Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Италия

05 қаңтар 2017, Бейсенбі
Категориясы: География
Тақырыбы: Италия
11 сынып
Мақсаты: 1. Оқушыларға экономикалық географиялық жағдайы және құрамы, табиғаты, табиғат ресурстары, халқы туралы ұғындыру.
2. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
3. Оқушылардың өз бетімен ізденуіне, ұқыптылыққа, картамен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Әдісі: Іздену, топпен жұмыс
Түрі: Аралас
Көрнекілігі: Саяси карта, кескін карта, тест, слайд, кесте.

Жүру барысы: Ұйымдастыру.
Оқушыларды түгендеу.
Үй тапсырмасын тексеру.
І топ.
1. Гүл шоғын құрастыру, гүлдер мен ағаштардың бұтағын орналастыру өнері - икебана, қыл қаламмен және тушпен көркем жазу өнері - каллиграфия, қағазбен жібекке сурет салу, өзіндік храмдар мен саябақ архитектурасы, көлеңке театры, шай дайындау рәсімі, әйел киімі, ауыр салмақтылар күресі, ас дайындау, сияқты дәстүрлермен ерекшеленетін елдің бірі.(Жапония)

2. Жер көлемі бойынша Ресей мен Канададан кейінгі 3 орында ал халық саны жөнінен 1 орында. Астанасы Пекин. Бұл қай ел? (Қытай Халық Республикасы)

Бұл – фламенко мен фиестаның елі. олардың көпшілігі католиктер. Сондықтан болар діни мейрамдар ұлттық киім киіп, музыка және би шеруімен өткізіледі. Елдің шаруашылығының айрықша саласы коррида үшін арнайы бұқалар өсіреді. Бұл қай ел? (Испания)

3. Бұл ел өз елін «гексагон»(алтыбұрыш) деп атайды бұл ел өзінің ұлттық асханасымен ерекшеленеді. Айтулы тамақ ретінде жұпар иісті шөптермен қуырылған құрбақаның аяқтары таңқалдырады. Бұл елде ірімшікті сүймейтін адам жоқ шығар.(Франция)

4. Бұл елде өздерінің ұлттық әдет – дәстүрлерін сақтап қалған. Қазіргі кездің өзінде ортағасырлық киім үлгілері сақталған. Мысалы сот кезінде заң өкілдері міндетті түрде парик пен мантия киюі қажет болса, ежелгі университеттерінің профессорларын қызғылт астарлы қара мантия мен төртбұрышты бас киіммен көруге болады. Ұлттық мерекелер кезінде ер адамдар мен жасөспірімдер дәстүрлі шақпақ өрнекті белдемше (килт), аяғына темір таспалы дөрекі башмак киеді. (Ұлыбритания)

ІІ топ.
Кесте толтыру

Тапсырмалар Орындары
Мата өнеркәсібі (І орын)
Машина жасау өнеркәсібі (І орын)
Мұнай (???)
Химия өнеркәсібі (ІҮ орын)
Ауыл шаруашылық өнімдерін сыртқа шығару (ІІ орын)
Бидай өнімдерінен (Ү орын)
ЕО теміржолдар (І орын)
ЕО көлемі (ІІ орын)

ІІІ топ «Кім жылдам»
1. Мақта өнеркәсібінің негізгі орталықтары (Мюлуз, Труа, Лион, Париж)
2. Ірі дән өндіруші болып табылатын Батыс Еуропа мемлекеті (Франция)
3. Сауда әріптесі (Германия)
4. Қазақ - француз бірлестік кәсіп орындары қанша (103)
5. Францияда ірімшіктің неше түрі шығарылады? (400 )

Жаңа сабақ
Жоспары:
1. Экономикалық жағдайы мен құрамы.
2. Табиғаты және табиғат ресурстары.
3. Халқы
4. Қорытынды.
Оқулықпен жұмыс
«Бірін - бірі оқыту» топтық жұмыс

