Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Скважина туралы түсінік

24 мам 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Мұнай және газ скважиналарын пайдалану
Ашық сабақ
Тақырыбы: Скважина туралы түсінік
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Құралдарды көрсету, сұрақ - жауап, шығармашылық жұмыс, ізденіс ойы, ой шақыру.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге скважинаның мұнай өнеркәсібінде алатын рөлін түсіндіру. Скважинаның конструкциясымен таныстыру, олардың қолданылуы жайлы мағлұмат беру.
1. Білімділік: Студенттердің өз жетістіктерін, білім - білік дағдыларын қалыптастыру.
2. Тәрбиелік: Студенттерді ойландыруға, өз ойларын ашық айтуға, дұрыс сөйлей білуге, өз бетімен ізденіс жұмысын жасауға үйрету.
3. Дамытушылық: Студенттердің алған теориялық білімдерін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
Кұрал-жабдықтар: Көрнекі құралдар: суреттер, видео, слайд, схемалар
Сабақтың техникалық құралдары: Компьютер, итерактивті тақта.
Сабақтың көрнекіліктері: Қазақстанның пайдалы қазбалар картасы, скважинаның тірек сызбасы, суреттер, скважина туралы бейнежазба;
Сабақтың пән аралық байланыстары: «Мұнай және газ скважиналарын дайындау», «Жалпы мұнай және мұнай кәсіпшілік геологиясы»
Оқыту әдістері: топтық, сұрақ - жауап, түсіндіру, баяндау;
Пайдаланылған әдебиеттер:«Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау техникасы мен технологиясы», Қараулов; «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану»
М. Сақтағанова, «Ұстаздық ізденістер» журналы

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
I. Сәлемдесу, студенттердің сабаққа қатысын тексеру, олардың дайындығына және аудиторияның тазалығына назар аудару.
II. Үй жұмысын тексеру
III. Өткен тақырыпты пысықтау мақсатында «Миға шабуыл» ойыны
IV. Жаңа сабақ
V. Сабақты бекіту.
VI. Үйге тапсырма.
VII. Студенттерді бағалау.

Үй тапсырмасын тексеру:
1. Мұнай кенорындарын дамыту және пайдалану кезеңдері
2. Мұнай және газ өнеркәсібінің дамуы /түсінік айту, слайд материалын дайындау/

2. Студенттердің назарын сабаққа аударып, ой шақыру әдісін пайдалана отырып, «Миға шабуыл» ойынын ойнасақ./Қойылған сұраққа нақты жауап беру сұралады/
1. 1899 жылы Атырау облысының Жылыой ауданына қарасты алаңында №7 скважинадан мұнай фонтаны атқылаған.
Бұл алаң қалай аталады?
2. Кеніш дегеніміз не, қандай түрлері бар?
3. Қабат қысымы деп нені айтамыз?
4. Мұнай – газ кенорындарының іздеу - барлау жұмыстары неше кезеңнен тұрады?
5. Қабаттың мұнай бергіштік коэффициенті дегеніміз не?
6. Кеуектілік дегеніміз не?

I. ЖАҢА БІЛІМДІ МЕҢГЕРУ.
Жаңа тақырыпты баяндау, мақсатын қою.
Жер қойнауында мұнай – газ кенінің бар екенін анықтау, ашу, олардың қорларының санын есептеу және кен орындарының игеру жобаларын жасау мақсатында жүргізілетін жұмыстарды іздеу және барлау жұмыстары деп атаймыз.
Іздестіру – барлау жұмыстарына алаңды геологиялық, геофизикалық және геохимиялық зерттеу жатады. Одан кейін кен орынды түгелдей барлап, кемерлеу үшін скважина казу әдістері белгіленеді.
Іздеу жұмыстарының өзі бірнеше кезеңнен тұрады.
1) Жалпы геологиялық көрініс картасы жасалады.
2) Зерттелетін алаңның геологиялық құрылысын, негізгі қабаттардың тұрпаты мен пішінін көрсету мақсатында құрылымдық скважиналар қазылады.
Мұнай, газ кен орындарын геологиялық зерттеу, іздеу, барлау және пайдалану мақсатымен бұрғыланатын барлық скважиналар төмендегідей топтарға бөлінеді.
1. Тіректік скважиналар
2. Параметрлік скважиналар
3. Құрылымдық скважиналар
4. Іздеу скважиналары
5. Барлама скважиналары
6. Пайдалану скважиналары: бағалау, бақылау, айдау скважиналары
7. Арнайы скважиналар

