Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тіліктер туралы жалпы түсінік (сызудан күнделікті сабақ жоспары)

12 қыркүйек 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Күнделікті сабақ жоспары, сызу 9 сынып
Тақырыптар:
16. Тіліктер туралы жалпы түсінік.
17. Қарапайым тіліктер.
18. Тілік пен қиманың арасындағы айырмашылық.
19. Қарапайым тіліктер. Горизонталь тілік, вертикаль тілік және көлбеу тілік.
20. Күрделі тіліктер.


Сабақ: №49
Сабақтың тақырыбы:
Тіліктер туралы жалпы түсінік.

Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Нәрсенің тіліктерін орындап, сызбаға орналастыруға үйрету, өз беттерімен ізденіп жұмыс жасауға дағдыландыру, өздерінше ой қорыта білуге, таным мүмкіндігін анықтап, сауатты, сызбаларды көркем түсіре білуге үйрету.
ә) Дамытушылық: Шығармашылық жұмысты іздену барысында білімдерін тереңдетіп, ой - қиялдарын, өз бетімен шешім қабылдау, белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Өзіндік және логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, жетекшілік қасиетін дарытуға, эстетикалық әсемдікті тани білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және т. б.

Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
Нәрсенің ішкі көрінбейтін беттерінің нұсқаларын сызбада үзілме сызықпен жүргізіп көрсетуге болады. Бірақ мұндай үзілме сызықтар сызбаны оқуды қиындатып жібереді. Көрінбейтін сызықтардың проекциялары көрінетін сызықтардың проекцияларымен бірігіп түсуі мүмкін. Ішкі құрылысы күрделі тетікбөлшек көріністеріне қарап, оның пішінін түсінуге болмайды. Оның үстіне көрінбейтін сызықтарға өлшемдерді және басқа да түрліше шартты белгілерді түсіруге болмайды. Сондықтан қимамен қатар тілік деп аталатын тағы да бір шартты кескін қолданылады. Тілік нәрсенің ішкі құрылысын сызбада анық және түсінікті етіп көрсетуге мүмкіндік береді. 133, а - суретте ішкі пішінін көрсету үшін тілікті керек ететін тетікбөлшектің көріністері берілген. Берілген тетікбөлшекті фронталь орналасқан  жазықтығы бойынша ойша қиып, тең екіге бөлейік. Екіге бөлінген тетікбөлшектің аксонометриясы 133, ә - суретте сызып көрсетілген. Тетікбөлшектің оң жақтағы бөлігін (яғни, қиюшы жазықтықпен қараушының арасындағы бөлігін) ойша алып тастайық. Оның қалған бөлігін фронталь жазықтыққа тік бұрыштап проекциялайық. Осылайша алынған кескін тілік болады. Бір немесе бірнеше жазықтықпен ойша қиылған тетікбөлшектің кескінін тілік деп атайды. Тілікте нәрсенің қиюшы жазықтықтың өзінде (қима фигурасы) және оның ар жағында жатқан бөліктері кескінделіп көрсетіледі. Біздер қарастырып отырған тетікбөлшектің сызбасы, әдетте, 133, б - суреттегідей болып сызылады. Мұнда да біз үш кескін көріп тұрмыз. Олардың екеуі - үстінен және сол жақтан қарағандағы көріністер де, ал үшіншісі - тілік. Қиюшы жазықтықтың орны сызбада қимадағыдай жуан үзік сызықпен көрсетіледі. Осы үзік сызыққа перпендикуляр екі нұсқама салынады. Нұсқамалар қима сызығының сыртқы шетінен 2 - 3 мм қашықтықта орналасулары тиіс. Нұсқамалардың сырт жағына орыс алфавитінің бас әрпі екі рет жазылады. Тіліктің жоғарғы жағына бұл әріптер сызықша арқылы жазылады. Егер қиюшы жазықтық тетікбөлшек симметрия жазықтығымен дәл келсе, тілікті сәйкес көріністің орнына орналастырады. Мұндайда қиюшы жазықтықтың орны сызбада көрсетілмейді, ал тілік белгіленбейді. Тілік пен қиманы шатастырмау керек. Олардың арасындағы айырмашылықты жақсы түсініп алған дұрыс. Қиманы салғанда тек қиюшы жазықтықтың тікелей өзінде жатқан фигура ғана көрсетілетіндігін білесіңдер. Ал тілікті салғанда қима фигурасына қиюшы жазықтықтың ар жағында жатқандарды да қосу керек. 134 - суреттен екі кескіннің (қима мен тіліктің) арасындағы айырмашылық анық көрініп тұр.

Үйге тапсырма беру: Фронталь және горизонталь проекциялары 135 - суретте көрсетілген тетікбөлшектің профиль проекциясын салып, оның фронталь проекциясын тілікпен алмастыр.

16, 17, 18, 19, 20 сабақты жүктеу

Толық нұсқасын қарау
9 263
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қарапайым тіліктерді орындау және белгілеу
Қарапайым тіліктерді орындау және белгілеу
Қима деп детальді жазықтықпен ойша қиғаннан шыққан фигура кескінін айтамыз. Қимада деталь ойша кесіледі де, оны қиюшы жазықтықта орналасқан бөлігі ғана кескінделеді. Детальді қиюшы жазықтықтың арғы және бергі жағында орналасқан бөліктері сызылмайды.
Қарапайым тіліктер. Сызудан қосымша практикалық сабақ жоспарлары
Қарапайым тіліктер. Сызудан қосымша практикалық сабақ жоспарлары
Қиюшы жазықтықтың санына қарай тілік қарапайым және күрделі болып екі топқа бөлінеді. Тек бір қиюшы жазықтықтың көмегімен алынған тілікті қарапайым тілік деп атайды.
Көріністерді сызбаларда салу. Сызудан қосымша практикалық сабақ жоспарлары
Көріністерді сызбаларда салу. Сызудан қосымша практикалық сабақ жоспарлары
Бір көрінісімен анықталатын заттың сызбаларын орындау, өлшемдерін түсіру. 1 - тапсырма: Қалыңдығы 2 мм, ұзындығы 50 мм, ені 25 мм болатын тік бұрыштық сызбасын сызу, қажетті өлшемдерін түсіру.
Күрделі тіліктер. Өткенді қайталау (сызудан күнделікті сабақ жоспары)
Күрделі тіліктер. Өткенді қайталау (сызудан күнделікті сабақ жоспары)
Нәрсенің тіліктерін орындап, сызбаға орналастыруға үйрету, өз беттерімен ізденіп жұмыс жасауға дағдыландыру, өздерінше ой қорыта білуге, таным мүмкіндігін анықтап, сауатты, сызбаларды көркем түсіре білуге үйрету.
Қарапайым және күрделі тіліктер
Қарапайым және күрделі тіліктер
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі сызу пәні оқытушысы Джайлибаева Жайнагул Абдигалиевна
Қарапайым тілік орындау
Қарапайым тілік орындау
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі инженерлік графика, сызу пәні оқытушысы Куспанова Сауле Умбеткалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×