Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сандарды цифрмен жаз (күнделікті сабақ жоспарлар топтамасы)

11 наурыз 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика 3 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Сандарды цифрмен жаз.
Сабақтың мақсаты:
Сандарды оқу, жазу, салыстыру дағдыларын дамыту.
Ауызша қосу мен азайту дағдыларын бекіту.
Логикалық ойлауды дамыту.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, қайталау.
Сабақтың түрі: ойын сабақ

Сабақтың барысы:
І Қызығушылықты ояту
Психологиялық дайындық

ІІ Мағынаны тану
№1
«Санда неше бірлік (ондық) бар?» ойын - жаттығуы.
Ойынның мақсаты: санның ондық құрамын анықтай білуге жаттықтыру.
Оқушыларға екі таңбалы және үш таңбалы санды атау, ал оқушылар карточканың көмегімен неше бірлік немесе ондық немесе жүздік екенін көрсетеді.
24, 257, 63, 652, 39, 875, 12, 658

№2
Мына сандарды бірдей қосылғыштардың қосындысы түрінде жазып көрсет.
12, 18, 20, 24, 32.

№3 «Қандай сан жоқ?» ойын - жаттығуы.
Мақсаты: сандар қатары туралы алған білімдерін бекіту. Оқушылардың зейінін дамыту.
Тақтаға түсі, көлемі әртүрлі, әр бұрышқа шашыраңқы жазылған 1 - ден 20 - ға дейінгі сандары бар кесте ілінеді. Қандай сан жоқ екенін балалар табуы керек.
18, 2, 10, 9, 11, 20, 7, 4, 15, 12, 3, 16, 5, 19, 1, 13 Шешуі: 6, 8, 14, 17

№4
1, 2, 3 сандарын пайдаланып, екі таңбалы сандарды жаз.
Неше сан жаздың? Ең кіші санды ата. Ең үлкен сан ше? Ондығы бар, 1 бірлігі бар, 3 ондығы бар сандарды ата. Барлық осы сандарда қандай ұқсастық бар?

Математикалық диктант түрінде жүргізіледі.
Сандарды жаз.
4онд. 2бірл -------- 4онд ------------- 8онд. 5бірл.
3онд. 1бірл. ------- 2онд. ------------ 8жүзд. 4онд. 8бірл.
2онд. -------------- 1онд. 7жүзд ----- 6жүзд. 9бірл.

III. Толғаныс: Мадақтау
Сандарды цифрмен жаз жүктеу
Кім жүйрік жүктеу
Өрнек құр, мәнін тап жүктеу
Жақшасық өрнектер жүктеу
Салыстыру жүктеу
Есепті екі тәсілмен шығару жүктеу
7 995
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
234 *2, 468: 2 түріндегі көбейту және бөлу
234 *2, 468: 2 түріндегі көбейту және бөлу
Үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлу туралы білімдерін қалыптастыру. 3 - 4 амалмен орындалатын құрама есептерді шығаруға үйрету.
Cандарды оқу, жазу және салыстыру. Математикалық диктант
Cандарды оқу, жазу және салыстыру. Математикалық диктант
Ондықтарды, бірліктерді қосу және азайту тәсілдерін қайталау; бір және екі таңбалы сандарды; шығармашылық тапсырманы шешуді және мүмкін түсіндірме келтіруді топтың ішінде жалғастыру.
Жаңа санау бірлігі – мыңдықтардың құрылуы. Разрядтар және кластар.
Жаңа санау бірлігі – мыңдықтардың құрылуы. Разрядтар және кластар.
Көп таңбалы сандардың құрылымы және жаңа санау бірлігі – мыңдық туралы түсініктерін қалыптастыру; көп таңбалы сандарды оқи алуға үйрету.
Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу
Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу
Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеуді үйрену; көп таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыру дағдыларын бекіту; ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру; құрама есептер шығара білуге үйрету.
Екі таңбалы сан. Сандардың ондық құрамы. «Ондық», «Бірлік»
Екі таңбалы сан. Сандардың ондық құрамы. «Ондық», «Бірлік»
екі таңбалы сандар, олардың ондық құрамы туралы түсінік қалыптастыру осы сандық кесіндіде сандардың ондық құрамы негізінде қосу мен азайтудың есептеу тәсілдерін қарастыру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×