Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Д. Исабеков «Ата үміті». Кейіпкерлер бейнесі.

15 мам 2018, Сейсенбі
Әдебиет
Тақырыбы: Д. Исабеков «Ата үміті». Кейіпкерлер бейнесі.
Мақсаты: Әңгімедегі кейіпкерлер бейнесіне талдау жасау, өз ойын жүйелі жеткізе алуға, сыни ойлауға үйрету. Зұлымдық, жауыздық, қатыгездік, қаскөйлік сияқты жаман қасиеттерден жирендіре отырып, ізгілік жолына тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Әңгіме мазмұны бойынша кейіпкерлердің іс - әрекетін бағалайды, сыни ойлайды. Топтық жұмыста ЖАДА бойынша өз құрдастарына қол ұшын береді. Өз көзқарасын анық жеткізеді, түйінді ойын айтады.
Негізгі идеялар: Әңгімедегі адамгершілік, ізгілік мәселелері.

7 модульдің қолданылуы: АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Диалогтік оқыту: зерттеушілік әңгіме, ашық тест, ыстық орындық, рафт, эссе.
Қолданылатын ресурстар: Флипчарт, маркерлер, тақта, стикерлер, оқулық, таныстырылым.
Сабақ барысы
Орындалатын іс – әрекеттер
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
- Сәлем досым. (Қол алысады).
- Сен қалайсың?(Иығынан ұстайды)
- Қайда болдың? (Қайда болдың?)
- Мен сені сағындым.(Қолын өзінің жүрегіне қояды)
- Сен келдің.(Қолымен көрсетеді)
- Жақсы болды (Құшақтасады).

Топқа бөлу
Бүгінгі сабақта адам бойындағы асыл қасиеттермен топқа бөлінеміз. Олай болса үстел үстіндегі қима қағаздарды алып, кімге қандай қасиет түссе сол топқа барып отырасыңдар. Адамгершілік, адалдық, еңбекқорлық, кешірімділік.
І. Қызығушылықты ояту
1. Түрткі сұрақтар қою
Бүгінгі сабағымыз сіздердің жүректеріңе ізгілік нұрын құйсын. Біз қазақтың көрнекті жазушысы Дулат Исабековтың қай уақытта да күн тәртібіне түспейтін адамгершілік мәселесін көтерген «Дермене» хикаятынан үзінді «Ата үмітін» өткен болатынбыз. Бүгін кейіпкерлер бейнесіне талдау жасап, ізгі қасиеттер туралы ой қозғаймыз.
Өткен сабақта шығарма мәтінімен таныстыңыздар.
1. – Шығарманың авторы жайында не білеміз?
2. – Оқиға қашан, қай жерде өтеді?
3. – Дермене дегеніміз не?
4. – Қалай ойлайсыздар, үзінді неге «Ата үміті»деп аталған?
5. – Әңгімедегі обал, сауап, арам, адал деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?

2. Сынықтан өткізу сұрағы.
Ашық тест
1. Мені, мені шотпен ұрмақ! Аха - ха - ха... Катюшамен атпаса анау - мынау мылтыққа өле қоймаймын................................
2. «Құдайдың ұрған жері осы болды. Мынау асығатын емес».........................
3.... заманынан келе жатқан сары самаурын әндете ызылдады.......................
4. Тоқсанбай шал үйіне келген соң не істеді?..............................................
5. «Ергешжанның атын атап келіп тұрған соң жеті сомын соларға бердім»....................................
6. Ауыл шалдарын ауызашарға шақырғандағы Тоқсанбайдың ойы не еді?........
7. Тоқсанбай қарт соғыста неше баласын жоғалтты?................................ 8. Омаш сол бетімен алдына кеп тізерлеп жығылып, еңкілдеп қоя берді. Омаш неге жылады?...........

3. Қайта бағыттау сұрағы
- Тоқсанбай қарт пен Ергешбайдың үш ай уақытының босқа өтуіне кім кінәлі?

ІІ. Мағынаны тану
1. Топтық жұмыс.
«Адамгершілік» тобы: Омаш
« Кешірімділік» тобы: Тоқсанбай қарт
«Еңбекқорлық» тобы: Еркешбай
« Адалдық» тобы: Еркешбайдың әжесі
Топ мүшелері ақылдасып, кейіпкерлер мінезін ашады. Ортада қорғайды.
3. Автор орындығы
Тоқсанбай қарт Омаш
Автор орындығында отырған Тоқсанбай қарт пен Омашқа оқушылар сұрақтар қояды.

