Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Ғажайып саяхат"

05 ақпан 2023, Жексенбі

Мұғалім: - Балалар бүгін біз ғажайып саяхатқа барамыз.
Барғыларын келе ме?
Балалар: - ия
Балалар қарандаршы мынау ненің суреті?
Балалар: - ұшақ - кілемнің суреті.
Мұғалім балалармен ұшақ - кілемге отырып ұшады.
Фонетикалық жаттығу
– Кілеміміз ұшады, бетімізді жел соғып у - у - у дыбыс шығарады.
– Міне, біз дәл бұлттың арасынан ұшып келе жатырмыз, ал кілем күшейіп келеді: «р – р – р»
- Міне біз керемет хайуанаттар бағына ұшып бара жатырмыз, кілеміміз тоқтап, «т - т - т» дейді.
Ұшақ ұшып жатыр, ызылдайды - [ы - ы - ы]
Ал жылан жорғалап, ысқырады - [с - с - с]
Гүлдегі ара ызылдайды - [з - з - з]
Пеш үстіндегі шәйнек ызылдайды - [ш - ш - ш
Ойын "Аңдарды тап" балалар хайуанаттар бағындағы тығылып қалған аңдарды бір құлағы, көзі, немесе құйрығы арқылы табады.
Балалар суреттерге қарап дене мүшелері мен бейнесі, терісінің түстері арқылы толық сөйлем айтып аңдарды табады арыстанның құйрығы, банан ұстаған маймылдын қолы, аюдың басы, пілдің кұлағы т. б осылайша балалар хайуанаттарды табады.

Жарайсындар, балалар!
Сергіту сәті
Ормандағы аю, қонжық, ұялардан бал іздеді.
Мойындарын оңға бұрды, мойындарын солға бұрды,
Орман ішін аралады, ағаштарды шайқап көрді.
Оңға бір, солға бір, ағаштарды байқап көрді.
Аяқтарын көтеріп ап, қуанғаннан билей берді.
Оңға бір, солға бір, қуанғаннан билей берді

Сергіту жаттығуын орындайды.
Балалар, осы ғажайып хайуанаттар бағында Боб есімді мейірімді құртақан жұмыс істейді, өкінішке орай, оның жұмысы көп ол сендерден көмек сұрады. Жануарларды тамақтандыру керек, оған көмектесейік! Бірақ бізде барлық тәттілерге жеткілікті екенін білу үшін хайуанаттар бағында қанша жануар бар екенін және қанша көкөніс пен жеміс бар екенін санау керек.
(балалардан көкөністерді, жемістерді, жануарларды қайта санауды сұрау. Жеке бекіту)

"Аңдарды тамақтандыру" ойыны "Луллия"шеңберлері
- Балалар, маған аңдарды тамақтандыруға көмектесіндерші. Міне, мен бір нәрсені ұмытып кеттім, кім не жейді, нені ұнатады, сендер маған есте сақтауға көмектесесіндер. Аңдарды жақсы көретін тағамына қосыңдар. (Балалар айналмалы шеңберлер арқылы жануарлар жейтін тағамдардың суреттерін сәйкестендіреді)
Жарайсындар, балалар! Боб есімді құртақан сендерге рахмет айтады.

1 334
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғарыш әлеміне саяхат
Ғарыш әлеміне саяхат
Ғарыш, Ғарышкерлер туралы түсініктерін кеңейту
Жабайы аңдар
Жабайы аңдар
Жан - жануарларды қорғау оларға қамқор болуға тәрбиелеу, неліктен жабайы деп аталатынын түсіндіру.
Ұшақ
Ұшақ
Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы, №1 «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі Машаева Ақкенже Баделқызы
Жабайы жануарлар
Жабайы жануарлар
Балалар біздің балабақшамызға қонақ апайлар келіпті кәне амандасайық!
Хайуанаттар бағында
Хайуанаттар бағында
ШҚО, Өскемен қаласы, №26 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Рахимова Арайлым Сабикановна
Жабайы аңдар
Жабайы аңдар
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Сарат орта мектебінің мектепалды даярлық топ тәрбиешісі: Жұмабек Гүлсана Сатқарбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×