Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлттық салт – дәстүрлер түрлері: Бесікке салу

20 мам 2016, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Райымбек ауданы, Кеген ауылы
«Балбөбек» бөбекжай балалар бақшасы тәрбиешісі:
Р. Байбосынова.

Тақырыбы: Ұлттық салт – дәстүрлер түрлері: Бесікке салу
Мақсаты: Балаларды қазақтың ұлттық салт - дәстүр түрлерімен, соның ішінде бесікке салу дәстүрімен таныстыра отырып, балалардың сөздік қорына бесік жабдықтарының атауларын, дене мүшелерін дұрыс атай білуге үйрету.

Міндеттері:
1. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс атай білуге, тілдерін тақпақтар арқылы жетілдіру
2. Ойлау, есте сақтау, қабылдау қабілеттерін дамыту
3. Адамгершілікке, тазалыққа, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқоршы
болуға, бір - біріне көмектесуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: шүмек, түбек, тыштыма, жөргек, аяқ бау, қол бау.
Көрнекіліктер: Бесік, бесік жабдықтары, қуыршақ, ұлттық бұрыш.
Әдіс тәсілдер: 1. Бесік жырынан үзінділер оқу.
2. Бесікке салу рәсімін көрсету.
3. Дене мүшелерін атау.
4. Сұрақ жауап, түсіндіру

Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар музыкамен кіріп, шеңбер жасап тұрады.
Тәрбиеші: Балалар бүгін сендер әдемі болып кетіпсіңдер, сендер бір бірлеріңмен доссыңдар. Сол достықты қимыл қозғалыспен көрсетейікші.

Шаттық шеңбері:
Балалар қол шапалақтап, аяқ, арқа түйістіріп бір бірінің қолын алып:
«Біз доспыз сіздерге де достық тілейміз!» деп тілек айтады.
Көрініс: «Бесікке салу»рәсімі.
Музыка залында төрде қазақ үй, оның іші әсем безендірілген.
Төрде төсек, сандық, садық үстінде көрпешелер жинаулы, шымылдығы көмкерілген дөгелек үстел. Үйдің керегесінде домбыра, аяқ қап, қоржын ілулі тұр. Дөңгеленген үстел айналасында көрпешелер жайылған.
Киіз үйдің ішінде бесік жанында ене отыр, қолына құшақтаған баласы бар келіні отыр.
Осы сәтте ауылдағы ең үлкен әже шашу шаша кіреді.
Ене: Төрге шығыңдар құрметті қонақтар!
Жасы үлкен әже: Шашу! Шашу! Шашу! тойларыңыз құтты болсын!
Нәрестенің өмірі ұзақ, бақытты болсын! Дүниеге келген нәресте бір үйдің ғана емес, бүкіл ауыл қуанышы. Біз бүгін осы нәрестені бесікке саламыз.
Тәрбиеші: Балаларға бесіктің жабдықтарымен таныстырады.
Бесікті көргендерің бар ма?
Айнұр: Біздің үйде бесік бар.
Ол не үшін керек?
Олжас: кішкентай бөпелер жату үшін, менің бөбегім бесікке жатады, мен оны тербетіп ұйықтатамын.
- Өте дұрыс, Нұрай бесікті жақсы біледі екен.
«Бесік»атам қазақ баласын ағаш бесікке салып асырайды. Ағаш бесік көшпелі өмірге өте қолайлы, иіп кептірілген талдан жасалады. Екі басын қайың ағаштан да шауып жасайды, астына тақтай салып, дәрет жүретін жерін тесіп ойып қояды. Оған киізден түбек жасап кигізеді. Баланы орайтын кеудеше, аяқ жақты қымтайтын көрпеше жастықтар салады. Бала бөлеген бесікке жеті нәрсе жабады. Әр жабылған нәрсенің өзіндік мәні бар. Ең бірінші бесік көрпе, одан кейін шапан, жүген, қамшы, тон, шапан жабу керек.
Ер жеткен бала халыққа қадірлі болсын деген тілек жүген, қамшы жабу, ер қорғайтын батыр болсын деген тілек.
Ата бабамыздан қалған осынау дәстүр осы уақытқа дейін сақталып келгенін қуаныш етеміз.
Ене: Бесік тойға ырым етіп, ауылымыздың ең жасы үлкен әжесін шақырдық, міне апа төрде отыр. Әжемізден баланы бесікке бөлеп беруін сұраймыз.
Әжей: Рахмет, қарақтарым, балаларың өмірлі, бақытты болсын, қазақ елінің айтулы бір азаматы болып өссін.
Бесікті ашып: Алас, алас, алас,
Әр пәледен қалас.
Асқар, асқар таумен кет,
Ағыны қатты сумен кет,
Тастай қараңғы түнмен кет,
Ұйықтап соққан желмен кет - деп аластайды.
Біссіміллә балам, ұйқың тәтті болсын, күлкің қатты болсын деп нәрестені қолына алады. Бесік бала тәрбиесіне ыңғайлы.
Біріншіден: көшіп қонғанда қолайлы.
Екіншіден: баланың денесінің тазалығына, ұйықтауына қолайлы.
Денесі құрғақ боса, бала жәйлі жатып, тыныш ұйықтайды. Ұйқысы тыныш баланың денесі тез өсіп жетіледі. Үлкен әже ең алдымен бесіктің барлық жабдықтарын орап орынға қойып, шашуға әкелінген қант кәмпитті уыстап алып, бесіктің түбек қоятын тесігінен төмен өткізіп, «тыштыма тыштыма» ырымын жасайды. Шашуын отырған қонақтарына береді. Шашу үлестіріп болған соң, түбегін салады. Содан кейін жөргектерін реттеп, баланы қолына алып, аяқ, қолын жазып өс, өс жасап, денесін сылап сипап бесікке жатқызады. Анасы бесікті тербетіп отырып, бөбегіне деген ыстық сезімін жеткізеді.

