Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Биологиядан қайталауға арналған тест сұрақтары

16 наурыз 2019, Сенбі
Категориясы: Биология
Биология оқулығының параграфтары бойынша қайталауға арналған тест сұрақтары (6 сынып)
6 сынып Биология. Кіріспе – §15.
1. Барлық тірі ағзалар тұрады
А) бір жасушадан;
В) көп жасушадан;
С) жасушадан;
Д) мүшелерден;
Е) мүшелер жүйесінен.
2. Өсімдік жасушасының жұқарған жері
*А) саңылау
В) көзше;
С) қабықша;
Д) вакуоль;
Е) түк.
3. 60 - 90% су, 10 - 20% нәруыз, 2 - 3 % май бар
А) ядрода;
В) вакуольде;
*С) цитоплазмада;
Д) қабықшада;
Е) пластидте.
4. Егер жасуша ішіндегі қысым өзгерсе, өсімдік
*А) қурап қалады;
В) өсе береді;
С) ұзарып өсе алмайды;
Д) бұтақтана алмайды;
Е) сол қалпында қалады.
5. Меристема
А) өткізгіш ұлпа;
*В) түзуші ұлпа;
С) бөліп шығарушы ұлпа;
Д) жабын ұлпа;
Е) тірек ұлпа.
6. Өте ұсақ, қабықшасы жұқа, ядросы жасушаның ортасында орналасқан
*А) сабақ пен тамырдың ұшында орналасқан түзуші ұлпа;
В) жапырақта орналасқан түзуші ұлпа;
С) қабықта орналасқан түзуші ұлпа;
Д) сабақ пен тамырдың ұшында орналасқан бөліп шығарушы ұлпа;
Е) қабықта орналасқан бөліп шығарушы ұлпа.
7. Өсімдік мүшелерін суды артық буландырудан, зақымданудан қорғайды
А) тірек ұлпа;
В) тоз;
С) қыртыс;
*Д) өң;
Е) саңылау.
8. Біркелкі тегіс болмай, сайлы, кедір - бұдырлы болады
А) тоз;
В) өң;
С) қыртыс;
Д) жапырақ;
Е) тамыр.
9. Өсімдіктің «қаңқасы»
А) негізгі ұлпа;
В) түзуші ұлпа;
С) бөліп шығарушы ұлпа;
Д) жабын ұлпа;
*Е) тірек ұлпа.
10. Домалақ басты түктер тән
А) мандаринге;
В) қазтамаққа;
С) шүйіншөпке;
Д) шайқурайға;
Е) дәмжапыраққа (лавр).
11. Өсімді мүшелер неше жүйе құрайды
А) 2;
В) 4;
С) 5;
Д) 3;
Е) 6.
12. Атқаратын қызметіне қарай 3 - ке бөлінетін тамыр аймағы
А) тамыр оймақшасы;
В) бөліну;
С) өсу;
Д) сор;
Е) өткізу аймағы.
13. Фосфор мен калий қызанақтың қай мүшесіне керек
А) тамырына;
В) сабағына;
С) жапырағына;
Д) гүліне;
Е) жемісіне.
14. Тіршілігін сақтау үшін өсімдік мүшелерінің ауытқуы
А) жапырақтың түсуі;
В) сарғаюы;
С) түрөзгерісі(метаморфоз);
Д) қурап қалуы;
Е) тамырлануы.
15. Жемтамырда
А) негізгі тамыр жуандайды;
В) жанама тамыр жуандайды;
С) қосалқы тамыр жуандайды;
Д) барлық тамыр жуандайды;
Е) өзгермейді.
16. Паразитті өсімдіктерде
А) негізгі
В) қосалқы
С) ауа
Д) тіреу
Е) емізік тамыр дамиды;
17. Төбе бүршік қалыптасады
А) ұрықта;
В) жапырақ қолтығында;
С) жапырақ тақтасының жиегіне;
Д) тамырда;
Е) сабақта.
