Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сұлтанмахмұт Торайғыров «Арыстан мен тышқан» (мысал)

13 қаңтар 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу 4 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров «Арыстан мен тышқан» (мысал)
Сабақтың мақсаты: Мысал мазмұнымен таныстыра отырып, негізгі ойды ұғындыру.
Сабақтың міндеттері:
- оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
- ауызша, диалогты сөйлеу машығын жетілдіру;
- сыни ойлау дағдыларын дамыту;
- қойылған мәселеге нақты өз сөзімен еркін жауап беруге үйрену;
Қолданылған модуль: «Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», АКТ.
Әдіс - тәсілдері: Ой қозғау, ментальді карта, диалогты оқыту, ой түйіндеу, Венн диаграммасы, топпен жұмыс
Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушылармен жылы амандасу. Шағын үш топқа бөлу.

Білем деме балам,
Білмейтінің көп шығар.
Бәрін білген адам,
Дүниеде жоқ шығар.

Ш. Уәлиханов «Абылай хан»
I топ.
1. Қазақ жеріне кімдер шабуыл жасады?
2. Халық неден қатты қиналды?
3. 1730 ж. Шабуыл жасаған Жоңғар қонтайшысы кім? Мақсаты не еді?
II топ.
1. Абылай кім?
2. Неге қазақ халқы Абылайға сенеді?
3. Қалдан Серен қайтыс болған соңғы жағдайды айт.
III топ.
1. Абылай өсиетінде кімнен байланысты үзбеу керек деді?
2. Абылайдың денесі қайда жерленді?
3. Халқы Абылайды неге пір тұтты?
Мәтінді осы жоспар бойынша әңгімелеу.

Сонымен балалар, Абылай хан қандай адам екен?
Ендеше біздің де бойымыздан осындай жақсы қасиеттер байқалсын.
Жұмбақ
Айбарлы сұсы бар,
Қанжардай тiсi бар.
Тұла бойында
Тасыған күшi бар,
Күжiрейген жалды,
Бiлсең айт бұл аңды? (Арыстан)

Үй iшiн аралап,
Түнде көп жортады.
Қаптарды жарып,
Мысықтан қорқады. (Тышқан)

Олай болса, бүгін
С. Торайғыровтың «Арыстан мен тышқан» деген мысал өлеңімен танысамыз.
Мысал деп нені айтамыз?
Мысал - айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көлемді шығарма. Мысалдың тақырыбы сан алуан, кейіпкерлері аң, құс, балық, өсімдік, кейде оқиғаға адам да қатыстырылады.

- Қане, балалар, С. Торайғыров туралы мәліметтер жинақтадық. Олай болса, сұрақтарға жауап берейік.

С. Торайғыров кім?
А) С. Торайғыров туралы толықтыру.
Б) Сызбаға түсіру

- С. Торайғыров (1893 - 1920) қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл аулында дүниеге келген. Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, ақын, жазушы, әрі педагог. Жастарды оқуға үндеген «Неге жасаймын», «Шәкірт ойы», т. б. өлеңдердің, «Қамар сұлу», т. б. көркем шығармалардың иесі.
- Ал, балалар, бүгінгі тақырыбымыз «Арыстан мен тышқан» деп аталады.

«Арыстан мен тышқан»
а) Оқушының оқуы (оқушылар қарындашпен автор, арыстан, тышқан сөздерін бөліп отырады).
в) Сөздік жұмысын жүргізу.
Сейіл құру – қыдыру, бойын жазу.
Зиян – залал, зақым
Азат қыл – еркіндікке жібер, босат.
- Мәтін шығарманың қай түріне жатады?

Мысал
Мысал - айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көлемді шығарма. Мысалдың тақырыбы сан алуан, кейіпкерлері аң, құс, балық, өсімдік, кейде оқиғаға адам да қатыстырылады.
ә) қарапайым сөзбен мазмұның айтқызу.
б) Оқушылардың рөлдерге бөліп оқуы (бетперде киіп).

Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым
Мынау менің сол қолым
Барлық істі атқарған.

1 топ. Мысалдан адамдардың бойындағы қандай мінез - құлықтар байқалады?
Арыстанның сөзінен оның қандай мінез - құлқын байқауға болады?

2 топ. Бір шумақ өлең жаз.

3 топ. Мысалды бөліктерге бөл. Ат қой. (Тышқанның ойнақтауы. Арыстанның (көңілшектігі) мейрімділігі. Тышқанның Арыстанды құтқаруы.). Ары қарай не болады деп ойлайсың?

Қане, ендеше балалар, айта қойыңдаршы, арыстан мен тышқанның айырмашылығын салыстырыңдаршы, екеуіне мінездеме беріңдер. Екеуі де аң.
I топ. Арыстанға мінездеме берейік.
II топ. Тышқанға мінездеме беру.
III топ.
Мысал мазмұнына сәйкес мақал – мәтел айт.(Әлді - әлсіз туралы мағынасын түсіндір)

Шығарманы видео арқылы оқушыларға көрсету.

- Мысалдағы оқиға нелер арасында болған?
- Арыстан тышқанды не үшін өлтірмек болды?
- Тышқан арыстанға берген уәдесін қалай орындады?

- Балалар, бүгін біз кімнің шығармасымен таныстық?
- Мәтін ұнады ма?
- Мәтін шығарманың қай түріне жатады?
- Адамдар қатты қысылған уақытта қандай көмек беру керек?
- Осы мысалдан қандай сабақ алдыңдар?

Түйін
Үлкен сабақ түйгеніміз мысалдан –
Нағыз дұшпан артық жаман досыңнан.
Тығырыққа тірелер күн туғанда
Арыстан да көмек сұрар тышқаннан!

Арыстан мен тышқан мәнерлеп оқу.
Мысалдағы арыстан мен тышқан әрекетінен адамның қандай қасиеттерін аңғаруға болатынын кестеге жазып шық.

Үйге тапсырма
Өзін – өзі бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 928
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Арыстан мен тышқан. Сұлтанмахмұт Торайғыров.
Арыстан мен тышқан. Сұлтанмахмұт Торайғыров.
Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірімен таныстыра отырып, «Арыстан мен Тышқан» арасындағы мысалды оқып, жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене, мысалдағы түйінді ойды ашуға жағдай жасау.
Арыстан мен тышқан
Арыстан мен тышқан
Мысалды таныстыра отырып, негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Көркем шығарманы оқуға қызығушылығын қалыптастыру. Ой - өрістерін кеңейту. Түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын нығайту. Сын тұрғысынан ойлауын дамыту. Өз ойларын еркін айтып, дәлелді сөйлеу
Көбейту, бөлу кестесін пысықтау
Көбейту, бөлу кестесін пысықтау
Өткен сабақтарды пысықтау тапсырмаларын орындау. Тапсырмаларды орындау барысында ойлау, есте сақтау дағдысын қалыптастырып, сыни ойлауға үйрену.
Арыстан мен тышқан
Арыстан мен тышқан
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Бекі бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бердибекова Акмарал
Міржақып Дулатов «Қыс»
Міржақып Дулатов «Қыс»
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы №132 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Альмусина Жанар Сайлауовна
Арыстан мен тышқан
Арыстан мен тышқан
Бастауыш сынып мұғалімі: Мусина Айнұр
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×