Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Танымдық сайыс сабақ

11 наурыз 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қызықты математика
Сабақ тақырыбы: Танымдық сайыс сабақ
Сабақ мақсаты:
1. Оқушылардың білімдерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру, оқушылардың шығармашылық ізденістерін ұштау.
2. Оқушылардың логикалық ой - өрісін, есте сақтау, ойлау танымдық қабілеттерін дамыту
3. Оқушылардың білімін өмірде қолдана білуге үйрету. Пәннің керектігін сезінуге баулу. Еңбек етуге жолдастық қарым – қатынасты дамыту.
Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, топ тапсырмалары, керекті заттар, ұпай көрсеткіштері.
Нақыл сөздер, « Математиканың өз тілі бар - ол формула Софья Ковалевская
«Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек
С. М. Ломоносов
Сабақ барысы:
Мұғалім: Жарыс десе жаныңыз,
Жасырғанды табыңыз.
Күш сынасып көрейік,
Жеткенінше әліңіз
Бар өнерін салады.
Білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Екі топты ортаға шақырайық
Бірінші топ аты: Бүркіт
Біздің ұранымыз:
Қандай сынақ болсадағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Екінші топ аты: Қыран
Біздің ұранымыз:
Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста,
Алғырлықпен аламыз.
Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз, -------------------------- Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Алғырлық тапқырлықты ұштаймыз. --------------------------- Көрсетеміз, бізде қандай күш барын.
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз, --------------------------- Алға қойған мақсатымыз бір екен,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз. -------------------------- Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.
Бүгінгі сайысымызды бастаймыз.

Сайысымыздың бірінші кезеңі:
«Өзара бірмәнді сәйкестік.»
І - топқа
1. Шағын қалада Исаев, Пернешов, Сейтжанов, Ғаниев, және Асанов деген бес дос тұрды.
Олардың мамандықтары әртүрлі;
Бірі сылақшы, екіншісі - диірменші, үшіншісі - ағаш ұстасы, төртіншісі — пошташы, бесіншісі — шаштараз. Пернешов пен Ғаниев сылақ қалағын қолдарына өмірі ұстап көрмеген. Исаев пен Ғаниев досы жұмыс істейтін диірменге барғалы жүр. Пернешов пен Исаев пошташы тұратын тұратын үйде тұрады. Исаев пен Сейтжанов әр жексенбі сайын ағаш ұстасы және сылақшымен қалашық ойынын ойнайды. Пернешов өзіне және диірменшіге футболға екі билет алды. Достардың әрқайсысының мамандығын анықта.

сылақшы диірменші Ағаш ұстасы пошташы шаштараз
Исаев
Пернешов
Сейтжанов
Ғаниев
Асанов

ІІ - топқа
Бір күні олимпиадада дөңгелек стол басында Астана, Алматы, Қарағанды, Атырау, Тараздан келген Ұлан,
Төлеген,
Әли,
Кенже,
Болат,
есімді бес бала бас қосты. Астанадан келген бала Тараздық бала мен Болаттың ортасында. Алматылық бала Ұлан мен Төлегеннің ортасында отырды. Оған қарама - қарсы бетте Атыраудан келген бала мен Әли отырды. Кенже Алматыда бұрын - соңды болып көрмеген.
Ұлан Астанада да, Таразда да болмаған. Тараздық бала Төлегенмен үнемі хат алысып тұрады.
Балалардың әрқайсысы қай қалада тұрады?
Астана Алматы Қарағанды Атырау Тараз
Ұлан
Төлеген
Кенже
Әли
Болат

2 - кезеңімізді бастаймыз.
Қас - қағым сәт.
Бірінші топқа:
1. Төрт қойдың неше аяғы бар?
2. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг. болады, ал екі аяғымен тұрса, оның салмағы қанша?
3. Ағаш бұтағында 100 торғай отырады, аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады?
4. 1 т. мақта ауырма, 10 центнер темір ауыр ма?
5. Сенің әке - шешең көршіңе кім болады?
6. Қиылыспайтын екі түзу қалай аталады?
7. Қарындасы 4 жаста, ағасы 6 жаста. Қарындасы 6 жасқа толғанда ағасы неше жаста болады?
8. Математикада неше цифр бар?
9. 100 - дің оннан - төрт бөлігі қаншаға тең?
10. Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар?

Екінші топқа:
1. Бес тырнаның неше аяғы бар?
2. Тауық бір аяғымен тұрса 2 - кг. ал екі аяғымен тұрғанда неше кг.?
3. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар Жанұяда 0анша қанша баласы бар?