18. Қосалқы бүршіктер дамиды
А) тамырда;
В) өсімдіктің кез келген жерінен;
С) сабақта;
Д) тамыр атпасынан;
Е) жапырақтан.
19. Бүршік ісініп, қабыршағы ашылады
А) жазда;
В) күзде;
С) көктемде;
Д) қыста,
Е) барлық мезгілде.
20. Жабысқақ қызылбояу
А) жатаған;
В) шырмалғыш;
С) өрмелегіш;
Д) қысқарған;
Е) тік сабақты өсімдік.
21. Жасымықша
А) су өткізеді;
В) тыныс алуға қатысады;
С) қорғаныш қызметін атқарады;
Д) мықтылық қасиет береді;
Е) өндірісте маталар тоқиды.
22. Жылдық шеңбердің оңтүстікке қараған жағы
А) жіңішке;
В) сәл жіңішке;
С) орташа;
Д) жуан;
Е) аз ғана жуандау болып келеді.
23. Органикалық заттар қозғалады
А) сүрек арқылы;
В) қабықтағы тін талшықтары арқылы;
С) өзек арқылы;
Д) сүрек арқылы;
Е) камбий арқылы.
24. Жабайы алма, жабайы алмұрт ағаштарындағы тікенекті сояу
А) түрін өзгерткен сабақ;
В) жапырақ;
С) түрін өзгерткен жапырақ;
Д) түрін өзгерткен тамыр;
Е) түрін өзгерткен ьүршік.
25. Қырыққабат неше жылдық өсімдік
А) бір;
В) екі;
С) үш;
Д) көп;
Е) көпжылдық ағаш тектес.

6 сынып Биология. §16 - 23
1. Жапырақ тақтасын жарыққа бағыттап, қозғалтады
А) сабақ;
В) сағақ;
С) жапырақ алақаны;
Д) бұтақ;
Е) өсімдік.
2. Жапырақ сағағының түбінде орналасқан әртүрлі майда жапырақшалар
А) жай;
В) күрделі;
С) бөбешік;
Д) сағақты;
Е) қынапты.
3. Қынапты жапырақты өсімдік
А) қарағай;
В) шырша;
С) арпа;
Д) бидай;
Е) жөке.
4. Кавказ самырсыны жапырағының өмір сүру ұзақтығы
А) 2 - 4 жыл;
В) 9 - 13 жыл;
С) 6 - 10 жыл;
Д) 5 - 12 жыл;
Е) 1 - 2 жыл.
5. Жапырағы жебе тәрізді өсімдік
А) қарабидай;
В) жүгері;
С) итмұрын;
Д) құсшөп;
Е) шырмауық.
6. Жапырақшалары негізгі сағақты бойлай екі жағына бірдей орналасады
А) үш құлақты күрделі;
В) саусақ салалы күрделі;
С) қауырсын тәрізді күрделі;
Д) ине тәрізді;
Е) бүйрек тәрізді.
7. Тақ қауырсынды өсімдік
А) қызыл мия;
В) асбұршақ;
С) беде;
Д) арпа;
Е) балдырған.
8. Торлы жүйкелену тән өсімдік
А) үйеңкі;
В) терек;
С) бидай;
Д) інжугүл;
Е) жолжелкен.
9. Сабақтың әр буынына екі жапырақтан қарсы орналасса
А) топтанып;
В) кезектесіп;
С) қарама - қарсы;
Д) бірігіп;
Е) жинақталып.
10. Хлорофилл болмайды
А) жапырақ өңінде;
В) жанаспалы жасушаларда;
С) бағаналы жасушаларда;
С) борпылдақ жасушаларда;
Е) жапырақта.
11. Көлеңке сүйгіш өсімдіктер
А) қарағай;
В) қайың;
С) терек;
Д) жөке;
Е) шырша.
12. Көмірқышқыл газы мен тамырдан келген су қосылып, түзеді
А) крахмал;
В) қант;
С) май;
Д) нәруыз;
Е) тұз.
13. Фотосинтездегі хлорофилдің ролін алғаш сипаттаған
А) К. А. Тимирязев;
В) Ван Гельмонт;
С) Роберт Гук;
Д) Ж. Күдерин;
Е) Х. Досмұхамедов.
14. Оттегі бөлінеді
А) тек жарықта;
В) қараңғыда;
С) түнде және күндіз;
Д) тек үй жағдайында;
Е) суда.
15. Өсімдіктердің суды буландыруы
А) артық суды ұстамау;
В) суды қажет етпеуі;
С) жапырақты күн сәулесіне қызып кетуден сақтау;
Д) тамыр арқылы су келетіндіктен;
Е) еш маңызы жоқ.
16. Ұзын, киіздей тұтасқан түк басқан өсімдік
А) қоянсүйек;
В) үрмебұршақ;
С) сиырқұйрық;
Д) итмұрын;
Е) шықшылдық.
17. Дәмді, суыққа төзімді іріктемелер алу үшін қолданады
А) пиязшық арқылы көбейтуді;
В) түйнек арқылы көбейтуді;
С) мұртша арқылы көбейтуді;
Д) телу арқылы көбейтуді;
Е) тамырсабақ арқылы көбейтуді.
18. Гүлсағағы жоқ гүлдер аталады
А) сағақты;
В) отырмалы;
С) жай;
Д) күрделі;
Е) жалпақ.
19. Тостағаншасы күлтесі ашыла сала түсіп қалады
А) баклажан;
В) меңдуана;
С) көкнәр;
Д) итошаған;
Е) бақбақ.
20. Шірнеліктер орналасады
А) күлтенің түбінде;
В) гүлтабанда;
С) тостағаншада;
Д) гүлсағақта;
Е) аналық ауызда.
21. Тозаңқап бөлігі
А) аталықтың;
В) аналықтың;
С) күлтенің;
Д) тостағаншаның;
Е) жапырақтың.
22. Тұқымбүршік дамиды
А) аталықта;
В) күлтеде;
С) аналық жатында;
Д) аналық мойында;
Е) аналық ауызда.
23. Гүлсеріксіз өсімдік
А) асбұршақ;
В) қызғалдақ;
С) сарымсақ;
Д) мақта;
Е) еменнің аналық гүлі.
24. Осы таңбамен белгіленеді
А) дұрысгүл;
В) бұрысгүл;
С) аналық;
Д) аталық;
Е) қосжынысты.
25. * Т(5) К(5) А5 Ж(2) Қай өсімдіктің формуласы

А) Картоп гүлінің формуласы;
В) қызғалдақтың;
С) итмұрынның;
Д) асбұршақтың;
Е) баклажан гүлінің формуласы.

6 сынып. §24 - 25 Гүлшоғырлар және өсімдіктердің жынысты
көбеюі тақырыбына тест.
1. Гүл шығаратын өркенде ретпен орналасқан ұсақ гүлдер тобы:
А) гүлтабан;
В) гүлсағақ;
С) гүлшоғыр.
Д) гүлсерік
Е) аналық
2. Гүлшоғырлар бөлінеді:
А) 2 - ге;
В) 3 - ке;
С) 4 - ке.
Д) 5 - ке
Е) 6 - ға
3. Жеке гүлдері орталықтан таралатын сабаққа кезектесіп орналасатын гүлшоғыр:
А) шатыр;
В) шашақ;
С) собық.
Д) себет
Е) масақ
4. Мойыл, мия, қараған, қарақат жатады:
А) жай шатыр;
В) жай масақ;
С) жай шашақ
Д) күрделі шашақ
Е) күрделі шатыр.
5. Орталық негізгі сабағы жуан, жамылғы орама жапырақтары бар:
А) сыпыртқы;
В) шоғырбас;
С) собық.
Д) себет
Е) шатыр
6. Жүгері, калла:
А) сыпыртқы;
В) шоғырбас;
С) собық.
Д) себет
Е) масақ
7. Негізгі сабақ қысқарып, дәл ұшынан сағағы ұзын, біркелкі шоғырланған бірнеше гүлдер бір жерден таралады:
А) жай шатыр;
В) жай масақ;
С) жай шашақ
Д) күрделі шатыр
Е) күрделі масақ
8. Гүлдері сабаққа сағақсыз кезектесіп орналасады:
А) жай шатыр;
В) жай масақ;
С) жай шашақ
Д) күрделі масақ
Е) сыпыртқы;
9. Гүлшоғыры қысқарған әрі жалпақ:
А) собық;
В) себет;
С) сыпыртқы
Д) масақ;
Е) шашақ.
10. Масақ пен шашақ гүлшоғырына ұқсас, негізгі сабағы иілгіш, гүлдеп болған соң тұтас үзіліп түседі:
А) сырға;
В) себет;
С) сыпыртқы
Д) шоқпарбас
Е) шатырша
11. Сәбіз, балдырған, аскөк қандай гүлшоғыр?
А) күрделі шатыр;
В) күрделі масақ;
С) күрделі шашақ.
Д) шатырша
Е) себет
12. Себет гүлшоғырға жатады:
А) күнбағыс, бақбақ, өгейшөп, гүлкекіре;
В) күнбағыс, бақбақ, бидайық;
С) өгейшөп, гүлкекіре, тары
Д) жүгері, калла;
Е) жолжелкен, қарақат.
13. Гүлдің көбеюге қатысатын бөлімдері:
А) жапырақ пен сабақ;
В) аталық пен аналық;
С) күлте мен тостағанша
Д) тамыр мен гүл;
Е) гүлтабан мен жапырақ.
14. Бір гүлдің аталық тозаңының сол гүлдің аналығының аузына түсуі:
А) тозаңдану;
В) айқас тозаңдану;
С) өздігінен тозаңдану.
Д) ұрықтану;
Е) көбею.
15. Аталық тозаңның аналықтың аузына түсуі:
А) тозаңдану;
В) қосылу;
С) ұрықтану
Д) қосылу;
Е) көбею.
16. Өздігінен тозаңданатын өсімдіктер:
А) жер жаңғағы, шегіргүл, тары;
В) шие, алхоры, алма;
С) құлмақ, жүгері, қарабидай;
Д) қарабидай, қайың;
Е) шай, асқабақ.
17. Бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүлдің аналығының аузына түсуі:
А) тозаңдану;
В) айқас тозаңдану;
С) өздігінен тозаңдану
Д) ұрықтану;
Е) қосылу.
18. Аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы:
А) тозаңдану;
В) қосылу;
С) ұрықтану;
Д) жақындау;
Е) көбею.
19. Гүлдері жағымсыз иіс бөлетіндер:
А) бетеге, саумалдық;
В) қарасора, жүгері;
С) шаянот, жиренше;
Д) құлмақ, арахис;
Е) алма, шаянот.
20. Өсімдіктердің тозаңы өте майда, жеңіл, көп болады:
А) бунақденелілер арқылы тозаңданатындар;
В) жел арқылы тозаңданатындар;
С) өздігінен тозаңданатындар;
Д) Құстар арқылы тозаңданатындар;
Е) Ұрықтанатындар.
21. Қосарлы ұрықтануды ашқан:
А) С. Г. Навашин;
В) К. А. Тимирязев;
С) Роберт Гук;
Д) Антон Левенгук;
Е) әкелі - балалы Янсендер

22. Қайсысы бірінші жүреді:
А) тозаңдану;
В) қосылу;
С) ұрықтану;
Д) жел арқылы тозаңдану;
Е) өздігінен тозаңдану.
23. Өсімдіктердің гүлдері ашық реңді, хош иісті, тозаңдары өте ірі, тәтті
шірне бөледі:
А) бунақденелілер арқылы тозаңданатындар;
В) жел арқылы тозаңданатындар;
С) өздігінен тозаңданатындар;
Д) Құстар арқылы тозаңданатындар;
Е) Құстар арқылы тозаңданатындар.
24. Гүлшоғырдың биологиялық маңызы:
А) бунақденелілердің көзіне тез түседі;
В) шаруашылықта маңызды;
С) тамаққа пайдалы,
Д) табиғатқа пайдалы;
Е) адамдарға пайдалы.
25. Ботаника нені зерттейді?
А) тіршілікті;
В) өсімдіктерді;
С) жануарларды
Д) жәндіктерді;
Е) балдырларды.

6 сынып. §26 - 30 Жемістер. Тұқым. Тыныс алу тақырыбына тест

1. Өсімдік гүлдеген соң ұрықтанған аналықтың жатыны айналады:
А) Жеміске;
В) тұқымға;
С) гүлге;
Д) дәнге;
Е) аналыққа.
2. Гүлді өсімдіктердің жемістері бөлінеді:
А) 3 - ке;
В) 4 - ке;
С) 5 - ке;
Д) 2 - ге;
Е) 6 - ға.
3. Шырыны мол, жұмсақ жемістер:
А) Жидек;
В) сүйекті;
С) шырынды;
Д) құрғақ;
Е) жидек тәрізді.
4. Жемістің сыртқы қабығы жұқа, жұмсақ, ішінде тұқымдары көп болса:
А) Жидек;
В) сүйекті;
С) шырынды;
Д) құрғақ;
Е) жидек тәрізді.
5. Қызанақ, қарлыған, алқа, жүзім:
А) Жидек;
В) сүйекті;
С) шырынды;
Д) құрғақ;
Е) жидек тәрізді.
6. Көп ұялы, көп тұқымды жемістер:
А) құрғақ;
В) жидек тәрізді;
С) Жидек;
Д) сүйекті;
Е) шырынды
7. Асқабақты жемістер:
А) қияр, қарбыз, қауын;
В) қарақат, картоп, баклажан;
С) апельсин, мандарин.
Д) алма, алмұрт.
Е) шие, өрік.
8. Сүйекті шырынды жеміс:
А) шие, алхоры,
В) бадам;
С) алма, беже;
Д) картоп, баклажан;
Е) қияр, қауын.
9. Құрғақ жеміс:
А) беже;
В) асқабақ;
С) шие;
Д) асбұршақ;
Е) алмұрт.
10. Қос ұялы, ішінде ұзынша тартылған жұқа жарғақты пердесі бар:
А) бұршаққап;
В) бұршаққын;
С) қауашақ;
Д) дәнек;
Е) жаңғақ.
11. Бір ұялы, тұқым саны бір не бірнеше құрғақ жеміс:
А) бұршаққап;
В) бұршаққын;
С) қауашақ;
Д) дәнек;
Е) жаңғақ.
12. Бір, үш, бес және көп ұялы, көп тұқымды құрғақ жеміс:
А) бұршаққап;
В) бұршаққын;
С) қауашақ;
Д) дәнек;
Е) жаңғақ.
13. Жел арқылы таралатын, жеміс серігінің біраз бөлігі жұқарып, қанатқа айналған:
А) Дәнек;
В) қанатты жеміс;
С) тұқымша;
Д) жаңғақ;
Е) жинақталған жеміс.
14. Жеміс серігі ағаштанып қатайып кеткен, тұқымдары жеміс серігімен бірікпей бос жатады:
А) Дәнек;
В) қанатты жеміс;
С) тұқымша;
Д) жаңғақ;
Е) жинақталған жеміс.
15. Ананас, тұт, інжір:
А) Дәнек;
В) қанатты жеміс;
С) тұқымша;
Д) жаңғақ;
Е) жинақталған жеміс.
16. Жатынның тұқым бүршігінен дамиды:
А) тұқым;
В) ұрық;
С) қауыз;
Д) кіндік;
Е) жарнақ.
