Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұрын. Тіл. Тері

26 наурыз 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Пәні: Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Мұрын. Тіл. Тері.
Сарамандық жұмыс.
Сабақтың мақсаты:
1. Адамның сезім мүшелері туралы білімдерін кеңейту. Мұрын, тіл, терінің қызметтерінің маңызын түсіндіру, үйрету.
2. Сөздік қорын дамыту, ойын жинақы, толық айта білуге машықтандыру.
3. Ұқыптылыққа, жеке басының гигиенасын таза ұстауға, қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сарамандық жұмыс (тәжірибе жүргізу)
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: түсіндіру, баяндау, тәжірибе жасау, сұрақ – жауап тәсілі.
Сабақтың көрнекі – құралдары: алма, лимон, жуа (пияз), шекер (қант), тұз, сүзбе, печенье, иіске байланысты заттар (духи, одиколон), ұшты, қырлы заттар, нейтрон жіп.

Сабақтың құрылымы:
1. Алғашқы ұйымдастыру бөлімі:
а) Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру.
ә) Психологитялық сәт.
б) Үй тапсырмасын тексеру.
(Үй тапсырмасын тексеруді ойынмен жүргізу)

Мұғалім: - Балалар, бүгін күн қандай, қай мезгіл келді?
Оқушылар: - Көктем, көктем келді.

Мұғалім: - Ендеше, көктемнің алғашқы күн құтты болсын, дей отыра, көктем қуаныштарын көрейік.
- Көктемде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?
Оқушылар: - қар ериді,
- су ағады,
- ағаштар бүршік атады,
- гүлдер жайнап өседі.
Мұғалім: - Ендеше, көктемнің алғашқы белгісі «Бәйшешек» гүлдің өсіп шығуы.
- Ал, қанекей бәріміз гүл терейік, бірақ бұл гүлдеріміз жай гүл емес, гүлдердің тапсырмасы бар екен.

Ойын: «Гүл теру»
1. Көру мүшесін ата.
2. Көру мүшесінің қызметін ата.
3. Көзді қалай күту керек.
4. Есту мүшесін ата.
5. Құлақ (есту) мүшесінің қызметін ата.
6. Құлақтың күту ережесін әңгімеле.
7. Өзің қандай жануарлардың дауысын сала аласың?
8. Адамның даусынан оның көңіл күйін байқауға болады ма?
Мұғалім: - Ендеше, балалар дәптерлерімізді ашып, көктемнің алғашқы күнін қуанып жазып алайық.

Кіріспе бөлім
(Жаңа сабақты хабарлау)
Мұрын – иіс сезу мүшесі. Адам иісті мұрын арқылы сезеді. Және мұрынмен тыныс алады. Ал дәмді тілмен сезеді.
Тіл – әрі сөйлеу мүшесі. Затты толық білу үшін ұстап көреді, иіскейді, дәмін татады. Сонда оның қасиетін анықтауға болады. Біз тері арқылы да сеземіз. Ол суықты, ыстықты, жұмсақ пен қаттыны сезеді.

Қауіпсіздік ережесі
Мұрынды күте біл. Ол үшін таза орамалды пайдалан. Өзің білмейтін және лас заттарды ауызға салуға болмайды.

2. Негізгі бөлім.
(Сарамандық жұмыс жүргізілгенде қауіпсіздік ережесін сақтау керектігін ескерту.)
Сарамандық жұмыс жүргізер алдынды...
(Алдымен оқушылардың алдарына ақ бет қағаздар таратылады, бұл қағаздарға жасалынған жұмыстардың нәтижесі жазылып отырылады.
Сонымен қатар әр оқушының алдына салфетка, целлофандар тазалық үшін таратылады, партаның бетіне газет жайылады жәнеде өздерінің жеке ыдыстары, қасықтары болады, әр жұмыстан кейін алдарындағы ақ қағазға тәжірибенің қорытындысын жазып отыру.)

Сарамандық жұмыс.
1 – жұмыс. Мұрын қызметіне тәжірибе жасау.
Нейтрон жіпті өртеу, иісін байқату. Түрін, түсін айтқызу.
(қауіпсіздік ережесін ескерту)
Оқушыларға өз беттерімен от жағуға, шырпымен ойнауға, от тұтандырғыштармен қолдарына ұстауға қатаң тыйым салу.
2 – жұмыс. Мұрын қызметіне тәжірибе жасау.
Әтірді ауаға себу. Түрін, иісін аңғарту, ажырату.
3 – жұмыс. Тіл қызметіне тәжірибе жасау.
Алма, лимон, жуа (пияз) туралып бір тілімнен әр оқушыға таратылады.
Тәтті, қышқыл, ащы екендігі қорытындыланып, алдарындағы қағазға жазылады.

4 – жұмыс. Өз беттерімен жұмыс.
Әр оқушыға бір - бір қасық сүзбе беріледі. Оған шекер себіледі де дәмін көреді. Дәл осылай орындалады да тек шекердің орнына тұз себіледі. Осы жұмысты балалар өздері орындайды және қорытындылайды.
(Сүзбе туралы не білетіндіктері сұралады)

5 – жұмыс. Тері қызметіне байланысты тәжірибе жасау.
Ақ қағаз таратылады, оның беті тегіс сипайды, екінші қағаз таратылады, оның беті тегіс емес (бүдір – бүдір) сипайды.

Бұл жұмыстың да қорытындысын талдайды, қағазға жазады.

6 – жұмыс. Қар жұмырланған қолдарына алады, ұстап көріп заттың температурасын байқайды.
(Әр тәжірибе жасалған сайын қорытындыланып отырады.)

3. Қортынды бөлім
а ) Бекіту.
ә) Қорытындылау.
б) Үйге тапсырма 108 - 109 бет оқу.
в) Бағалау.
8 274
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сезім мүшелері (көз, құлақ, мұрын, тіл, тері). Олардың адам өміріндегі маңызы мен қызметі
Сезім мүшелері (көз, құлақ, мұрын, тіл, тері). Олардың адам өміріндегі маңызы мен қызметі
Салауатты өмір салтын сақтауынан, өз - өзіне қызмет етуінен, өз организмін күтуінен; Жүйелі - әрекеттік нәтижелер: танымдық, зерттеушілік, жобалаушылық, шығармашылық тұрғыдан жұмыс істеу білігінен көрініс табуы қажет.
Жүйке жүйесі. Сезім мүшелері
Жүйке жүйесі. Сезім мүшелері
Жүйке жүйесінің қызметі және сезім мүшелерінің қызметі жайлы түсінік беру. Олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсініктерін кеңейту
Мұрын және тыныс алу мүшелері
Мұрын және тыныс алу мүшелері
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Абай атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Юсупова Қазина
Сезім мүшелері: көз, құлақ, мұрын, тіл, тері
Сезім мүшелері: көз, құлақ, мұрын, тіл, тері
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қаратал орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сейфульдинова Гүлбану Сембіқызы
Салауатты өмір салты
Салауатты өмір салты
Салауатты өмір салтын насихаттау
Сезім мүшелері - анализаторлар
Сезім мүшелері - анализаторлар
Ы. Алтынсарин атындағы №204 орта мектептің биология пәні мұғалімі Бисенбаева Жанна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×