Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"ҰБТ ата-ана көзімен" коучинг сабағы

20 қаңтар 2015, Сейсенбі
Категориясы: Психология
11-сынып ата-аналарына психологиялық қолдау көрсету мақсатында "ҰБТ ата-ана көзімен" атты коучинг сабағы.
ҰБТ ата - ана көзімен»
Коучинг сабағы

Сабақ түрі: Коучинг сабақ
Сабақтың мақсаты: Ата - аналардың ҰБТ - ге деген көз қарасын анықтап, қорқынышын сейілту. Психологиялық қолдау көрсету.
Қажетті құралдар: ватман қағазы, түрлі - түсті маркерлер, стикерлер, сурет қиындылары, қағазға жазылған сөздер, Арман терегі (салынған сурет)
Сабақ барысы:
Құрметті ата - аналар! «ҰБТ ата - ана көзімен» атты коучинг сабағымызға хош келдіңіздер! Сабағымызды бастамас бұрын сиқырлы қобдиша ішінен сурет бөлшектерін аламыз. Қолымыздағы сурет бөлшектерін біріктіру арқылы топқа бөлінеміз. Бірінші топ қарындаш суреті, екінші топ жапырақтар, үшінші топ гүлдер суретін құрастыруы керек. (пазл) Ендеше топқа бөлініп алдық, енді үстел үстінде тұрған сөздердің ішінен өзімізге ұнаған сөзді таңдап аламыз. Сол сөзге қатысты көршімізге жылы лебізімізді білдіреміз.
«ҰБТ ата - ана көзімен» коучинг сабағымызға 3 топ қатысады және 3 кезеңнен тұрады.

І - кезең. «ҰБТ – ата - ана көзімен» тақырыбында постер қорғау.
ІІ - кезең. Жағдаят шешу.
ІІІ - кезең. Арман терегі.

І - кезең. «ҰБТ – ата - ана көзімен» тақырыбында постер қорғау.
3 топқа ватман қағаздары және түрлі - түсті маркерлер беріледі. Әр топқа өз ойларын ақылдаса отырып қағазға түсіру сұралады. Топқа ойларын ортаға салуға 5 минут уақыт беріледі. Болған топ қал шапалақтайды.

3 топ өкілдері өздерінің постерлерін қорғады.
ІІ - кезең. Жағдаят шешу. Бұл кезеңде үш топқа жағдаят беріледі. Топ бірлесіп жағдаяттан шығу жолдарын іздеп, бір өкіл қорғап шығады.
І - топқа жағдаят
ҰБТ. Айтулы күн жақындаған сайын мектеп бітіруші баланың ұйқысы қашып, мазасыздана бастады. Ең алдымен ол мектептің, ата - анасы және өзінің абыройын ойлады. Осыған дейін тер төгіп дайындалған еңбегінің еш кеткенін қаламады. Оның үстіне ата - анасы баласына тым жоғары талап қойып отыр. ҰБТ күні ол төмен ұпай жинады. Баланың ата - анасы ретінде балаға қандай қолдау көрсетесіз. Оның төмен ұпай жинаған себебі?
ІІ - топқа жағдаят
Балаңыз 11 сынып оқушысы. Ол мамандық таңдауға қатысты өз шешімін жасап қойған. «Болашақ дәрігермін» дейді. Ал Сіз болсаңыз балаңыздың медицинаға еш қабілеті жоқ екендігін нақты білесіз. Тәжірибелі үлкен, жанашыр адам ретінде Сіз балаңызға қалай кеңес берер едіңіз? Оның өз бейімділігіне қарай мамандық таңдауына қалай бағыттар едіңіз?
ІІІ - топқа жағдаят
Сіздің 16 жасар қызыңыз және 2 жасар ұлыңыз бар. Сіз екі мезгіл жұмыс жасайсыз. Қызыңыз биыл 11 сыныпқа келді. Алдында ҰБТ күтіп тұр. Әдетте, үй шаруасын тыңдырып, баланы да бағатын үлкен қызыңыздың күн тәртібін енді Сіз қалай өзгертесіз? Қызыңызға өз тарапыңыздан қандай қолдау көрсетіп, оның алдында күтіп тұрған емтиханға дайындалуына қалай жағдай жасайсыз?

Әр топ жағдаяттарды шешті.
ІІІ - кезең. Арман терегі.
«Арман терегі» бейнеленген плакат ілінеді. Әрбір ата - ана өз баласына деген жылы лебізін, арман тілектерін стикерге жазып, «Арман терегіне» іледі.

Сабағымыздың соңында Ж. Ж. Руссо: «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де солай сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» - деген сөзін ескере отырып, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық дегім келеді. Келесі кездескенше сау болыңыздар!
6 860
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Коучинг, Критериалды бағалаудың тиімділігі
Коучинг, Критериалды бағалаудың тиімділігі
Оқу үдересінің әрбір кезеңінде оқыту сапасын жақсарту үшін критерийалды бағалау жүргізудің маңыздылығын ұғындыру, критерийалды бағалаудың тиіміділігін көрсету.
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
Диалогтік оқыту және сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдістерінің байланысын меңгерту, әріптестердің коучинг барысында диалогтік оқытудың модулін терең зерттеп, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.
Мектеп мәдениеті дегеніміз не?
Мектеп мәдениеті дегеніміз не?
Мектеп мәдениеті ұғымының мәнін анықтау және түсіну; Жалпы мақсатқа қол жету үшін серіктестік қарым - қатынасты жүзеге асыру;
Диалогтік оқыту. Әңгімелесудің түрлері
Диалогтік оқыту. Әңгімелесудің түрлері
Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Киевка №2 қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бейсембекова Анар Сериковна
Инклюзивті оқытуды жүзеге асыру мүмкіндіктері» тақырыбында өткізген коучинг - сессия сабағы
Инклюзивті оқытуды жүзеге асыру мүмкіндіктері» тақырыбында өткізген коучинг - сессия сабағы
Атырау қаласының жалпы білім беретін №6 орта мектептің орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәні мұғалімі Темірғалиева Гүлбақыт Жалғасовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×