Топқа тақырыпты бөліп беру арқылы бірін - бірі оқыту.
Шарты:
І топқа. Францияның географиялық орны және құрамы.
ІІ топқа. Табиғаты және табиғат ресурстары.
ІІІ топқа. Халқы.
Оқушылар өз мәтіндерін түсіндіріп, сұрақтарға жауап береді және қорытындысын шығарып, спикер сайлайды. Берілген тақырыпты спикер қорғайды

І топқа Семантикалық карта
2. Оқулық мәтініндегі сандық мәліметтерді пайдаланып: Ә) еңбек ресурстары құрылымын бейнелейтін дөңгелек диаграммаға құрастыру.

ІІ топқа
Картамен жұмыс
Италияның шекарасы, Шектесетін мемлекеті, Астанасы, ірі қалалары

ІІ топқа
1. Сәйкестігін табу
Альпі -------------------- жанартау
Этна --------------------- ойпат
Падан ------------------- саябақ
По ------------------------ қала
Гран - Парадизо ----- тау
Милан ------------------ өзен

ІІІ топқа
1. Италиядан шыққан қандай атақты ғалымдарды, музыканттар мен суретшілерді білесіңдер?
2. Бұл ел дүниежүзілік өнер мен мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан елдің бірі. Олар әсіресе музыка саласындағы жетістіктері таң қалдырады. ХІ ғасырда монах Г. Ареццо нотаны ойлап тауып, жеті нотаға ат берді. ХҮІ ғасырда бұл елде алғашқы опера дүниеге келді. Жаңа жылға қарсы ескі заттың барлығын терезеден лақтырады. Сүйікті тағамдары - макарон. (Италия)
2. Оқулық мәтініндегі сандық мәліметтерді пайдаланып: а) халықтың жас құрылымын бейнелейтін дөңгелек диаграммаға құрастыру.

Постер қорғау. Шығармашылық жұмыс. Слайд жасау
І топ. Экономикалық географиялық жағдайы.
ІІ топ. Табиғаты
ІІІ топ. Халқы
Үйге тапсырма: Хабарлама. « Италияның тарихы және мәдени ескерткіштері»
Бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 321
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Беларусь Республикасы
Беларусь Республикасы
Беларусь Республикасының географиялық орны, табиғаты және табиғат ресурстары, халқы, шаруашылығы, сыртқы экономикалық байланыстары жөніндегі түсінік беріп, білім негізін қалыптастыру.
Еуропаның халқы
Еуропаның халқы
Еуропаның халқы, тілдік, діни, ұлттық, жастық, жыныстық құрамдары, еңбек ресурсы жөнінде түсіндіру. Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Ұлыбритания
Ұлыбритания
Ұлыбританияның экономикалық - географиялық сипаты, табиғат жағдайлары мен ресурстары, халқы туралы білім беру. Ұлыбританияның ЭГЖ - ң басты ерекшеліктері, геосаяси жағдайының қолайлығы, табиғат ресурстарының түрлері, табиғи ортаны қорғау шаралары
Жапония шаруашылығы. Сыртқы байланыстары
Жапония шаруашылығы. Сыртқы байланыстары
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Аудандық білім бөлімінің әдіскері Елғондина Гүлжанат Базарбайқызы
Түркия мемлекетінің құрамы мен құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы
Түркия мемлекетінің құрамы мен құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Бейнеу селосы, «Бейнеу гимназиясы» мемлекеттік мекемесінің география пәні мұғалімі Иниргалиева Нургул Нуровна
Үндістан. Мемлекеттік құрылымы мен құрамы. Табиғат  жағдайлары мен ресурстары
Үндістан. Мемлекеттік құрылымы мен құрамы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары
Байқоңыр қаласы, № 8 Ю. А. Гагарин атындағы мектептің География пәні мұғалімі Измамбетова Айбарша Итеменовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×