Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесі туралы

07 наурыз 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесі туралы

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабақтың тақырыбы, оның мақсат - міндеттері және негізгі әдістерімен таныстыру.
Кіріспе: Сәлеметсіздер ме, балалар! Балалар, қолдарыңды бір - біріңнің иықтарыңа қойып, шаттық шеңберін құрайық!
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
«Қайырлы таң!» деп айтамыз,
Бір болып кеште қайтамыз.

Тәрбиеші: Балалар, білесіңдер ме, таңертең тұрып, көзімізді ашып, терезеге қарасақ алдымен арайлап атқан таңды, күннің нұрын көреміз. Бүгін көңіл - күйіміз осы күн сияқты керемет. Бүгінгі сабағымыз да, тақырыбымыз да ерекше. Балалар, сабаққа жақсы көңіл - күймен келдік пе? Оқушылар жауап береді.
Бүгінгі тәрбие сабағымызда ұлы ақын, ұстаз Ыбырай Алтынсарин атамызбен таныса отырып, Ыбырай атамыздың еңбек жайлы, адамның асыл қасиеттері жайлы ой бөлісеміз.

Тәрбиеші: Ыбырай атамыздың қандай өлеңдерін білесіңдер?
Оқушылар жауап береді.
Тақтаға Ыбырай Алтынсариннің портреті қыстырылады.

Тәрбиеші: Балалар, суретте кімді көріп тұрсыңдар? Ыбырайдың қандай өлеңдерін, ертегілерін, әңгімелерін білесіңдер? Оқушылар жауап береді.
Бүгінгі сабағымыз қазақтың тұңғыш педагогы Ыбырай Алтынсарин әңгімелеріне арналады. Ыбырай Алтынсарин 1846 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Бірінші рет қазақ әліппесін жасайды. Балалар әдебиетінің атасы. Қазақ даласында алғаш рет мектеп ашқан. Ағартушы, ұстаз, жазушы. (слайд)

Негізгі бөлім. Сахналық көрініс. Ы. Алтынсарин. «Әке мен бала»
Әке баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатады. Жолда жатқан аттың ескі тағасын көріп баласына айтады:
- Балам, анау тағаны алы жүр, - деді
- Бала әкесіне: - Сынып қалған ескі тағаны алып не қылайын, - деді. Әкесі үндемеді, тағаны өзі алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң әкесі қайырылып, манағы тағаны үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен шиені орамалына түйіп, өзі бір - бірлеп алып жеп, әкесінің қолынан бір шие түсіп кетті. Артында келе жатқан бала шиені жерден алып аузына салады. Біраздан соң бір шие, одан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әкесі он шақты шие тастайды. Баласы оншақты рет жерден иіліп алады. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен беріп тұрып айтады:
- Көрдің бе, мана тағаны жамансынып, жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиені; жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Есіңде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң – көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең – көптен де құр қаласың, - деді.

Қорытынды. Сұрақ - жауап.
Тәрбиеші: Баланың істегені дұрыс па? Әке баласына қандай сөздер айтты? Баланың мінезі ұнады ма? Сендер әкелеріңнің тілін аласыңдар ма? Сендердің әкелерің қандай ақыл береді? Оқушылар жауап береді.
Ойын - жаттығу. «Адамның асыл қасиеттері» ағашына еңбекқорлық, имандылық, адалдық, әділдік, әдептілік, ізеттілік, жалқаулық, өзімшілдік, күншілдік, сараңдық, қорқақтық, қанағат, менмендік, жалқаулық, қатыгездік, ашу, ызақорлық, инабаттылық, қарапайымдылық, сыпайылық, жауапкершілік сияқты қағаздардың керегін қыстырады. Керек емес қағаздарды қоқыс шелегіне тастайды.

Тақтамен жұмыс:
Домино ойыны: Бір Аллаға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық
Оқығанды көңілге
Ықыласпенен тоқылық.
Тақтаның ретсіз тұрған өлең сөздерін оқушылар рет - ретімен орнына қояды.
Балалар, осымен бүгінгі сабағымызды аяқталды. Көріскенше күн жақсы, балалар!

Қаскелең қаласы облыстық зерде бұзылыстары бар
Балаларға арналған мектеп - интернаты тәрбиешісі
Исмайлова Жадра Муратовна
2 841
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ыбырай Алтынсарин. Дүние қалай етсең табылады?
Ыбырай Алтынсарин. Дүние қалай етсең табылады?
Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығына тоқтала отырып, әңгіменің идеялық мазмұнын ашу арқылы еңбек етудің пайдасы туралы біледі, мамандық таңдай білуге үйренеді.
Ыбырай Алтынсарин әңгімелері
Ыбырай Алтынсарин әңгімелері
Ы. Алтынсариннің шығармашылығымен тереңірек таныстыру, әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу, Ы. Алтынсариннің ел болу идеясының өміршеңдігіне көз жеткізу;
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы
Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы бойынша білімдерін кеңейту
Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, В. И. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Ешбаева Кенжегүл Өтелбайқызы
Ыбырай Алтынсарин “Киіз үй мен ағаш үй” әңгімесі
Ыбырай Алтынсарин “Киіз үй мен ағаш үй” әңгімесі
Астана қаласы, № 18 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Төлеуова Гүлшат Қысқашқызы
Ыбырай Алтынсарин
Ыбырай Алтынсарин
Ақтөбе Мемлекеттік Педагогикалық Институты оқытушысы: Бекниязова Динара Достановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×