«Бесік жыры»
Әлди, әлди ақ бөпем
Ақ бесікке жат бөпем
Жылама бөпем, жылама
Жілік шағып берейін
Байқұтанның құрығын
Жіпке тағып берейін.

Әлди, әлди аппағым,
Қойдың жүні қалпағың.
Жұртқа жаман бола да,
Өзім сүйген аппағым.
Әлди, әлди шырағым,
Көлге біткен құрағым.
Жапанға біткен терегім,
Жаным менің жүрегім.

Әлди, әлди ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Қонақ келсе қой бөпем,
Қой тоқтысын сой бөпем,
Құйрығына той, бөпем.
Ал енді бесік туралы кім тиым сөздер айтады.
Бос бесікті тербетпе.
Бесікті ашық қалдырма.
Бесікті сатпа.

Мақал - мәтел: Бесіксіз үйде береке жоқ.
Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар.
Бесіктегі бала бес түлейді.
Артында қызы бардың көзі бар, ұлы бардың өзі бар

Деген тапқыр ойлар баланың көп болуын тілегендік, перзентті бақыт санағандық. Балалардың тақпақ, мақал мәтел, тиым сөздері айтылған соң енесі орынан тұрып «Орамал тонға жармайды, жолға жарайды»- деген сіздің жасыңызға жетсін. Сіздің жолыңызды берін - деп әжеге бесікке салғаны үшін сый тартады.
Балаларға Нұрбай Саменовтың «Өс - өс»өлеңін айтқызып, сабақты барысында жақсы қатысқан балаларды мадақтап, келген қонақтарға ризашылық білдіріп, сабақты аяқтаймын.
35 031
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Наурыз
Наурыз
Халқымыздың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып Наурыз қазақтың ұлттық мейрамын ашып көрсетіп, балалардың көңіл күйін көтеру. Көктем мезгіліндегі табиғат сұлулығын байқай білуге тәрбиелеу. Наурыз — қазақ халқының жаңа жыл екенін түсіндіру.
Тағдыры тарих - тал бесік
Тағдыры тарих - тал бесік
Халқымыздың салт – дәстүр мәдениетін, өзіндік үлгі – өнегесін балалар бойына сіңіру. Көшпелі ғұмыр кешкен бабаларымыздан қалған қасиетті бесіктің бала өміріне пайдалылығын ұғындыру.
Отбасы мерекесі «Тұсау кесу»
Отбасы мерекесі «Тұсау кесу»
Павлодар қаласы, "№126 сәбилер бақшасы" тәрбиешісі Тукенова Айман
Тыйым сөздер – тәрбие көзі
Тыйым сөздер – тәрбие көзі
№ 6 мектеп - интернат тәрбиешісі: Шынбергенова Мариям
Қош келдің, Наурыз!
Қош келдің, Наурыз!
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, М. Ломоносов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жанабаева Динара Қабланқызы "Үздік ашық сабақ" номинация бойынша
Балалы үй базар
Балалы үй базар
Ақтөбе қаласы, № 53 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Жалмухамбетова Эльвира Бауржановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×