4. 1 - кг. тұз ауыр ма, 1000гр. мақта ауыр ма?
5. Сабақтан неше рет қалуға болады?
6. Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу?
7. Адам жүрегі бір минутта 5 литр қан айдаса, 1 сағатта қанша литр қан айдайды?
8. Велосипедші жолда неше жастан бастап жүруге болады?
9. 80-нің оннан төрт бөлігі қанша?
10.. 66-ға ешқандай амал қолданбай, тура жартысына арттыруға бола ма?.

3 - кезең
«Математика күнделікті өмірімізде»
Өмірде ойлап тұрсақ бәрі де есеп,
Ауырсаң ішетұғын дәрі де есеп.
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз – ау,
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек.
«Маған анамның тапсырмасы.»

Балам, мына 5 000 теңгеге келесі заттарды әкеліп қой.

Кәмпит - 1 кг. 200 гр. ---------------------- Кәмпит - 1кг. 300 гр.
Жаңғақ - 600 гр. ----------------------------- Жаңғақ - 700 гр
Тоқаш - 15 дана ----------------------------- Бәтер - 14 дана
Картоп -- 3 кг 350 гр. ----------------------- Қызылша 1 кг. 500 гр.
Сәбіз - 1 кг. 350 гр. -------------------------- Сарымсақ - 2 кг. 300 гр.
Күріш 3 кг. 500гр. ---------------------------- Қант - 3 кг. 450 гр.
Қалған ақшаны тексеріп ал.

Алдарында столда тұрады:
Конфет 1 кг - 1400 тг ------------------------ конфет 1кг - 1600 тг
Жаңғақ 1 кг.- 1700 тг ------------------------ Жаңғақ 1кг. - 1700 тг
Тоқаш - 12 тг --------------------------------- Бәтер - 11 тг
Картоп – 1 кг - 100тг ------------------------- Қызылша 1 кг - 150 тг
Сәбіз 1 кг.- 120 тг -------------------------- Сарымсақ 1 кг.- 80 тг
Күріш 1 кг - 180 тг ------------------------- Қант 1 кг - 140 тг

4 - кезең
«Әкеме көмек немесе өзім.»
1 - топқа
Жөндеу жұмыстарында бөлменің периметрі 48 метр, ені 6 метр. Осы бөлмеге линолеум төсеу үшін ені 2 метр линолеумнан неше метр қажет?

2 - топқа
Бөлменің ұзындығы 12 метр. және 7 метр, ал биіктігі 3 метр. Осы бөлмеде ұзындығы 2 метр, ені 2 метр екі терезе және ұзындығы 2метр,, ені 2метр есік орналасқан.
Жабыстыратын тұсқағаздың бір орауында 8 м, 7 м, 6м бар.
Неше тұсқағаз қажет және қайсы тиімді?

5 - кезең
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.

Кім көп біледі
Ішінде математикалық сандары бар мақалдар айтумен жарысу.
Кезек – кезек айтады, тоқтап қалған топ жеңіліс табады.

Бағалау.
Топтардың білімдерін сараптау
Қорытынды. Мұғалім тақтадағы нақыл сөздермен сабағын қорытындылайды.
Сабақ аяқталды.
15 463
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Ұшқыр ойлы топ атты сабақтан тыс өткізілген интеллектуалды сайыстың жоспары
Ұшқыр ойлы топ атты сабақтан тыс өткізілген интеллектуалды сайыстың жоспары
Балалардың ойлау қабілетін арттыру, ой - өрісін дамыту, жаңашылдық, ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану. Математикаға ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
Ой жүйрік математикалық сайыс
Ой жүйрік математикалық сайыс
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды орта мектебінің математика пәні мұғалімі Серік Рабиға Серікқызы
Озық ойлы тапқырлар
Озық ойлы тапқырлар
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, "С.Сейфуллин атындағы гимназия" КММ математика пәні мұғалімі Оразбекова Асель Камбаровна
Бақытты сәт (информатика және физика апталығы)
Бақытты сәт (информатика және физика апталығы)
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жаңажол орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Көбенова Қарылғаш Жанұзаққызы
Ұшқыр ойлы топ (интеллектуалды сайыс)
Ұшқыр ойлы топ (интеллектуалды сайыс)
Астана қаласы, №34 мектеп Бұғыбаев Мұхаметқали
Ұшқыр ойлы топ атты математикадан интеллектуалды сайыс
Ұшқыр ойлы топ атты математикадан интеллектуалды сайыс
“Арифметика – математиканың, ал математика – барлық ғылымдардың патшасы“ Карл Гаусс
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×