Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


19 ғасырдың І жартысындағы Қазақстан мәдениеті. Халық ағарту ісінің дамуы

15 мам 2018, Сейсенбі
Категориясы: Тарих
ҰБТ-ға дайындық Қазақстан тарихы пәнінен
IV БӨЛІМ. 19 ғасырдың І жартысындағы Қазақстан мәдениеті. Халық ағарту ісінің дамуы
Конспект
Қазақ жерінің Ресей құрамына қосылуы ағарту саласының кеңеюіне, жергілікті халық дəстүрі мен мəдениетінің жаңа сипат алуына әсер етті. Ірі медреселерде араб тілінен сабақ беруге негізінен “мұғалімдікке” куәлігі бар адамдар тартылды.
Қазақстанда жаңа оқу жүйесінің дамуы Омбы, Орынбор, Семей, Орал қалаларында орысша білім беретін мектептердің ашылуынан көрініс тапты. Қазақ жерінде 1789 жылы Азиялық училище ашылып, монғол, маньчжур, қытай, парсы тілдерін оқытты. 1813 жылы Омбыда, 1825 жылы Орынборда əскери училищелер ашылып, ресейлік əкімшілік үшін шенеуніктер дайындады. Олар кейін 1837 жылы Сібір кадет корпусы, 1844 жылы орынборлық Неплюев кадет корпусы болып қайта құрылды. 1841 жылы Кіші Ордада Жəңгір ханның ұйымдастыруымен татар, орыс тілінде оқытатын мектеп ашылды. Орынбор губернаторының ықпалымен ашылған бұл мектеп қазақ жастарына білім беру ғана емес, отаршылдық әкімшілікке берілген қызметкерлер даярлауды мақсат еткен. 1831 жылы Омбы облысының қоныстарында орысша білім беретін училищелер ашу ұйғарылды. 1831 жылғы 18 қыркүйекте Семейде орысша оқытатын училище ашылды. 1836 жылы Өскеменде интернаты бар училище ашылды. 1850 жылы Орынбор шекаралық комиссиясының жанынан орыс мектептері ашылды. Мұғалімдердің, қаражаттың жетіспеушілігі, мектеп үйлерінің талапқа сай келмеуі Қазақстанда орыс тілді мектептердің дамуына мүмкіндік бермеді.
В. И. Даль 1833 - 1841 жылдары Орынбор әскери губернаторының жанындағы шенеунік қызметте жүргенде Орынбор өлкесіндегі түркі тілдес халықтардың жазбаларын, ауыз əдебиетінің үлгілерін жинастырды, әңгімелер жазды. 1839 - 1840 жылдары Хиуа жорығына қатысқан. 1836 - 1838 жылдардағы шаруалар көтерілісінің басшылары И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлына жанашырлық білдірді. “Бикей мен Мəулен” повесінде Орынбор өлкесіндегі қазақтардың тұрмысын сипаттады.
1833 жылы А. С. Пушкин Орынборда болып, 1773 - 1775 жылдардағы Е. И. Пугачев көтерілісі туралы мəлімет жинақтады. “Пугачев бүлігінің тарихы”, “Капитан қызының” баспадан шығуы орыс демократиялық өкілдерінің Орта Азия мен Қазақстан туралы құнды мәліметтердің тарауына септігін тигізді. А. С. Пушкин Оралда “Қозы Көрпеш - Баян сұлу” поэмасымен танысқан.
19 ғасырдың 20 - 40 жылдары Қазақстанды зерттеудің жаңа кезеңі басталды. 1848 - 1849 жылдары Г. С. Карелиннің Каспий теңізіне, А. Бутаковтың Арал теңізіне жасаған экспедициялары қазақ даласын зерттеудегі үлкен бетбұрыс болды. Олар Сырдария өзенінің жағалауларын картаға түсірді. Арал теңізі мен Сырдарияның тереңдігін анықтап, картада белгіледі. Саяхатшылар Е. П. Ковалевский, Н. А. Северцев, П. И. Небольсин қазақ жерін топографиялық зерттеумен шұғылданып, табиғи байлықтарын анықтады.
Ғалымдар А. Левшин, Э. Мейер, И. Завалишин, Н. Красовский, В. Витевский қазақ халқының өмірін зерттеп, тарихи еңбектер жазды.
Конспект сұрақтар
1. Қазақстанды зерттеудің жаңа кезеңі қашан басталды?
2. А. С. Пушкин болған Қазақстан қалалары:
3. “Бикей мен Мəулен” повесінде не сипатталады?
4. 1831 жылы орысша білім беретін училищелер қай облыста ашылды?
5. Кіші Ордадағы мектепті кім ұйымдастырды?
6. Алғашқы сауатты мамандар дайындаған оқу орны:
7. Орысша білім беретін мектептер ашылған қалалар:
8. «Азиялық училище» қай жылы ашылды:
9. Өскемен училищесі қай жылы ашылды:
10. 1848 - 1849 жылдары капитан - лейтенант А. Бутаков Қазақстанның қай аймағына экспедиция жасады:
11. Қай жылы Омбыда әскери училище ашылды:
12. 19 ғасырдың I жартысындағы қазақ жері туралы құнды еңбектер жазған орыс ғалымы:
13. Тарбағатай тауларын, Қалба жотасын 19 ғасырда кім зерттеген:
Тақырыптың тесті
11 673
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Патша үкіметінің ХІХ ғ. екінші жартысындағы отарлық саясаты.
Патша үкіметінің ХІХ ғ. екінші жартысындағы отарлық саясаты.
Қазақстанның Ресейге қосылуының салдары мен маңызы, Қазақстандағы патша әкімшілігінің отарлау саясатының күшеюі, Қазақстан аумағындағы (Жайықтық, Сібірлік, Орынборлық және Жетісулық) казак әскерлері, Қазақстанның Ресейге қосылуының тарихи маңызына
Қазақстан – Ресей империясының отары (19 ғасырдың ІІ жартысы). Ұлы жүздің Ресейге қосылуы
Қазақстан – Ресей империясының отары (19 ғасырдың ІІ жартысы). Ұлы жүздің Ресейге қосылуы
Конспект. 18 ғасырдың cоңы мен 19 ғасырдың басында Кіші жəне Орта жүз аймағының Ресей құрамына өтуі аяқталғанымен, бірқатар қазақ жерлері Орта Азия хандықтарына тəуелді болды.
19 ғасырдың II жартысындағы Қазақ - Қытай сауда қатынастары
19 ғасырдың II жартысындағы Қазақ - Қытай сауда қатынастары
19 ғасырдың II жартысындағы Қазақ - Қытай сауда қатынастары (конспект) Ресей мен Цинь империясы арасындағы сауда - экономикалық байланыстар 1851 жылға дейін Кяхта қаласы арқылы жүргізілді. Шығыс Қазақстан және Шыңжанмен сауда айналымы жүйелі жолға
19 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық және саяси жағдайы. Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы
19 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық және саяси жағдайы. Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы
19 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық және саяси жағдайы. Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы Конспект 19 ғасырдың I жартысында жергілікті өнеркәсіп пен кәсіпшіліктің жаңа салалары қалыптасты. Ертіс, Жайық,
1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар
1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар
Қызылорда облысы, №197 қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Көшетова Дана
ХІХ ғасырдың І-жартысындағы қазақ әдебиеті мен мәдениеті
ХІХ ғасырдың І-жартысындағы қазақ әдебиеті мен мәдениеті
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қарасу ауылы №83 Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Игенбаева Динара Маратқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×