Құрылымдық скважиналар деп, геологиялық карталар жасауға керекті деректер жинауға арналған ұңғыларды айтады. Кейбір жағдайларда құрылымдық ұңғылар кен орындарын іздеу үшін де бұрғыланады. Ондайда бұрғылау барысында кездескен тиімді горизонттарға зерттеулер жүргізіледі. Іздеу скважиналары геологиялық іздеме жұмыстар жүргізіліп дайындалған учаскелерде жаңа кен орындарын ашу үшін бұрғыланады. Барлама скважиналар кен орны барлығы анықталған учаскелерде, сол кен орнының өндірістік санаттағы қорын дайындау үшін және оны өндірудің жобасын жасау үшін бұрғыланады. Пайдалану скважиналары сұйық, газ тәріздес пайдалы қазба және минералдық кен орындарын аршу және өндіру үшін бұрғыланады.

Анықтама: Бұрғы қашауларының (долото) көмегімен қазылатын тереңдігі диаметрінен бірнеше есе үлкен болып келетін тау – кен құрылысын скважина деп атаймыз. Бұрғылау ұңғымалары бірнеше түрге бөлінеді: карталау, тіректі, құрылымдылық, іздестіру, барлау және өнімдік пайдалану (эксплуатационное) бұрғылаулары. Бұрғылау ұңғымасының жер бетінен көрініс беру, яғни басталу орны ұңғыма ернеуі немесе сағасы (устье) деп аталады. Бұрғылау процесінің әрбір сәтінде бұрғыланып өткен ұңғыма оқпаны барып тірелетін жазықтық ұңғыманы түбі (забой скважины) деп аталады. Ұңғыманың цилиндрлі беті ұңғыма оқпаны (ствол) деп аталады. Оқпанның осі арқылы ернеуден ұңғыма түбіне дейінгі қашықтық ұңғыманың ұзындығын, ал проекцияның тіке өлшемі оның тереңдігін береді.

Арнаулы пән оқытушысы: Құспанова Айымгүл Қамбарқызы
Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
6 296
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы.
Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы.
Пайдалы қазбаларға не жататынын және олардың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Өте кең тараған және көп пайдаланылатын пайдалы қазбалар туралы түсінік.
Статистикалық топтастыру
Статистикалық топтастыру
Студенттердің статистикалық пәніне деген қызығушылығын арттыру және толықтай мағлұмат беру.
Қарапайым тригонометриялық теңдеулер және оларды шешу (cost = a, sint = a)
Қарапайым тригонометриялық теңдеулер және оларды шешу (cost = a, sint = a)
Қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шешуде формуланы дұрыс пайдалану, білім - білік дағдыларын қалыптастыру. Ой - өрісін дамыту, есте сақтау қабілетін арттыру, теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
Қатысты шама түрлерін есептеу
Қатысты шама түрлерін есептеу
Қатысты шамалар түрлерін есептеу бойынша білім алушылардың іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру.
Жанғыш пайдалы қазбалар
Жанғыш пайдалы қазбалар
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №21 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Нурбаева Гулбану Сагынбаевна
Пайдалы қазбалардың түрлері
Пайдалы қазбалардың түрлері
Ақтөбе қаласы №34 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Сарсенгалиева Сауле Садуакасовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×