Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ән бұлбұлы - Біржан сал

03 сәуір 2015, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Ән бұлбұлы - Біржан сал»
Мақсаты: қазақ халқының танымал ақын, әншісі Біржан сал өмірімен, шығармашылығымен таныстыру, оның халқына қалдырған мол мұрасын ұрпаққа жеткізе отырып жерлес ақын композиторды әндерін құрметтеуге шақыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта «Жерлес композитор - Біржан аға» тақырыбында Біржан өмірінен, шығармашылығынан суреттер.
1. Біржан сал өмірбаяны
2. Шығармашылығы
3. Абаймен кездесуі

1. Біржан сал өмірбаяны
Қожағұлұлы Біржан (1825 - 1897) – қазақ халқының әйгілі әнші - композиторы, ақын. Соңғы деректерге сүйенсек және ең бастысы Біржанның өз өлеңдеріне табан тіресек - ол 1925 жылы наурыз айында Ғ. Мүсіреповтің туған ауылы Жаңажолдан 4 - 5 шақырым жердегі «Қожағұл бүркеуі» делінетін қалың орман мекендеген Бертіс ауылындағы зергер Тұрлыбай Қожағұлұлының отбасында туған. Топырақ бұйырған жері Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданына қарасты Қожағұл бүркеуі деген жер. Шыққан тегі — Орта жүз Ақсары Керей, оның ішінде Көшебе. Үлкен әкесі Қожағұл Бертісұлы Ресей отаршыларының қысымын көріп, 1826 жылы Көкшетау, Ақмола өңіріне қарай қоныс ауыстыруға мәжбүр болады. Бозбала кезінен әнші - ақындардың қасына еріп, той - думанның сәніне айналады. Шөже, Салғара, Толыбай, Орынбай, Нүркей, Сегізсері, Арыстан тәрізді өнер иелері – Біржан салдың ұстаздары. Біржан сал алғашқыда Қызылжардағы екі жылдық орыс - қазақ мектебін оқып бітірген. Сонан соң осындағы медресеге оқуға түседі. Оның өнер жолына біржола бет бұруы осы медреседен басталады. Өйткені, медреседе ұстаздық еткен Имағамбет Ырғызбекұлы, Көрпеш Бахрамұлы деген кісілер Көшебелі көп Керейге аттары мәлім ақын, өнерпаз болған. Бұлар Біржанға діни ғибадатшылыққа қоса, ән - күй өнерін, ақындық - жыршылықты, қол өнерінің алуан түрлерін, атбегілікті, аңшылық - саятшылықты үйреткен. Тіптен тоғызқұмалақ, дойбы ойындарына дейін терең меңгеріп шығуға мән берілген. Яғни, Біржанның болашақ сал - сері атағына лайық болып, өнердің үлкен жолына түсуіне бірден - бір негіз болған. Ол Қызылжар медресесінен араб, парсы, шағатай тілін меңгеріп, оң - солын танып, өз ортасының сауатты адамы болып шыққан. Біржан сал өмірінде төрт рет некелі болып, он бір ұл сүйген адам. Бірінші әйелі Балқаштан - Ақыл, Алтынбек, Әділбек, Мақұлбек, екінші әйелі Ләйләдан - Ахметжан, Ахметбек, үшінші әйелі Айтбайдан - Ахметқали, Айтжан, Айтмұхаммед, төртінші әйелі Әпіштен - Теміртас, Қалкен есімді ұлдар туған. Әлеуметтік ауыртпалық, репрессия зобалаңы, соғыс салдарынан осы балалардың ішінде тек Теміртастан ғана ұрпақ жалғасты. Теміртастан Мұхаммедқали туған. Біржан Тұрлыбайдың баласы. Атасы немересін бауырына басып, ежелден ерке өсіреді. Ата мен әже тәрбиесін көріп өскен ерке Біржан «Баласы Қожағұлдың Біржан салмын» деп жар салатын содан. Дәулетті атасының тәрбиесінде өскен Біржан тұрмыс таршылығын көрмей, еркін ер жетеді. Бас еркіндігі өзіндегі талантты бала жас шағынан домбырамен ән салуға, өлең сөз қиыстыруға бейімдігін байқатады. Өлеңге құмар жас тар аяда оңалмай, ошақ басы, от анасы әңгімелерінен биік тұрып, ел тамсандырар серілер өміріне қызығып, өзі де салдық, серілік құра бастайды. Осы әншілігінің, ақындығының арқасында Біржан алты алашқа оңай танылып, кейінгіге ертегідей жетіп, қазақтың ерекше салт - дәстүрі серілік дәстүрін шыңға шығарған жанға айналады. Ол тек Көкшетау аймағы ғана емес, бүкіл Сарыарқаға танылып, кейіндері қазақ әдебиетінің биік тұлғасына айналады. Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, балуан Шолақ секілді әнші - ақындар Біржан жолын жалғастырушы болып, соның жолымен жүрген жандар еді. Біржанның әр әні ерекше жағдайларда, ерекше жайларда туады. Мәжіліс құрып отырған шақтарда, я болмаса көңілінде қалған бір түйткіл жайларға байланысты Біржан ән шығара береді.

1 - оқушы: Баласы Қожағұлдың Біржан салмын,
Адамға зияны жоқ жүрген жанмын.
Қасыңа мені сендер неге алмайсың,
Өзім сүңқар, өзім сал, кімге зармын.
Жасым бар жиырмада жасырмаймын
Басымнан дұшпан сөзін асырмаймын.
Басымнан дұшпан сөзі асып кетсе,
Сен түгіл, патшаға да бас ұрмаймын, -
деп ақындық қуатының зорлығын, шалқар талантының бар екенін ескертіп, биік жоғары әуенменен айтады. Осыдан - ақ Біржанның ақындық қуатын танимыз. Ақын сөзін әдемі өрнектеп, соған сай қуатты әнменен қосады. Яғни, ол қазақ даласындағы біріккен, тоғыспалы өнер түрін сазгерлік, ақындық, әншілік сипатта үш тоғыстың басын қосқан айрықша талант. Біржан ең бастысы ақын екендігі мәлім. Созады Біржан даусын қоңыр қаздай, басқаға бір өзіңнен жүрмін жазбай, секілді сөздері Біржанның ақындық күшін көрсетеді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 519
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Біржан
Біржан
Өлеңді түсініп оқып, негізгі ойын таба білуге, тұжырым жасауға үйрену. Шығармашылық қабілетін ұштау.
Сәкен Сейфуллин. «Біржан сал»
Сәкен Сейфуллин. «Біржан сал»
Сәкен Сейфуллин туралы мағлұмат беру. Біржан өмірі мен шығармашылығын таныстыру. Біржан өнері туралы жан – жақты мәлімет беру. Оқушыларды түсіндіріп, дауыстап оқуын қалыптастыру. Оқушыларды мәнерлеп, дауыс ырғағымен айтып үйрету.
Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай аулында»
Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай аулында»
Жалпы мақсаты: Оқушылардың теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, тілдік тараптан талдауға үйрету, адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
Біржан Сара айтысы
Біржан Сара айтысы
Сам орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бисекенова Халима Ориновна
Сәкен Сейфуллин “Біржан”
Сәкен Сейфуллин “Біржан”
Шалқар қаласы, №4 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ашықбаева Мирамгүл Қостайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×