Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үндестік заңы, буын үндестігі (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)

09 қыркүйек 2016, Жұма
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 5 сынып.
Тақырыптар:
56. Үндестік заңы, буын үндестігі
57. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар
58. Басқа тілден енген сөздерге жалғанатын қосымшалар
59. Дыбыс үндестігі
60. Орфография мен орфоэпия


Сабақ жоспары
1. Пән аты: Қазақ тілі
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы:
4. Тоқсан: IІІ
5. Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Үндестік заңы, буын үндестігі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушылардың үндестік заңы, буын үндестігі туралы түсінік беру, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың фонетика жайындағы, тіл дыбыстары және олардың түрлері туралы және үндестік заңы, буын үндестігі туралы ұғымдарын кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту, талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте, үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасын тексеру:
1Тасымал туралы түсінік.
2. 313 - жаттығу

ІІІ. Білім тексеру
Терме диктант
Батыр адам беліне қадалған оқты өз қолымен жұлып алып, лақтырып жіберді де, ол ет қызумен шаба берді, жақын қалған жүздікке ұшырасқанша, жараланғанын білдірген жоқ... Енесей мен Ұлпан, Несібелі – үшеуі қастарында төрт жігіт жолдастары бар, Артықбай ауылына салт шығып, мөлшерлі жерге жеткенде, үш ат жеккен пәуескемен Тілеміс тосып жүр екен.

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіруге дайындық
4. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау

V. Жаңа сабақ
Қазақ тілінің дыбыстары сөз ішінде және сөз бен қосымшаның, сөз бен сөздің арасында бірімен – бірі үйлесіп, ыңғайласып келіп отырады. Түбір буынның жуан не жіңішкелігіне қарай қосымшаның дыбыстары да жуан не жіңішке болып айтылып тұрады. Мысалы: балалар (балалер емес), үйлер (үйлар емес), ауылға (ауылге емес), көшеде (көшеда емес), т. б.
Қазақ тіліндегі қосымшалар сөздің соңгы дыбысының сипатына қарай бейімделіп жалғанады: мектепте (мектепде емес), үйге (үйке емес), жазда( жазта емес), т. б. Сөйтіп, сөзді бастан – аяқ біркелкі әуезбен айтуды үндестік заңы деп атаймыз.
Үндестік заңы екі түрлі: а) буын үндестігі; ә) дыбыс үндестігі.
Дауысты дыбыс буын құрайтын болғандықтан, сөздегі, сөз бен қосымшалардағы дауыстылардың не бірыңғай жіңішке болып үндесуін буын үндестігі (сингорманизм) деп атаймыз.
Үндестік заңына сай қазақ тілінің байырғы сөздері не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болады. Мысалы: ата, ана, бақыт, баға, сана, намыс, егіз, өріс, төсек, кереге, кілем, т. б.
Жуан, жіңішке дауысты дыбыстар мынадай сөзде араласып келеді:
1) Басқа тілдерден енген сөздерде: кітап, кино, қазір, зағип, матиматика;
2) біріккен сөздер мен қос сөздерде араласып келеді: шекара, баспасөз, аман – есен, алай – түлей, асты – үсті, асығыс – үсігіс, т. б.
Буын үндестігі бойынша қосымша сөздің соңғы буынының жуан – жіңішкелігіне қарай үндесіп жалғасады: соңғы буын жуан болса – жуан қосымша, жіңішке болса, жіңішке қосымша жалғанады. Мысалы: өнер - лі, жет - ер, бақыт - ты, қазір - гі, кітап - ты, математика - дан, т. б.

VІ. Жаңа сабақ бойынша түсінік тексеру.
1. Оқулықпен жұмыс

314 – жаттығу (жазбаша)
* Жуан сөздерді бір бағанға, жіңішке сөздерді бір бағанға жазыңдар.
315 – жаттығу(ауызша)
• Кірме сөздерге қосымшалар жалғануындағы үндестік заңының ерекшелігін айтыңдар..
316 – жаттығу
• Мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып, көшіріп жазыңдар.

VІІ Сабақты бекіту
Өздік жұмыс.

І топ
1. Тасымалдауға болмайтын сөзді және буынды тап.
Ата – ана, жасырынбақ, ат, шебер, бет, талап, көктем, көк, жаз, ай, жұлдыз, мол, айқын.
ІІ топ
1. Төмендегі сөздерді тасымалдауға бола ма?
Электр, станция, ансамбль, вольт.
ІІІ топ
1. қай жағынан оқысаңда бірдей жазылып, бірдей айтылатын сөздер тауып жазыңдар.
2. Төмендегі сөздерге фонетикалық талдау жаса
Жұлдыз, Ұлдай.

VІ. Сабақты қорыту
1. Бағалау
2. Үйге тапсырма:
1. Үндестік заңы, буын үндестігі туралы түсінік
1. 317 - жаттығулар

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын көру
15 641
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Буын үндестігі
Буын үндестігі
Буын үндестігі туралы түсінік беру, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
Екпін, оның түрлері
Екпін, оның түрлері
Екпіннің өзіндік ерекшелігін түсіндіре отырып, оның оқу, сөйлеу нормасына тән құбылыс екеніне білдірту, екпін түрлерін ажырата білгізу. Фонетикалық білім дағдыларын қалыптастыру.
Қазақ тілінен ережелер (1 – 11 сыныптар үшін)
Қазақ тілінен ережелер (1 – 11 сыныптар үшін)
Фонетика – тіл туралы ғылымның бір саласы. Онда дыбыстар, екпін және буын, үндестік заңы қарастырылады. Қазақ тілінде 42 әріп және 37 дыбыс бар.
Ашық және қысаң дауыстылар (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Ашық және қысаң дауыстылар (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Жақтың ашылу қалпына қарай дауысты дыбыстар ашық және қысаң болып екіге бөлінеді. Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды ашық дауыстылар дейміз. Олар: а, ә, о, ө, е, э.
Қазақ тілінің ережелері 1 - 11 сыныптар үшін
Қазақ тілінің ережелері 1 - 11 сыныптар үшін
Қостанай облысы, “Боровской санаторлық мектеп – интернаты” Бегайдарова Гүлжихан Серікбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×