар үшін:
Ауа қабаттарын ажыратады, атмосфералық қысымның физикалық мағынасын біледі
Көпшілік оқушылар үшін:
Атмосфералық қысымды өлшеу әдістерін түсініп, қолданады
Кейбір оқушылар үшін:
Атмосфералық қысымға мысал келтіре отырып есептер шығара алады
Бағалау критерийі: - Атмосфералық қысымның табиғатын түсінеді
- Атмосфералық қысымды өлшеудің әдістерін сипаттайды
- Алған білімдерін өмірмен, техникамен байланыстырып, түсіндіреді
Тілдік мақсаттар: Оқушылар: Атмосфералық қысымның табиғаты мен өлшеу әдістерін айтуда физикалық терминдерді пайдаланып, сөйлей алады.
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Тропосфера, стратосфера, мезосфера, термосфера, атмосфералық қысым, Торричелли тәжірибесі
Құндылықтарға баулу Ғылыми дүниетанымын арттыру, алған білімдерін техника мен өмірде пайдалана білу, өз бетінше ізденуге дағдыландыру.
Пәнаралық байланыс Сабақта төмендегідей пәндермен байланыс жүзеге асырылады:
География – ауа қабаттарының таралуы
Математика – есептер шығару
Биология – атмосфералық қысымның адам денсаулығына әсері
Алдыңғы білім: Қысымның қатты денелердегі, сұйықтардағы және газдардағы таралуы. Паскаль заңы.

Сабақ барысы
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Топқа бөлу. Суреттерді таңдау арқылы
1 - топ: қысымның қатты денелерде таралуы;
2 - топ: қысымның сұйықтарда таралуы;
3 - топ: қысымның газдарда таралуы.

3 минут Ширату жаттығуы
Біз қалай тыныс аламыз?
1) Диафрагма өкпенің көлемін ұлғайтады. Өкпедегі ауаның қысымы... Ол атмосфералық қысымға қарағанда... Ауа өкпеге енеді.
2) Диафрагма өкпені қысқанда, өкпенің көлемі кішірейеді. Сондықтан өкпедегі ауаның қысымы... Ол атмосфералық қысымға қарағанда... Ауа өкпеден сыртқа шығады.

Ой қозғау2 минут
Суретшінің қателігін тап.
Осы суреттен қандай ой түйесіңдер?

Негізгі бөлім
1 тапсырма.
«Сәйкесін тап»
Суретте ауа қабаттарына сәйкес келетін денелердің орналасуын анықтаңыз.

Бағалау
«Смайликтер» әдісі
Кері байланыс
Бағдаршам әдісі
Қызыл түс – мен ештеңе түсінбедім
Сары түс – маған әлі түсініксіздеу
Жасыл түс - маған бәрі түсінікті

2 тапсырма
Адамның денесіне ауа қысым түсіреді. Ауаның салмағы жүк тиелген КАМАЗ - дың салмағына тең. Оның массасы 10 тонна. Неліктен адам атмосфералық қысымды сезбейді?
Бағалау
Өзін - өзі бағалау баспалдағы
Кері байланыс
«Плюс, минус, қызықты» әдісі
«Плюс»- оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады.
«Минус»-«қолымнан келмей жатыр» немесе «түсініксіз болып тұр»деген ойларын жазады.
«Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады, немесе не жайында көбірек білгісі, соны жазады.

Мектеп: №15 орта мектебі
Мұғалімнің аты - жөні: Сарманова Салима Сериковна

Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 338
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 337
Роботтар: 3
belgibaeva.mb
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика