Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жүрек қан тамыр жүйесінің аурулары

12 сәуір 2013, Жұма
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: Жүрек қан тамыр жүйесінің аурулары.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өз бетімен білімін толықтырып, ойлау қабілеттерін дамыту. Пәнге деген көз – қарасын, білімге деген құштарлықтарын, адамгершілік қағидаларын бойына сіңіру.
Көрнекіліктер: « Жүректің құрылысы», «Қан айналым жүйесі», сигнометр, фенендоскоп сызбанұсқалары.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Жаңа сабақ түсіндіру.
Пысықтау.
Үйге тапсырма беру.
Эпиграф. Қан айналады жүректің әмірімен,
Қан тілдеседі жүрек деген тәңірімен.
Ақ түсті мөлдір және қызылданып,
Адамға күш береді пәрменімен.
І білім деңгейін көрсету кезеңі, яғни тірек – сызба нұсқаларды 3 – оқушыға тарату.

1) Қанның қызметі
Қан

Тіршілік көзі
Дене қорғанысы
Қоректендіру қызметі
Дене t тұрақтылығын сақтайды
23 секундта 1 – рет айналады
Гуморальді реттеуші
Гормондарды тасымалдаушы
О2 жеткізіп, СО2 тазартады
Қызыл түсті сұйықтық
Мүшелерді байланыстушы

2) Иммунитет
↓----------------------------------------------------------------↓
Жасанды ----------------------------------------------- Табиғи
Белсенді ----- Енжар -------------------------------- Туа ------ Жүре

Қан айналым мүшелері
Жүрек ------------ Көк тамыр
Көк тамыр

Артерия
Вена
Капилляр

ІІ Кезең. Мінезімізді қанымыздан білу. Өзіңді танып біл!
Шығармашылық жұмыс
І топ қаны. Бұл топқа жататын адамдар ырымшылдыққа қарсы, жігерлі, табанды, әзіл – сықаққа бейім, өмірдегі құбылыстарға көзін ашып қарайтын, айқындықты ұнататын болып келеді.
ІІ топ – сезімтал, сәл нәрседен көңілі қалғыш, сырттай қарағанда ұстамды әрі байсалды болып көрінгенімен, жүйкесі жұқалау. Өзіне – өзі талап қойғыш, өз іс – әрекеттерін мұқият бақылап отырады.
ІІІ топ – сенімшіл, өзін қоршаған ортаға сезікпен қарайды, сары уайымға жиі салынады. Бірақ сабасына тез түсіп, болған жайтты тез есінен шығарады.
ІV топ – көздеген мақсатына жетуге жан – тәнін аямайды, басқа адамдарды өз мақсатына пайдалануға шебер, махаббат мәселесінде шыдамсыз, әрі табансыз.

ІІІ кезең. Венн диаграммасы.
● Эритроциттер:
Қанның 1мм³ көлемінде 4, 5 – 5 млн эритроцит болады. Тегершік пішінді ядросыз, геннен және глобиннен тұратын қанның қызыл түйіршігі. О2 СО2 тасымалдайды. 120 күн тіршілік етеді
● Ортақ белгілер
Қан клеткалары сүйек кемігінде түзеледі.
● Лейкоциттер:
Қанның 1мм³ көлемінде 4 – мың лейкоциттер болады. Амеба пішінді. Ядросы бар, қанның ақ түйіршігі микробтарды жойып, қорғаныштық қызмет атқарады. 12 – 15 күн тіршілік етеді.

ІҮ. Суреттер қан айналымы шеңберін көрсетіп, анықтама бере отырып, мазмұның сұрау.
Ү. Жаңа сабақ меңгеру кезеңі.
1. Жұмбақ.
Жанды мотор сынбайды,
Күні – түні тынбайды.
Кейде оның жүрісін,
Дәрігерлер тыңдайды.
(Жүрек – сердце)

Тарам – тарам бір ғалам,
Ақыш – ұйқыш шырмалған.
Толған ағыс тоқтаса,
Жоғалады бірге адам.
(қан тамыры – кровеносный сосуд)

Қан қысымынан болатын аурулар.
Гипертония --------Инфаркт ------------------------Инсульт ----------------Гипотония
көтерілуі -------Өлі жүрек бұлшық еттері ------Миға қан құйылу -------Төмендеуі

Мектебіміздің мейірбикесі Рақымжанова Ү. К. бүгінгі сабақ қонағымыз, қан қысымы өлшеу құралымен таныстырып, бір оқушының қан қысымын өлшеп тексеру.
Қан кеткенді алғашқы көмек түрлерімен таныстыру. Мысалы: Ата – бабамыз қанды киіз күйдіріп басу.
Қан аурулары:
Қан аздық (анемия) Ақ қан – қанда лейкоциттердің шамадан тыс көбейуі
1. Темірдің жетіспеуі
2. Қансырау
3. Тамақтан темірді сіңіре алмау.

Жүрек – қан тамыры жүйесі ауруларынан қаупін тудыратын факторлар.
1. Жүйке жүйесінің зорығуы.
2. Аз қимылдау.
3. Дұрыс тамақтанбағанда.
4. Алкоголь және никотиннің әсері.
5. Гигиеналық талаптарды сақтамағанда.

Алдын алу шаралары:
1. Жеке бас гигиенасын, күн тәртібін сақтау.
2. Тиімді тамақтану.
3. Зиянды әдеттерден аулақ болу.
4. Денені шынықтыру.

«Ақша жоғалтсаң – ештеңе де жоғалтпағаның, уақыт жоғалтсаң көп нәрсені жоғалтқаның, денсаулығыңды жоғалтсаң – бәрін жоғалтқаның» - демекші оқушылардың өз денсаулықтарына немқұрайлы қарамауын, бірінші байлық – денсаулық екенін ұмытпайық.
Үйге тапсырма беру: §35 123 – 125 беттер
Бағалау.
15 501
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Қанайналым мүшелері. Жүрек және қан тамырларының құрылысы
Қанайналым мүшелері. Жүрек және қан тамырларының құрылысы
Ағзадағы қан айналымының маңызын, жүректің құрылысы және қантамырлар туралы білімді меңгеру. Білімдерін жадында сақтау қабілетін жетілдіру, зейін қойып тыңдауға үйрету, өз беттерінше ізденуін қалыптастыру. Сабаққа белсенділіктері мен
Жүрек және қан тамырлар жүмысының реттелуі. Жүрек жұмысының  автоматизмі. Орталық жүйке жүйесінің қатысуымен жүрек жұмысының рефлексті реттелуі
Жүрек және қан тамырлар жүмысының реттелуі. Жүрек жұмысының автоматизмі. Орталық жүйке жүйесінің қатысуымен жүрек жұмысының рефлексті реттелуі
Жүрек жұмысы, қантамырлар және олардың құрылысын, қызметтерін, үлкен және кіші қан айналым шеңберлерін еске түсіре отырып, жүрек жұмысының автоматизмі туралы түсініктер беру.
Жүректің құрылысы. Қан тамырлары
Жүректің құрылысы. Қан тамырлары
№41 жалпы білім беретін орта мектебінің биология пәні мұғалімі Шауменова Рахима
Жүрек – қан айналым мүшесі
Жүрек – қан айналым мүшесі
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы №32 мектеп – гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Тоғымбаева Айнұр Әбдімүнәпқызы
Жүректің құрылысы мен қызметі
Жүректің құрылысы мен қызметі
Қарағанды облысы, Саран қаласы, Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалык колледжінің мұғалімі Смаилова Гульзада Жумасатовна
Ағзаның ішкі ортасы
Ағзаның ішкі ортасы
Караганды облысы, Сәтбаев қаласы Адамьянова Шолпан Советовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×