Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аяулы аналар

18 мам 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағатының мақсаты: Наурызда Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту. Анаға деген мейірім, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі болуға үйрету. Оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: мерекеге лайықты плакат, шарлар, гүлдер.

Тәрбие сағатының барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім: Құрметті Ұстаздар, асыл аналар, қызғалдақтай құлпырған арулар бүгінгі 8 - наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Көктемнің шуақты күндеріндей жүздеріңізден қуаныш пен мейірім шапағатын шашып әр адамның жанына шипа бола берсін. Бұл күн жүрегімізді шуаққа бөлейтін ананың алақаны сияқты көктемнің алғашқы мерекесі. Табиғаттың оянуы осынау шуақты мерекеден бастау алатыны тегін болмаса керек. Осы күн ізгіліктің, мейірімділіктің, әдеміліктің нышаны. Аналар өмірді нұрландырып шаңыраққа шаттық нұрын сепкен. Аналарымыздың қолдаулары әркімнің жүрегінде сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Әлемдегі ең асыл жан ол Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. Осы бір "Ана" деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші, Ару ана, Ару асыл жар, Ару көңілдің гүлі, Ару өмірдің жыры, тіпті айта берсек сөз жетпейді. Олай болса бүгінгі аналарға, аруларға арналған сыныбымыздың "Аяулы аналар" атты кешімізге қош келдіңіздер.
Оқушылар өздерінің дайындаған сыйлықтарын ұстаздарға, аналарға табыстайды.

Тақпақтар.
Мәусім:
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би, биленіп, ән де бүгін шырқалар

Жәнібек:
Мереке құтты болсын аналарым
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Балғын шақты біз бақытты балалар

Нұрбол:
Тал бесікке тірлікті ілмектеген
Мадақтауға ананы тіл жетпеген
Алатаудың шыңына ту тігеді
Анасына той жасап құрметтеген

Мерей:
Бізді өсіріп баптаған
Жақсы болсаң шаттанған
Алтыным деп мақтаған
Айналайын ақ мамам

Еркінбек:
Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз

Айтмұрат:
Келді көктем күннің
Күлімдейді гүлің
Алтын ойлы анам
Мерекеңіз бүгін

Исламбек:
Сіз біздің күнімізсіз жарқыраған
Анадан қуат алар жарты ғалам
Құны мен қасиетті тозбайтұғын
Біз үшін Ана деген алтын адам

Мұғалім: Жақсылықтың нышанындай жанын сүйген адамның жып-жылы құшағындай, саф алтындай тазалығы мен сұлулығын беретін жайма шуақ сәулелерін төгетін көңілдерге қуаныштар егетін имандылық пен пәк қыздардың мінезіндей ибалылық себетін деп тағы да мерекелеріңізбен.

Көрініс: "Ананың жұмбағы"

Автор: Бірде көп балалы ана ұлдарына былай депті
Ана: Балапандарым мен сендерге бір жұмбақ айтамын, сендер соны шешіңдер. Сендердің бәріңді 9 ай абақтыға жапса, одан шыққан соң ауызыңа өкпе тықса, арқаңды ағашқа таңса, сол адамға не істер едіңдер.
Тұңғыш ұлы: Мен оның басын балтамен шабар едім.
Екінші ұлы: Мен оны мылтық пен атып тастар едім.
Үшінші ұлы: Оның мұрнын бұзар едім.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 214
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ардақтысың сен – ана! мерекесі
Ардақтысың сен – ана! мерекесі
Музыкалық тақырыптық шығармаларды сауатты орындау арқылы балалардың рухани мәдениетін қалыптастыру. Анаға, әжеге деген сүйіспеншілікті ән құдіретімен жеткізу. аналарымызды сыйлауға тәрбиелеу.
Көктем аруы
Көктем аруы
«Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, сүйіспеншілікті арттыруға, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Бала бойына ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына, келініне тән жақсы қасиеттерді
Балдырған арулар мен сал - серілер сайысы
Балдырған арулар мен сал - серілер сайысы
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Бекі бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бердибекова Акмарал
Ана - өмірдің шуағы
Ана - өмірдің шуағы
Қарағанды қаласы, ЖОББ №53 мектеп – лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Джолимова Жанат Зиядиновна
Аяулы ана
Аяулы ана
8 - наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
Ару ана - асыл ана
Ару ана - асыл ана
№3 орта жалпы білім беретін қазақ мектебінің мұғалімі Г.И.Есенова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×