Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Стреске қарсы жаттығулар

15 маусым 2018, Жұма
Категориясы: Психология
Тақырыбы: Стреске қарсы жаттығулар
Мақсаты: жаттығулар жасату арқылы қатысушылардың көңіл - күйлерін көтеру.
Түрі: тренинг
Жаттығу. «Менің көңіл - күйімнің түсі»
Тренинг басында қатысушыларға түрлі - түсті қағаздар жапсырылған парақ беріледі. Қатысушылар өздеріне ұнаған түске қол қояды. Тренинг соңында дәл осындай түрлі - түсті парақ тағы да беріледі және тренингке неше адамның қандай көңіл - күймен келгендігі және тренинг соңында қандай күйде екендігі анықталады.

Жаттығу. «Менің атым және қасиетім»
Қатысушылар шеңбер болып отырады, бір - біріне допты немесе ойыншық беріп, өздерінің атын айтады және өздерінде бар қасиеттерді есімінде, тегінде және әкесінің атының бастапқы әріптерінен басталатын қасиеттерді айтады. Бұл жаттығуды «Қарлы жентек» әдісімен орындауға болады: әрбір келесі қатысушы бұған дейін айтылғандарды қайталайды және өзінің аты мен қасиетін қосады.
Жүргізуші жаттығуды қорытындылай отырып, қатысушылардың қасиеттерінің бір - біріне ұқсамайтындығын айтып, дегенмен барлығы бірге жұмыс істейтіндігін атап көрсетеді.

Жаттығу. «Менің мекен - жайым»
Қатысушылар өздерінің мекен - жайын бірдей айтады, әркім өзінің мекен - жайын басқалардың барлығы еститіндей етіп даусын шығарып айтуы керек, содан кейін жүргізуші бөлменің соңында отырған адамның мекен - жайын қайталауын сұрайды.

Тест. «Сіз стресті бағындыра аласыз ба?»
Нұсқау. Төменде берілген сұрақтарға «иә», «жоқ», «кейде» деп жауап беріңіз.

Тесттің кілті
0 – 3 ұпай. Сіз өзіңізді ұстай аласыз және сіз бақытты адамсыз.
4 – 7 ұпай. Сіз стреспен орташа деңгейде күресе аласыз. Сіздің стрестік жағдайда көмектесетін әдістерді пайдаланғаныңыз жөн.
8 және одан жоғары ұпай. Сізге әзірге өмірдің қиындықтарымен күресу оңай болмайын деп тұр. Егер сіз өзіңіздің рухани қуатыңыз бен дене қуатыңызды сақтағыңыз келсе, онда сізге стресс жағдайында көмектесетін әдістерді тиімді пайдаланудыүйрену қажет.

Жаттығу. «Дыбыстық жаттығу»
Мақсаты: дыбыстық гимнастикамен таныстыру, рух пен дененің тынығуы.
Дыбыстық жаттығуды бастамас бұрын, жүргізуші жаттығу ережесін түсіндіреді: өзімізді бірқалыпты, жайлы сезінеміз, тік тұрамыз, арқамызды тік ұстаймыз. Алдымен мұрнымызбен терең дем аламыз, ал дем шығарғанда дыбысты қатты әрі қуатты етіп шығарамыз.
Келесі дыбыстарды «әндетіп» айтамыз:
А – барлық ағзаға жайлы әсер береді;
Е – қалқанша безге әсер етеді;
И – миға, көзге, мұрынға, құлаққа әсер етеді;
О – жүрекке, өкпеге әсер етеді;
У – асқазан маңындағы ағзаларға әсер етеді;
Я – барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді;
М – барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді;
Х – ағзаның тазаруына көмектеседі;
ХА – көңіл - күйді көтеруге көмектеседі.

Стреске қарсы жаттығулар. жүктеу
6 495
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мұғалімдерге арналған тренинг
Мұғалімдерге арналған тренинг
Адамға, жеке өзіндік «Менін» тереңірек таныту, қызығушылығын ояту, өзінің адамгершілік мінез - құлықтарына баға беру, өзіне деген сенімділік қабілетін дамыту.
Педагогтарға арналған психологиялық тренинг
Педагогтарға арналған психологиялық тренинг
- психоэмоционалды күйін реттеу дағдысын қалыптастыру; - педагогтардың эмоционалды күйінің алдын алу;
Достық торы тренингі
Достық торы тренингі
«Достық» торы тренингі
Жақсы көңіл- күй жан шуағы
Жақсы көңіл- күй жан шуағы
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Көктүбек ауылы, «Көктүбек орта мектебі» КММ - нің психологы Мизамитова Бакытгул Масалимовна
Біз - біргеміз, берік іргеміз
Біз - біргеміз, берік іргеміз
Тренинг тақырыбы: Біз - біргеміз, берік іргеміз
Дені саудың - жаны сау
Дені саудың - жаны сау
КМҚК "Жауқазын " бөбекжай балабақшасы тәрбиешісі: Нұрманова Ақтоты
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×