17. Тұқымды кеуіп кетуден, мезгілсіз өнуден, зақымданудан, шіруден сақтайды:
А) тұқым қауызы(қабық),
В) жарнағы;
С) эндоспермі;
Д) тұқым кіндігі;
Е) ұрығы.
18. Қос жарнақты өсімдік:
А) пальма, құртқашаш;
В) күріш, күнбағыс;
С) асқабақ, қияр;
Д) қауын, тары;
Е) қарбыз, жүгері.
19. Алғашқы тамырша, алғашқы сабақша, алғашқы бүршікшеден тұрады:
А) тұқым;
В) ұрық;
С) дәнек;
Д) жарнақ;
Е) сабақ.
20. Тұқымның өнуіне, шығымдылығын с ақтауға, бөртуіне қажет:
А) су;
В) жылу;
С) ауа;
Д) жарыҚ;
Е) топырақ.
21. Мақта, темекі өнеді:
А)+150
В)+100
С) 1 - 50С
Д) 0 - 50С
Е) 10С
22. Қос жарнақты өсімдіктерде тұқымды қорекпен қамтамасыз ететін:
А) жарнақ;
В) эндосперм;
С) дән;
Д) ұрық;
Е) жапырақ.
23. Тұқым өнген кезде құрғақ затының неше пайызы кемиді
А) 1 - 2;
В) 2 - 3;
С) 3 - 5;
Д) 5 - 10;
Е) 3 - 10.
24. Тұқымның тыныс алуы тоқтайды:
А)- 20 - 250С - та;
В) 10 - 120С
С)+ 300С
Д) +50С
Е) кез келнен температурада.
25. Өсімдік тыныс алады:
А) Оттегімен;
В) Көмір қышқыл газымен;
С) ауамен;
Д) сутекпен;
Е) азотпен.

Атырау облысы,
Қызылқоға ауданы,
Қаракөл орта мектебі
Бақтыкереева Нұргүл Рысқұлқызы
Биология және химия пәні мұғалімі
Биологиядан қайталауға арналған тест сұрақтары жүктеу
9 875
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өсімдік ұлпалары
Өсімдік ұлпалары
Өсімдіктерге тән алты ұлпаның (түзуші, жабын, негізгі, тірек, өткізгіш, бөліп шығарушы) түрлерімен таныстыра отырып, әр ұлпаның атқаратын қызметі мен бір - бірінен айырмашылығын түсіндіру.
Өсімдіктер дүниесі. тест 6 сынып
Өсімдіктер дүниесі. тест 6 сынып
Өсімдіктер дүниесі. Биологиядан тест жұмысы.
Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі түсініктері
Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі түсініктері
Өсімдіктер мен пен жануарлар ағзаларындағы жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі арасындағы өзара байланыстарды анықтап, тақырыпты өз бетінше дұрыс түсіндіре алады.
Өсімдіктің өсімді (вегетативті) мүшелері. Тамыр және тамыр жүйесі
Өсімдіктің өсімді (вегетативті) мүшелері. Тамыр және тамыр жүйесі
Жасушалары бір-бірімен тығыз жанасқан, алғашында тірі, біртіндеп қабықшасы қалындап өлі жасушаларға айналады; су мен улы газдарды ішке өткізбейді; өсімдікті ыстықтан, суықтан, қатты желден қорғайды.
Өсімдік ұлпалары. Өткізгіш және бөліп шығарушы ұлпалар
Өсімдік ұлпалары. Өткізгіш және бөліп шығарушы ұлпалар
Барлық тірі ағзалардың (өсімдіктер, жануарлар) денесі жасушадан тұратындығы жайлы алдыңғы тақырыпта айтқанбыз. Тіпті денесі бір ғана жасушадан тұратындар да көпжасушалы ағзалар сияқты қоректенеді, тыныс алады, өседі, көбейеді, қозғалады,
Өткізгіш және бөліп шығарушы ұлпалар
Өткізгіш және бөліп шығарушы ұлпалар
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Солнечный поселкесі, №28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектептің биология пәні мұғалімі Есекеева Жанат Оразбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×