ІІІ. Ой толғаныс
1. Рафт
«Бала жүректен бір тілек»

« Кешірімділік» тобы ----------- «Адамгершілік» тобы
Роль – Тоқсанбай ---------- Роль – Оқушы
Аудитория – Омаш ---------- Аудитория – Омаш
Форма – хат ---------- Форма – хат
Тақырып – «Адалдықтың ақ жібі» ---------- Тақырып – «Иесіне қайтар»

«Еңбекқорлық» тобы ---------- «Адалдық» тобы
Роль – оқушы ---------- Роль – Ергешбай
Аудитория – Тоқсанбай ---------- Аудитория – оқушылар
Форма – хат ---------- Форма – хат
Тақырып – «Адамгершілік асыл қасиет» Тақырып – «Үмітін ақтаймын»

2. Түйінді ой айту, қорытындылау.
Өзің - ақ айтшы ғаламда мынау
жеңудің бәрі жеңіс пе?
Оқушылар шығармадан алған сабағын бір ауыз сөзбен немесе мақал мәтелмен түйіндейді.
Аш болсаң да, арыңды сатпа істеген ісіңе сот алдында жауап бермесең де ар алдында жауап бер. т. б.
Үйге тапсырма «Абыройлы, ақ ниет,
Адамдыққа сенемін!» эссе.

Бағалау. Өзін - өзі бағалау, топты бағалау. Формативті бағалау
Рефлексия + - қызықты.

балалар, естеріңде болсын, істеген бұзықтық үшін адам бірінші ар алдында, екінші сот алдында жауап беру керек.
Шығарм Омашты жазалады ма?
Тоқсанбай оны жауапқа тартқызбады, шағымданбады

- Сіз неге дерменені ұрладыңыз?
- Жұмыс жоқ. Тұрмысым нашар болды.
- Сіз сонда өз еңбегімен тапқан дерменешілер жайлы ойлаған жоқсыз ба?
- Жоқ, менің ол кезде ары қарай өмір сүруім үшін, күнделікті жейтін тамағым үшін ақша керек болды.

Тоқсанбай қарт
- Сіз Омашты қайдан білесіз?
- Біз дермене шабуға келгенде Омаш бізді қорқытып, келісімімізсіз - ақ бірге тұрды.
- Сіз неге немереңізді ондайға жібердіңіз?
Қарт: Өйткені біз Омаштан қорқатынбыз. Ол бізді "Ағашқа байлап қоям, суға батырамын" деп қорқытты.
Омашқа мінездеме. Қылмыскер Омаш тағдыр тәлкегіне түскен. Соғыстан кейінгі жағдайды өздеріңіз мен айтпай - ақ білесіздер. Жоқшылықты көрген, тұрмыс жағдайы нашар адам, бұл адамды да түсінуге болады. Өздеріңіз ойлап көріңіздерші, өмірінде бір рет көп ақшаны қолына ұстап көруге, қиыншылық пен жоқшылықтан құтылмақ болады, бірақ Омаш оңайлықпен ақша табам деген қате болғанын біледі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 600
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Азот қышқылы, нитраттар
Азот қышқылы, нитраттар
Тақырып мазмұнын өмірмен байланыстыра отырып түсінуге мүмкіндік беру тақырып идеясындағы мәселелерді жан – жақты іздестіру арқылы баланың шындыққа көзқарасын айқындауға жағдай туғызу.
Адам – мәдениетті жасаушы
Адам – мәдениетті жасаушы
7 модульдің қолданылуы АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Елдің жаңа орталығы – Астана
Елдің жаңа орталығы – Астана
Қазіргі Елорда Астана қаласы жайында, оның тарихы, Алматыдан астананы Ақмолаға көшірудің алғышарты жайында оқушыларға жалпылама мағлұмат беру, Елорда жайында білімдерін кеңейтуге жағдай жасау.
Топтық жұмысты ұйымдастырудағы оқыту үшін бағалаудың тиімділігі
Топтық жұмысты ұйымдастырудағы оқыту үшін бағалаудың тиімділігі
Топтық жұмысты ұйымдастырудағы оқыту үшін бағалаудың тиімділігін айырмашылығын білу, оқушылардың оқуына ықпал ететін оқыту үшін бағалауды іс - тәжірибеде қолдануларына ықпал жасау.
Дулат Исабеков «Ата үміті»
Дулат Исабеков «Ата үміті»
Д. Исабеков «Ата үміті» Кейіпкерлер бейнесі
Қазақша сөйлейміз
Қазақша сөйлейміз
СҚО, Тайынша ауданы, Тайынша қаласының №2 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рамазанова Сырға Қайырбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×